Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
11
Сәуір
2024
|
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу |
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (бұдан әрі – ББЖМ):
|
ССЫЛКА |
Халықаралық зерттеулер (PISA, PIRLS, ICILS, TIMSS, TALIS) |
|
ССЫЛКА |
Мемлекеттіқ бақылау (мемлекеттік аттестаттау) | - жыл сайын жүргізілетін өзін өзі бағалау материалдарының болуы | ССЫЛКА |
11
Желтоқсан
2023
|
Тәрбиешілер онкүндігінің өтуіне байланысты 3 " б" - 4"в" сынып тәрбиеленушілерімен "Қазақтың ұлттық тағамдары" атты ашық тәрбие сағаты өтті. Өткізген: Молдабекова А.Т.
1
Қараша
2023
|
2 а сынып оқушысы Жұмағали Кәбира «Күзде біз жалықпаймыз,кітап оқимыз»іс-шарасына қатысуда
5
Қазан
2023
|
6 “ә” сыныбы оқушылары "Менің сүйікті ұстазым" конкурсқа белсене қатысуда. Құрметті ұстаздар! Сіздерді кəсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!!
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының
2022-2023 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары
Тәрбие мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Өзін-өзі дамыту, оқушылардың жеке басының өзін-өзі анықтауы, олардың қоғамдағы сәтті әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.
2022-2023 оқу жылындағы тәрбие міндеттері:
1) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.
2) оқушылардың оқу іс-әрекетіне тұрақты ынтасын дамыту, білім беру мен өз бетінше білім алудың өмір мен қызмет үшін маңыздылығын ұғыну.
3) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты, сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты, проблемаларды өз бетінше шешу қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту.
отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу; қазақ және басқа да этностар мен Қазақстанның этностық топтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру.
4) елдің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру.
5) тұлғаның экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқарасын; табиғатты сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымды; экологиялық сауаттылық пен мәдениетті дамыту.
6) тұлғаның экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқарасын; табиғатты сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымды; экологиялық сауаттылық пен мәдениетті дамыту.
7) әлеуметтік маңызы бар балалар, отбасы және ата-ана бастамаларын, балалар қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау.
8) балаларды тәрбиелеуде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін арттыру, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру.
9) балаларды тәрбиелеу саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру.
10) балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.
11) Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қадағалаусыздықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыс істеу, «қатер» тобындағы балаларды мектеп өміріне, сыныпқа, үйірмелер, секциялар сабақтарына барынша тарту.
12) Оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту бағдарламасына сәйкес кеңінен қолдану.
2022-2023 оқу жылына арналған мектептің тәрбие қызметінің басым бағыттары:
- Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.
- Рухани-адамгершілік тәрбие.
- Ұлттық тәрбие.
- Отбасылық тәрбие.
- Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
- Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.
- Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.
- Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Жоспарланған нәтижелер:
- •Түлектің патриот азамат ретіндегі моделі, білімді адам, еркін, мәдени, адамгершілік, өзін-өзі дамытуға қабілетті тұлға, әлеуметтік жетілу, өз іс-әрекеті үшін жауапкершілік, жеке тұлғаны сезіну, қоғамдық тану қажеттілігі, қажетті білім деңгейі. Оқушылар ұлттық құндылықтар туралы түсініктерін қалыптастырды.
- • Оқушылар жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағытталған оқушылардың өзін-өзі басқарудың ұжымдық шығармашылық қызметіне белсенді қатысады.
- • Тәрбие жұмысының жүйесін тақырыптық кезеңдерге батыру арқылы ұйымның арқасында барынша ашық, қисынды болды; мұндай жүйе тәрбие жұмысының әрбір бағытын іске асыруға бағдарланған.
- • Оқушылардың ең көп саны қосымша білім беру жүйесіне енгізілген. Үйірмелерде сабақтарды ұйымдастыру адамның таным мен шығармашылыққа деген ынтасын дамытуға бағытталған.
- • Сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігі мен өзін-өзі тәрбиелеуге деген ынтасы артты, соның арқасында сыныптардағы тәрбие жұмысының тиімділігі артты.
- • Оқу процесінің тиімділігін бақылау жүйесі оқу процесінде болып жатқан өзгерістерді және оларды тудыратын факторларды уақтылы анықтауға және талдауға мүмкіндік береді.
- • Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті арттырылды, жұмыс жүйесі ата-аналардың шығармашылық әлеуетін ашуға, Отбасы дәстүрлері мысалында отбасылық тәрбиені жетілдіруге, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін күшейтуге ықпал етеді.
Циклограмма бойынша сынып сағаттарын өткізу (әр сәрсенбі сайын).
