ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
18
Наурыз
2026

Наурыз - жаңару мен жаңғырудың мерекесі! 🌹🌹🌹 Бүгін 2 “В”, 4”Б” және 5”Б” сыныптар аралығында ерекше күн болды.Ұлттық нақышта киініп, қазақтың салт - дәстүрлерін жаңғыртып, мерекені жоғары деңгейде атап өтті

18
Наурыз
2026

Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні!

Бұл күн – халқымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрін айшықтайтын ерекше мереке. Ұлттық киім – ата-бабамыздың талғамы мен шеберлігінің, тарихы мен болмысының айнасы. Қазақтың әрбір ою-өрнегі мен киім үлгісінде терең мән-мағына жатыр.

Осы күні баршаңызды ұлттық киім киіп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге шақырамыз! Ұлттық нақыштағы киімдерімізді мақтанышпен киіп, рухани мұрамызды бірге жаңғыртайық!

18
Наурыз
2026

Мектебімізде оқушылардың тамақтану сапасына бақылау жүргізетін және зерделеу жұмыстарын жүзеге асыратын мектепішілік ведомствоаралық сараптамалық топ кезекті тексеріс өткізді.

Тексеру барысында дайын тағамдардың сапасы, дәмдік қасиеті, сыртқы көрінісі, температуралық режимі және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі мұқият қаралды.

Тексеру нәтижесінде ыстық тамақтың барлық талаптарға сай екені анықталып, ешқандай ескерту мен кемшілік тіркелмеді.

Оқушылардың дұрыс әрі қауіпсіз тамақтануы – басты назарда

17
Наурыз
2026

Наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз — Шаңырақ күні 🏡
Бұл — бірлік пен отбасы құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке!

Осы айтулы күнге орай 2 “Ә” сыныбының оқушысы Бекболат Раянаның ата-анасы Жанатхан Бекболат пен Сержан Жаңагүл белсене қатысып, ұлттық дәстүрлерімізді насихаттауға өз үлестерін қосты.

Мұндай игі бастамалар әр шаңырақтың берекесін арттырып, қоғамдағы татулық пен сыйластықты нығайта түседі.

Баршаңызды Шаңырақ күнімен құттықтаймыз!
Әр шаңырақта қуаныш, береке және бірлік болсын! ✨

18
Наурыз
2026

1 ә сынып оқушыларына “Ұлыстың Ұлы күні -Наурыз” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Оқушылармен ұлттық салт- дәстүр және ұлттық ойындар ойнатылды. Наурыз мерекесіне сай би өлең жолдары да айтылып мерекелік көңіл күй сайланды.
Сынып жетекшісі: Зарыкхан Г.
Сынып тәрбиешісі: Манзулова Д.

17
Наурыз
2026

Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз-Мәдениет және салт-дәстүр күніне орай халқымыздың
«Қазақтың салт-дәстүрлері: Қырқынан шығару және Тұсау кесер» тақырыбында тәрбие сағаты өтті 🇰🇿

Оқушылар халқымыздың көнеден келе жатқан асыл мұраларымен танысып, олардың мән-мағынасын түсінді. Қырқынан шығару – сәбидің өмірге бейімделуінің алғашқы кезеңін білдірсе, тұсау кесер – баланың тәй-тәй басқан қадамына ақ жол тілеу дәстүрі.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – ұрпақ тәрбиесінің негізі ✨

18
Наурыз
2026

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай 5 “Ә”-сыныбында «Наурыз- жыл басы” сынып сағаты өтті. Өткізген: Д.К.Шитова.

13
Наурыз
2026

Бүгін мектебіміз үшін маңызды әрі тағылымы мол тарихи сәттердің бірі орын алды. «Мектепке тағзым» игі дәстүрі аясында білім ордамызда ұзақ жылдар бойы шәкірт тәрбиелеп, саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған ардагер ұстаз Марқама Тағайқызы Тағаеваның есіміне арналған «Математика» кабинетінің ашылу салтанаты өтті.
Бұл игі бастама – ұрпақтарының ардақты анаға, аяулы ұстазға деген құрметі мен туған мектепке деген шынайы тағзымының жарқын көрінісі. Ұстаз есімін мәңгі есте қалдыру, оның еңбегін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында ашылған жаңа кабинет – білім мен тәрбиенің ордасына айналары сөзсіз.
Сонымен қатар, кабинет заманауи құралдармен толықтырылып, интербелсенді панель, ноутбук және принтер сыйға тартылды. Бұл – білім алушылардың сапалы білім алуына, заманауи технологияларды пайдалана отырып сабақ өткізуге жасалған үлкен қолдау.
Салтанатты шара барысында Тағаева Марқама Тағайқызы атындағы «Математика» кабинетінің тұсаукесер лентасын қию құрметі мектебіміздің ардагер ұстазы Рымтай Капарқызы Алдамбековаға және мектебіміздің үздік аттестатқа үміткер оқушысы Мұхтарова Тоғжанға берілді. Бұл сәт шараға қатысушылар үшін ерекше толқынысқа толы, мәні терең сәттердің бірі болды.
Іс-шараның қорытынды сөзінде Марқама Тағайқызының ұлы Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы мен келіні Мукушева Айтжамал Тұрсынқызы сөз алып, анасының ұстаздық жолы, адамгершілік қасиеттері мен шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі туралы жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Осындай игі істер арқылы ұстазға деген құрмет пен мектепке тағзым дәстүрі жалғасын тауып, ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі көрініс табуда. Жаңа ашылған кабинет талай шәкірттің білім жолындағы үлкен жетістіктеріне бастау болсын!

13
Наурыз
2026

Көрісу күні – Амал мерекесі құтты болсын! 🤝

Бүгінгі көрісу күні – адамдардың бір-бірімен амандық сұрап, ақ тілектерін арнап, өкпе-ренішті ұмытып, жүректерді жақындататын ерекше күн.

Әр шаңыраққа бақ-береке, молшылық пен қуаныш тілейміз.
Дендеріңізге саулық, өмірлеріңізге шаттық, жүректеріңізге жылулық толсын!

Бір жасыңызбен! Жылымыз берекелі, ырысты болсын! 

© 2026. Все права защищены.