|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
29
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 113
Павлодар облысының мәдениет, әдебиет пен өнер саласының дамуына қосқан елеулі үлесі және мәдени әлеуетті нығайту жолындағы жемісті еңбегі үшін
Ахатов Танат Қуанұлы
облыс әкімінің грантымен марапатталды.
Құттықтаймыз! 👏
Павлодар, 2025 жыл

|
27
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 109
Қош келдің, Жаңа жыл! 🎅✨
Бүгін мектебімізде
«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты
ертеңгілік өтті 🎉
Бұл мерекелік шараға
✨ Даярлық I, II топтары
✨ 1 «А», 1 «Ә», 4 «А», 4 «Ә», 4 «Б» сынып оқушылары
қатысып, өнерлерін ортаға салды 💫
Балалардың шат күлкісі мен
жаңа жылдық көңіл күй
баршаға ерекше қуаныш сыйлады
|
29
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 134
Hollywood New Year – 2025 🎄
✨ Қызыл кілем
✨ Жарқын образ
✨ Көтеріңкі көңіл күй
11 «А» және «Ә» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен
🎬 Hollywood стилінде
жаңа жылдық мерекелік кеш өтті ✨
Кешке ұстаздар мен
8–10 сынып оқушылары қатысты 🎄
🎉
💫 Ұмытылмас сәттер бірге!
|
26
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 98
«Ұлттық стайл» жобасы аясында 4 «Ә» сынып оқушылары қазақтың ұлттық нақышын дәріптеп, шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Оқушылар ұлттық ою-өрнектерді пайдалана отырып, сәндік бұйымдар мен қолөнер туындыларын жасады. Бұл жоба балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеледі.
Сынып жетекшісі: Нургалиева Н.
|
27
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 121
Интернат тәрбиеленушілерінің Жаңа жыл мерекесі
Балалардың шат күлкісі, мерекелік көңіл күй мен жылы лебіздерге толы ерекше күн өтті. Жаңа жыл әр балаға үміт, қуаныш және сәттілік сыйласын! 🎁❄️
|
25
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 127
1 «А» сынып – «Этно style» жобасы ✨
Оқушылар ұлттық нақыштағы жұмыстар жасап, қазақ мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттырды 🇰🇿
Сынып жетекшісі: Оралбаева А.А.
|
27
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 128
Жаңа жыл – қуаныш пен үмітке толы мереке!
5–7 сынып оқушыларының қатысуымен
«Жаңа жыл – жаңа жыр» кеші өттіі 🎶
|
24
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 143
Бүгін мектеп асханасында жоспарлы ведомстволық тексеріс жүргізілді. Комиссия мүшелері тағам сапасына, санитарлық талаптардың орындалуына, өнімдердің сақтау мерзімі мен мәзірдің нақтылығына ерекше мән берді. Тексеру қорытындысы бойынша асхана жұмысы талаптарға сай деп бағаланды.
|
27
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 130
Жаңа жылдың жарқын сәттері!
«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілікте
3а, 3ә, 2а, 2ә, 2б, 2в сынып оқушылары
ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл күй сыйлады.
❄️ Балалардың қуанышы – мерекенің көркі!
|
24
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 131
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне төмендегідей бос орындарға қабылдау бойынша конкурс өткізілетінін хабарлаймыз!
Педагог-ассистент – 1 бірлік(160000 тг)
Қосымша білім беру педагогы(шахмат) -0,5 бірлік(80000 тг)
Орналасқан жері - Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, М.Шорманов к-сі, 2 үй.
Электрондық пошталық мекен-жайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Телефон нөмірі–8(718)40 92518
Мерзімі – бос орын.
Кандидатқа тойылатын біліктілік талаптары:жоғары білімді, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс- парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
ЖАЛҒАСЫ⬇⬇⬇