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесідей құжаттарға сәйкес жүргізіледі:
№ |
Тәрбие жұмысының атауы |
Аяқтау нысаны |
Жауаптылар |
Орындау мерзімі |
|
|
|||
1 |
«Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/; |
|||
2 |
Қазақстан Республикасының Конституциясы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/S1100000002 |
|||
3 |
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV |
|||
4 |
2030 жылға дейінгі ҚР отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы |
|||
5 |
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 |
|||
6 |
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV |
|||
7 |
«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР Заңы 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VI |
|||
8 |
Туралы» ҚР Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319 |
|||
9 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы |
|||
10 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері |
|||
11 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері |
|||
12 |
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы);
|
|||
13 |
«Орта білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығы); |
|||
|
|
|
|
|
ІІ. Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету
|
||||
|
|
|
|
|
ІII. Іске асыру тетіктері: тәрбиенің басым бағыттары бойынша іс-шаралар |
||||
1. Бағыты: Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие |
||||
|
|
|
|
|
2. Бағыты: Рухани-адамгершілік тәрбие |
||||
|
|
|
|
|
3. Бағыты: Ұлттық тәрбие |
||||
|
|
|
|
|
4. Бағыты: Отбасылық тәрбие |
||||
|
|
|
|
|
5. Бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялықтәрбие |
||||
|
|
|
|
|
6. Бағыты: Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу |
||||
|
|
|
|
|
7. Бағыты: Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие |
||||
|
|
|
|
|
8. Бағыты: Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты |
||||
Басқа бағыттар |
Жұмыс бағыттары |
Іс-шаралар |
Өткізу мерзімдері |
Қатысу шылар |
Жауапты мұғалімдер |
Аяқтау нысаны |
Қыркүйек |
|||||
Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие |
Білім күні. «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" |
01.09. |
1-11 |
Басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сынып жетекшілер. |
Саптүзеулер кестесі. Іс – шараның әзірлемесі. Ақпарат |
«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" тақырыбында |
01.09 |
2-11 |
Сынып жетекшілер. |
Фото, мәлімет |
|
«Адалдық сағаты» |
07.09 |
7-11 |
Сынып жетекшілер. |
Фото, мәлімет |
|
Жоба бойынша жұмыс 1.«Мектеп жарғысы, оқушының мінез – құлық ережелері» Сынып сағаты 2.ЖЖЕ «Жол жүру ережелерін еске түсіреміз!» |
20.09 |
1-11 |
Сарбасова Ж.Ш Сынып жетекшілер. |
Фото, мәлімет |
|
№ 1 Алдын алу кеңесінің отырысы |
Қыркүйектің 4 - аптасы |
1-11 |
Басшының тәрбие жөніндегі орынбасары |
Хаттама |
|
Рухани-адамгершілік тәрбие |
«Қазақстан халқы тілдерінің күні» еркін форматта дөңгелек үстел |
05.09.2022 |
8-11 |
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Ахатов Т.Қ |
Фото есеп, Интернет желісіне жариялым |
Жоба «Оқуға құштар мектеп» «Отбасылық оқуға арналған кітаптарға шолу» бейне шолу |
12.09.2022 |
1-4 |
Мектеп кітапханашысы |
Ақпарат |
|
Қарттар күні |
28.09.2022 |
6а, 6ә |
Көркемдік жетекші, Музыкалық жетекші |
Фото, мәлімет |
|
«Дублер» күні |
30.09.2022 |
11-сынып сағат 16:00 |
Тәлімгер Шакырман А.Д |
Мәлімет әлеуметтік желі |
|
|
Ұстаздар күні, мерекелік концерт |
30.09.2022 |
11-сынып сағат16:00 |
Мардан К.Т Адамбекова А.Б Амирханова А.Б |
Фото, мәлімет |
Ұлттық тәрбие |
Сынып сағаты «Менің тілім – менің досым» |
Жоспар бойынша |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Іс – шараның әзірлемесі. |
Тілдер күніне арналған көрме |
Қыйркүйек |
1-11 |
Мектеп кітапханашысы |
Көрме |
|
Отбасылық тәрбие |
Отбасы күніне арналған көңілді старттар. |
09.09.22 |
1-4 |
Сынып жетекшілер Дене шынықтыру мұғалімдері |
Фото есеп. Ақпарат. |
№ 1. Сыныптық ата – аналар жиналысы |
Кесте бойынша |
1-11 |
БТЖО 1-11 сынып жетекшілер. |
Хаттама |
|
«Отбасы-мектеп»жобасы. «Отбасы әлемі» клубының отырысы. |
Отбасы клубының жетекшісі |
Басылым |
|||
Тәрбие сағаты «Менің отбасым» |
05.09.23 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Іс – шараның әзірлемесі. |
|
Қамқоршылық кеңесінің отырысы №1 |
3 апта |
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
Сапабекова Қ.З |
Хаттама |
|
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие |
Мектептегі кезекшілікті ұйымдастыру. |
1 апта |
1-11 |
Саликова Е.М |
Кесте |
Сынып бұрыштарын безендіру. |
1 апта |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Анықтама |
|
«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы «Үнем –қоғам қуаты» бағыты бойынша Экологиялық сынып сағаты. «Қоқыссыз әлем» |
12-16.09 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Іс – шараның әзірлемесі. |
|
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие |
Суреттер байқауы. «Жол қозғалысы Ережелері – біздің достарымыз». |
Ай көлемінде |
1-4 |
Сынып жетекшілер. |
Фото есеп. Ақпарат. |
Суреттер байқауы. «Менің сүйікті отбасым» |
13.09-14.09 |
5-8 |
Сынып жетекшілер. |
Фото есеп. Ақпарат. |
|
Үйірмелер мен секцияларды жұмыстарын ұйымдастыру. |
1 апта |
1-11 |
Ханат Ж |
Кесте |
|
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу . |
Оқушылардың тәрбие деңгейін анықтау бойынша сауалнама |
Қыркүйектің 4 - аптасы |
2-11 |
Сынып жетекшілер |
Сауалнама |
Сыныптың әлеуметтік паспорты бойынша деректер банкін құру. |
Қыркүйектің 1 - аптасы |
1-11 |
Жакенова П.Б Сынып жетекшілер |
Сыныптың әлеуметтік төлқұжаты |
|
Оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелерінің отырысы. Мектептегі өзін-өзі басқару құрамын сайлау. |
06.09 |
5-11 |
Аға тәлімгер |
Хаттама |
|
Мектеп Ұланбасын сайлау. |
Қыркүйектің 3 - аптасы |
5-11 |
Аға тәлімгер А.Д.Шакарман |
Фото есеп. Ақпарат. |
|
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. |
Оқушылар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу. |
Бір ай ішінде |
1-11 |
Жұматова А.А |
Ақпарат. |
«Назар аударыңыз: балалар!» Профилактикалық іс-шаралар аясында оқушылармен әңгімелесу |
Қыркүйектің 1 - аптасы |
1-11 |
Әлеуметтік педагог |
Іс – шараның әзірлемесі |
|
ҚАЗАН |
|||||
Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие |
Тәрбие сағаты «Даналық, ізгілік және Құрмет» |
03.10 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Іс – шараның әзірлемесі |
№ 2 Алдын алу кеңесінің отырысы |
4 апта бейсенбі |
1-11 |
Басшының тәрбие жөніндегі орынбасары |
Хаттама |
|
«Менің Қазақстаным» патриоттық тәрбие сағаты |
4 апта |
8-9 |
АӘД мұғалімі |
Фото мәлімет |
|
«Қауіпсіздік ережелері» сынып сағаты |
10.10-14.10 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Фото, ақпарат |
|
«Терроризм және діни экстремизмді алдын-алу» сынып сағаты |
24.28..10.22 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Фото, сеп |
|
Рухани-адамгершілік тәрбие |
Жоба «Оқуға құштар мектеп» Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының тарихы . |
03.10.22 |
1-11 |
Кітапханашы |
Көрме |
Өлеңдер байқауы "Күз мезгілі ... " |
3 апта |
1-4 5-7 8-10 |
4-сынып жетекшілер 5-сынып жетекшілер 8-сынып жетекшілер |
Интернет желісіне жариялым |
|
Жеке жоспар бойынша күзгі демалысты ұйымдастыру. |
3 апта |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Жоспар. Ақпарат |
|
Ұлттық тәрбие |
«М. Әуезовтың 125 жылдық мерейтойы» сынып сағаты |
17-21.10.22 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Фото. есеп |
Отбасылық тәрбие |
«Отбасы –мектеп» жобасы" Отбасымен өткізген әр күніміз бір ертегі ". Коллаж |
4 апта |
1-4 |
ӘБ жетекшісі Сынып жетекшілер |
Интернет желісіне ақпарат |
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие |
«Бақша ғажайыптары» жемістер мен көкөністерден қолөнер көрмесі |
17-21.10 |
0-6 |
Еңбек пән мұғалімдері Сынып жетекшілер |
Инстаграмға ақпарат |
«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы «Үнем –қоғам қуаты» бағыты бойынша Экологиялық сынып сағаты. «Эко-сән немесе қоқыстың екінші өмірі» қайталама шикізатын қолдана отырып,экоматериал өнімдерін өндіру |
18.10 |
5-сынып |
Биология пән мұғалімдері |
Іс – шараның әзірлемесі |
|
«Қоғамға қызмет» әлеуметтік волонтерлік жобасы бойынша «Biz birgemiz» акциясы |
Ай көлемінде |
7-11 |
Аға тәлімгер |
Фото есеп |
|
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие |
Мұғалімдер күніне арналған құттықтау открыткалары мен газеттерін шығару. |
01.10 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Фото есеп |
1.«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы Мұражайларға топсаяхат |
Ай көлемінде |
1-11 |
БТЖО |
Топсаяхат |
|
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу |
Оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелерінің отырысы |
1 апта |
5-11 |
Аға тәлімгер |
Хаттама |
«Қымбатты, менің ұстаздарым» онлайн құттықтау. |
1.10 |
5-11 |
Аға тәлімгер |
Видео Instagram |
|
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты |
Әңгіме «Ерте жүктілік» |
19.10 |
8-11 |
БТЖО Медбике Педагог-психолог СӨС координаторы |
Ақпарат |
ЖЖЕ әңгіме, каникул уақытындағы ТҚ . |
26.10 |
1-11 |
Сынып жетекшілер Сарбасова Ж.Ш |
Ақпарат |
|
Зиянды әдеттердің алдын алу және жеңу бойынша оқушыларға білім беруді ұйымдастыру. (Темекі шегу, алкоголь. есірткі). |
14.10 |
5-11 |
Әлеуметтік педагог СӨС координаторы Медбике |
Ақпарат |
|
«Есірткісіз мектеп» бейне байқау |
17-18.10 |
8-11 |
Аға тәлімгер |
Инстаграмға ақпаратпен фото есеп. |
|
ҚАРАША |
|||||
Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие |
«Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік» профилактикалық әңгіме. |
16.11 |
7-10 |
Әлеуметтік педагог Ювеналды полиция қызметкері |
Іс – шараның әзірлемесі |
«Адал ұрпақ»клубы «Мен-сыбайлас жемқорлыққа қарсымын» суреттер байқауы. |
15-16.11 |
5-7 |
Аға тәлімгер Ұйымдастырушы педагог |
Инстаграмға ақпарат. |
|
№ 3 алдын алу кеңесінің отырысы. |
4 апта |
1-11 |
БТЖО |
Хаттама |
|
Құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары . «Зорлық-зомбылықсыз өмір» |
Қазақстан Республикасының жоспары аясында |
1-11 |
Педагог-психолог Әлеуметтік педагог |
Іс – шараның әзірлемесі. Инстаграмм |
|
Рухани-адамгершілік тәрбие |
«Балалар және театр». «Ертегілер әлемінде» сахналық қойылым |
Ай көлемінде |
1-11 |
Мектеп алды даярлық сыныбы. 1-сынып жетекшісі |
Инстаграмға ақпарат. Саханлық қойылым |
«Мен өмірді сүйемін» сынып сағаты |
21-25.11 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Фото, есеп |
|
Ұлттық тәрбие. |
Сынып сағаты «Теңге-Қазақстанның үміті мен өмірінің символы» |
15.11 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Іс – шараның әзірлемесі |
«Теңге-Қазақстанның үміті мен өмірінің символы» ұлттық теңге күніне арналған кітаптар көрмесі. |
15-16.11 |
1-11 |
Мектептің кітапханашысы |
Көрме |
|
Отбасылық тәрбие |
Жоба «Оқуға құштар мектеп» «Мен кітап оқығанды жақсы көремін» |
Жоспар негізінде |
1-4 |
Кітапханашы |
Ақпарат |
«Отбасылық эстафета» |
3 апта |
1-11 |
Спорт нұсқаушылар |
Бейнежазба есеп |
|
«Отбасы-мектеп»жобасы. «Отбасы әлемі» клубының отырысы. |
22.11 |
6-7 |
Тәлімгер |
Басылым |
|
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. |
«Бір күн ата-ана жұмысында» жобасы бойынша ЖОО, колледж қызметкерлерімен кездесу. |
Бір ай ішінде |
9-11 |
Педагог – психолог Сынып жетекшісі |
Топсаяхат |
«Мамандықтардың барлығы жақсы, тек таңдай біл» сынып сағаты |
7-11.11 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Фото, есеп |
|
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие |
«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы Мектеп мұражайына саяхат |
Ай көлемінде |
0-1 |
Сынып жетекшілер |
Топсаяхат |
«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы « Үнем-қоғам қуаты" бағыты бойынша Оқушылар мен студент жастардың «Дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын өткізу Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мектепішілік іс –шара Дебаты |
2 апта |
8-10 |
Дебат клубының жетекшісі Шакарман А.Д |
Ақпарат Фото есеп |
|
«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы «Еңбек-елдің мұраты.Құқықтық мәдениет » бағыты бойынша «Бала би» аудандық шешендік шеберлігінің байқауы |
1апта |
7-8 |
Тіл мамандары |
Ақпарат Инстаграмм |
|
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу |
«Интернетсіз бір күн» акциясы |
3-4 апта |
5-11 |
Информатика пәнінің мұғалімі |
Ақпарат Фото есеп |
Оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелерінің отырысы |
1 апта |
5-11 |
Аға тәлімгер |
Хаттама |
|
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты |
«Жыныстық қатынастың алдын алу жолдары» сынып сағаты |
Жыл көлемінде |
1-11 |
Сынып жетекшілер Медбике |
Ақпарат және әзірлемелер |
ЖЕЛТОҚСАН |
|||||
Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие |
«Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» бағдарламасы «Дәстүр мен ғұрып» бағыты бойынша «Тəуелсіздіктің ұлы рухы – желтоқсан» атты тақырыптық сынып сағаты. |
12.12 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Іс – шараның әзірлемесі |
«ҚР мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл» тәрбие сағаттары |
05.09-12 |
1-6 |
Сынып жетекшілер |
Әлеуметтік желі |
|
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт. |
13.12 |
1-11 |
Көркемдік жетекшілер Сынып жетекшілер |
Іс – шараның әзірлемесі |
|
«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы «Еңбек-елдің мұраты. Құқықтық мәдениет» бағыты Оқушыларды «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына қабылдау. |
2 апта |
2-8 |
БТЖО Аға тәлімгер Сынып жетекшілер |
Ақпарат |
|
«Оқушылардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатынасы» сауалнамасын өткізу. «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы. |
1 апта |
10-11 |
Жакенова П.Б |
Атқарған жұмыстың есебі |
|
Патриоттық айлығы |
Ай бойы |
1-11 |
АӘД пән мұғалімі |
Ақпарат |
|
Құқық сағаты («Бала құқықтары туралы» ҚР Заңы, «Білім туралы»ҚР Заңы). «Білім алушылар, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері. Білім алушыларды әлеуметтік қорғау») |
20.12 |
1-11 |
Жакенова П.Б |
Фото, есеп |
|
«Пиротехникалық өнім қауіпті» әңгімелесу. |
20.12 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Фото, есеп |
|
Кеңес отырысы профилактики № 4 |
4 апта |
1-11 |
БТЖО |
Хаттама |
|
«Менің құқығым мен міндетім» сынып сағаты |
26-28.12 |
11 |
Сынып жетекшілер Сарбасова Ж.Ш |
Фото, есеп |
|
Рухани-адамгершілік тәрбие |
«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» «Мұхтар Әуезовке 125 жыл» |
10.12 |
1-11 |
Кітапханашы |
Инстаграмға ақпарат |
Дінмұхамед Қонаевқа -110жыл |
07.12 |
9-10 |
Сынып жетекшілер |
||
Қазбек биге -355жыл тәрбие сағаты |
07.12. |
7-8 |
Сынып жетекшілер |
||
«Малайсары батыр-қазақ даласының ұлы батыры» |
07.12. |
11 |
Сынып жетекшілер |
||
Жеке жоспар бойынша қысқы каникул ұйымдастыру. |
30.12-09.01 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Жоспар , есеп |
|
«Мейірімділік-асыл қасиет» сынып сағаты |
19-23.12 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Фото, есеп |
|
Ұлттық тәрбие |
Қамқоршылық кеңесінің жиналысы №2 |
1апта |
Қамқоршылық кеңес мүшелері |
Хаттама |
|
Отбасылық тәрбие |
«Жеті өнер» шығармашылық конкурс |
3 апта |
1-11 |
Көркемдік жетекшілер |
Бейнежазба |
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие |
«Жаңа жылдық кәде сыйы» көрме-байқауы. |
20-22.12 |
1-11 сынып |
Сынып жетекшілер |
Жаңа жылдық ойыншықтар көрмесі |
Экологиялық сынып сағаты. «Эко –әлем» |
06.12 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Іс – шараның әзірлемесі |
|
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие |
«Бала және театр» жобасы. Жаңа жылдық мерекелер. "Қош келдің, Жаңа жыл!" |
22-29.12 |
1-11 |
Сынып жетекшілер Аға тәлімгер Көркемдік жетекші |
Кесте |
«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы «Үнем-қоғам қуаты» бағыты Мектеп мұражайына онлайн экскурсиялар. |
Бір ай ішінде |
1-11 |
Мұражай жетекшісі Сынып жетекшілер |
Топсаяхат |
|
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу |
«Жаңа жылдық тілектер» онлайн құттықтаулар. |
27-28.12 |
5-11 |
Көркемдік жетекші Сынып жетекшісі |
Ақпарат. Инстрагамм желісіне видео салу. |
Оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелерінің отырысы. |
1 апта |
5-11 |
Аға тәлімгер |
Хаттама |
|
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты |
ЖЖЕ бойынша әңгімелер, қысқы демалыс уақыты бойынша ҚТ бойынша нұсқаулық. |
27.12 |
1-11 |
Сарбасова Ж.Ш Сынып жетекшілер |
Оқушылардың танысу ведомосі |
ҚАҢТАР |
|||||
Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие |
Құқық сағаты «Жауапкершілік және оны іске асыру нысандары. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» |
24.01 |
1-11 |
Жакенова П.Б |
Ақпарат |
Суреттер байқауы «Біз сыбайлас жемқорлықсыз әлем үшін». «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы |
18.01 |
6-7 |
Аға тәлімгер |
Инстаграмға ақпарат |
|
Алдын алу кеңесінің отырысы № 5 |
4 апта |
1-11 |
БТЖО |
Хаттама |
|
Патриотттық шара |
3 апта |
6-7 |
АӘД пәні мұғалімі |
Фото, есеп |
|
Рухани-адамгершілік тәрбие |
Суреттер байқауы: «Біз бақытты балалық шақ үшін» |
18-19.01 |
1-5 |
Сынып жетекшілер. Педагог ұйымдастырушы |
Инстаграмға ақпарат |
«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы «Дәстүр мен ғұрып» бағыты бойынша |
31.01 |
7-8 |
Тәлімгер Педагог-ұйымдастырушы |
Инстаграмға ақпарат Іс –шара әзірлемесі |
|
«Оқуға құштар мектеп», «Балалар және театр»жобалары. Алдар Көсе ертегілері бойынша адамгершілік тәрбие бойынша. |
1 апта |
2-4 |
Мектеп кітапханашысы Сынып жетекшілер Тәрбиешілер |
Инстаграмға ақпарат |
|
Ұлттық тәрбие |
«Д. Қонаевтың 110 жылдығы» сынып сағаты |
9-13.01 |
1-11 |
Сынып жетекшілері |
Фото, есеп |
Р. Бағланованың 100жылдық мерейтойы» сынып сағаты |
16-20.01 |
1-11 |
Сынып жетекшілері |
Фото, есеп |
|
« Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойы |
10.01 |
7 |
Тарих пәнінің мұғалімі |
Іс – шараның әзірлемесі |
|
Отбасылық тәрбие |
Сыныптық ата – аналар жиналысы № 3 |
2 апта |
1-11 |
БТЖО Сынып жетекшілер |
Хаттама |
«Отбасы-мектеп»жобасы. |
3 апта |
1-11 |
Тәлімгер |
Басылым |
|
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие |
Экологиялық сынып сағаты. «Эко-әлем» |
17.01 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Фото, есеп |
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие |
Мұражайларға онлайн топсаяхат. |
Бір ай ішінде |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Топсаяхат |
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу |
Оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелерінің отырысы |
2 апта |
5-11 |
Аға тәлімгер |
Хаттама |
Сынып сағаты. Зияткерлік тәрбиені дамытуға, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеуге арналған. |
31.01 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Іс – шараның әзірлемесі |
|
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты |
ЖРВИ, тұмаудың алдын алу бойынша әңгіме жүргізу. |
12-13.01 |
1-4 сынып |
Медбике СӨС координаторы Сынып жетекшілер |
Инстаграмға ақпарат |
«Сұлулық және денсаулық» салауатты өмір салты бойынша ақпараттық плакаттар.(коллаж и.т.д) |
2 апта |
7-11 |
Медбике СӨС координаторы |
Инстаграмға ақпарат |
|
АҚПАН |
|||||
Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие |
Ауғанстаннан әскерлерді шығаруға арналған |
14.02 |
8-11 |
АӘД пәні мұғалімі |
Іс – шараның әзірлемесі |
«Соғыс үшін ешкім жаралған жоқ» Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне арналған көрме. |
14-15.02 |
1-11 |
Мектеп кітапханашысы |
Көрме |
|
Құқық сағаты . «Жасөспірім және заң» |
21.02 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Іс – шараның әзірлемесі |
|
Алдын алу кеңесінің отырысы № 6 |
4 апта |
1-11 |
Басшының тәрбие жөніндегі орынбасары. |
Хаттама |
|
Рухани-адамгершілік тәрбие |
Сынып сағаты. Рухани-адамгершілік тәрбие тақырыбы бойынша " Адамгершілік - адамның рухани арқауы " |
07.02 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Фото, есеп |
Ұлттық тәрбие |
«Алғыс айту күні» мерекелік концерт |
28.02 |
1-11 |
Көркемдік ерекшеліклер |
Фото, есеп |
Отбасылық тәрбие |
«Отбасы-мектеп» жобасы бойынша /қыздармен жұмыс/ |
3апта |
8-11 |
Қыздар клбының жетекшісі |
Іс – шараның әзірлемесі Инстаграмм |
«Отбасы» аптасы
|
1 апта |
1-11 |
БТЖО Әлеуметтік педагог, психолог Сынып жетекшілер
|
Фото, есеп |
|
Қамқоршылық кеңестің жиналысы №3 |
3 апта |
Қамқоршылық кеңес мүшелері |
Сапабекова Қ.З БТЖО Е.М.Саликова
|
Хаттама |
|
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие |
«Бір сәт бақыт сыйла» - қолөнер жасау акциясы |
21-22.02 |
1-11 |
Технология пәнінің мұғалімдері Бастауыш сынып мұғалімдері |
Фото есеп |
«Туған жер ғажайыптары» сынып сағаттары |
13-17.02 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Фото, есеп |
|
Экологиялық сынып сағаты. «Эко –әлем» |
28.02 |
1-11 |
Тәлімгер |
Фото, есеп |
|
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие |
Мұражайларға онлай экскурсия. |
Бір ай ішінде |
1-11 |
Сынып жетекшілер жетекшісі |
Топсаяхат |
«Өлкеміздің табиғаты» суреттер байқауы.(Көркемөнерпаздар байқауына дайындық) |
08-09.02 |
1-4 |
Аға тәлімгер |
Инстаграмға ақпарат |
|
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты |
«Салауатты тамақтану» әңгімесі. |
10.02 |
1-5 |
СӨС координаторы Сынып жетекшілер |
Іс – шараның әзірлемесі |
Ұлттық ойындар |
2 апта |
Арнайы тізім |
Спорт нұсқаушы |
Фото, есеп |
|
НАУРЫЗ |
|||||
Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие |
«Ұлы ерлікке тағзым» Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу |
14.03 |
9-11 |
АӘД мұғалімі |
Іс – шараның әзірлемесі |
Алдын алу кеңесінің отырысы № 7 |
3 апта |
1-11 |
Жакенова П.Б |
Хаттама |
|
«Оқуға құштар мектеп» жобасы «Бірлік бесігі» кітап көрмесі. |
3 апта |
1-11 |
Мектеп кітапханашысы |
Көрме |
|
Рухани-адамгершілік тәрбие |
Сынып сағаты «Аналар күні-ең керемет күн!» |
07.03 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Іс – шараның әзірлемесі |
«Ұлы Абай мұрасы» көрме. Онлайн презентация |
4 апта |
5 |
Мектеп кітапханашысы |
Инстаграмға ақпарат |
|
Аналар күніне арналған концерт |
1апта |
1-11 |
Көркемдік жетекші, музыкалық жетекші, тәлімгер |
Фото, есеп |
|
Ұлттық тәрбие |
Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар бағдарламасы». «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында «Қазақстанның салт-дәстүрлері» бейнероликтер мен презентациялар |
16-18.03 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Жоспар Іс – шараның әзірлемесі |
Отбасылық тәрбие |
«Отбасы-мектеп»жобасы. «Отбасы әлемі» клубының отырысы. |
2апта |
5-6 |
Тәлімгер |
Басылым |
Қамқоршылық кеңесінің жиналысы№4 |
3 апта |
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
БТЖО |
Хаттама |
|
Сыныптық ата – аналар жиналысы № 4 |
1 апта |
1-11 |
Сынып жетекшілер, тәрбиешілер |
Хаттама |
|
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие |
Ұлттық шығармашылық көрмесі |
16-18.03 |
1-11 |
Технология пәнінің мұғалімдері Бастауыш сынып жетекшілері |
Көрме Фото есеп |
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие |
Ән байқау |
07.03 |
1-4 |
Көркемдік жетекші |
Ақпарат көрме |
«Наурыз-Бейбітшілік пен жақсылық мерекесі» - суреттер мен плакаттар көрмесі. |
16-18.03 |
8-10 |
Технология ӘБ Пед. ұйымдастырушы |
Ақпарат Көрме |
|
Алғыс айту күніне арналған «Ақ жүрекпен» көркем жұмыстар көрмесі. |
13-15.03 |
5-7 |
Сынып жетекшілер Мектеп кітапханашысы |
Ақпарат |
|
Мектеп мұражайына экскурсиялар |
Бір ай ішінде |
1-11 |
Мұражай жетекшісі |
Топсаяхат |
|
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу |
Оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелерінің отырысы |
1 апта |
5-11 |
Аға тәлімгер |
Хаттама |
Түрлі мамандық өкілдерімен кездесулер, колледждер, ЖОО өкілдерінің презентациялары |
Бір ай ішінде |
9-11 |
Сынып жетекшілер Шәріп Н.Н |
Кездесу |
|
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты |
Жеке жоспар бойынша көктемгі демалысты ұйымдастыру |
3 апта |
1-11 |
БТЖО Сынып жетекшілер |
Жоспар, есеп |
«Салауатты өмір салты» |
13-17.03 |
1-11 |
|
|
|
ЖЖЕ бойынша әңгімелесу, демалыс уақыты бойынша ҚТ бойынша нұсқама. |
Бір ай ішінде |
1-11 |
Сарбасова Ж.Ш Сынып жетекшілер |
Кездесу |
|
СӘУІР |
|||||
Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие |
Сынып сағаты. «Ғарыштағы алғашқы адам» |
11.04 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Іс – шараның әзірлемесі |
Құқықтық жалпы оқыту |
18.04 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Іс – шараның әзірлемесі |
|
Алдын алу кеңесінің отырысы № 8 |
4 апта |
1-11 |
БТЖО |
Хаттама |
|
Сынып сағаты «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» |
25.04 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Іс – шараның әзірлемесі |
|
Фестиваль. «Балалар және театр» жобасы бойынша «Қазақстан-достық елі» - халықтар достығы күні. |
27.04 |
9-11 |
Сынып жетекшілер |
Іс – шараның әзірлемесі Инстаграмм |
|
«Әділетті тұлға боламын» сынып сағаты |
17.24. 04 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Фото, есеп |
|
Рухани-адамгершілік тәрбие |
«Мейірімді сөздер километрі» -акциясы |
13.04 |
1-11 |
Аға тәлімгер |
Ақпарат |
Эссе байқауы «Егер Мен адамдарға жақсылық жасасам» |
20.04 |
6-8 |
Тіл мамандары |
Эссе |
|
Ұлттық тәрбие |
Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар «Дәстүр мен ғұмыр» арнайы жобасы аясында әлеуметтік желі қолданушыларын тарта отырып, оқушылар мен олардың отбасылары арасында «Бабалар ізімен» отбасылық телевизиялық бейне байқауы. |
2 апта |
5-7 |
Басшының тәрбие жөніндегі орынбасары. Сынып жетекшілер Отбасы клубының жетекшісі |
Ақпарат |
Отбасылық тәрбие |
«Отбасы-мектеп»жобасы. «Отбасы әлемі» клубының отырысы. |
1 апта |
Арнайы тізім |
Тәлімгер |
Фото, есеп |
«Отбасы-бақыт кілті» сынып сағаты |
3-7.04 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Фото, есеп |
|
«Мен және жанұям» тақырында 7сыныптарға семинар сабақ өткізу |
2апта |
Арнайы тізім |
Фото, есеп |
||
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие |
«Үнем-қоғам қуаты» бағыты бағыты. Біз табиғаттың қорғаушыларымыз» атты эко-квест.Сынып сағаты |
04.04 |
6-7 |
Тәлімгер |
Іс – шараның әзірлемесі Истагр |
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие |
«Біз және ғарыш» суреттер байқауы. |
12-13.04 |
3-4 |
Сынып жетекшілер Қосымша білім беру педагогы |
Көрме |
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу |
Оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелерінің отырысы |
1 апта |
5-11 |
Аға тәлімгер |
Хаттама |
Интернет желісіндегі қауіпсіздік, жеке ақпаратпен ұқыпты қарым-қатынас бойынша әңгіме |
26.04 |
1-11 |
Информатика пән мұғалімдері |
Іс – шараның әзірлемесі |
|
«Достық шаңырағының астында Қазақстан халықтары тұрады» онлайн құттықтау |
4 апта |
1-11 |
Көркемдік жетекші, музыкалық жетекші |
Инстаграм |
|
Мұражайларға онлайн саяхат |
Бір ай ішінде |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Топсаяхат |
|
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты |
«Салауатты өмір салты туралы не білемін?» викторинасы |
13.04 |
3 |
Медбикелер, СӨС координаторы |
Іс – шараның әзірлемесі |
МАМЫР |
|||||
Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие |
Отан қорғаушылар күні» сынып сағаты |
1 апта |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Іс – шараның әзірлемесі |
«Отан қорғаушылар күні» мерекелік концерт |
1 апта |
9-11 |
Көркемдік жетекші, музыкалық жетекші |
Іс – шараның әзірлемесі |
|
Әскери-патриоттық әндер байқауы |
1 апта |
5-8 |
АӘД жетекшісі |
Конкурс Ақпарат |
|
Құқықбұзушылықтың алдын-алу шара |
16.05 |
1-11 |
Жакенова П.Б |
Іс – шараның әзірлемесі |
|
«Тәрбие деңгейі» тестілеу. |
3 апта |
2-11 |
БТЖО Сынып жетекшілер |
Тест қорытындысы |
|
«Естелік вахтасы» акциясы |
1 апта |
10 |
АӘД жетекшісі |
Акция |
|
«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбына суреттер конкурсы. |
2 апта |
1-7 |
Сынып жетекшілер |
Көрме |
|
Алдын алу кеңесінің отырысы № 9 |
4 апта |
1-11 |
Басшының тәрбие жөніндегі орынбасары. |
Хаттама |
|
«Менің жетістіктерім» сынып сағаты |
22-26.05 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Фото, есеп |
|
Рухани-адамгершілік тәрбие |
Оқу жылының аяқталуына арналған қорытынды жиындар.Соңғы қоңырау саптүзеу. |
30.05 |
1-11 |
БТЖО |
Кесте |
«Мен саған жылу сыйлаймын» жобасы аясында «Сүйікті мектебімнің түлегі» акциясы |
3 апта |
11 |
Басшының тәрбие жөніндегі орынбасары Сынып жетекшілер |
Ақпарат Фото отчет |
|
«Халықаралық балаларды қоғау күні» |
29-30.05 |
1-10 |
Сынып жетекшілер |
Фото, есеп |
|
Ұлттық тәрбие |
«Жас Ұлан», «Жас Қыран" қатарына қабылдау. |
3 апта |
2-10 |
Аға тәлімгер |
Ақпарат |
«Оқуға құштар мектеп » жобасы сынып сағаты |
15-19.05 |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Фото, есеп |
|
Отбасылық тәрбие |
Жалпы мектепішілік ата –аналар жиналысы -Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру |
3 апта |
1-11 |
БТЖО |
Хаттама |
Мектептегі оқу мен тәрбие деңгейіне ата-аналардың қанағаттанушылығын диагностикалау |
3 апта |
1-11 |
Психологтар Сынып жетекшілер |
Тесттерді талдау |
|
Қамқоршылық кеңесінің жиналысы №5 |
3 апта |
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
Арешова А.А |
Хаттама |
|
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие |
Кәсіптік бағдар беру жұмысы, колледждер мен ЖОО өкілдерімен кездесулер |
Бір ай ішінде |
9-11 |
Басшының тәрбие жөніндегі орынбасары Шәріп Н.Н |
Ұсыныстар |
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие |
Мұражайларға бару |
2 апта |
1-11 |
Сынып жетекшілер |
Театрларға бару |
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу |
Оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелерінің отырысы |
1 апта |
5-11 |
Аға тәлімгер –А.Д.Шакарман |
Хаттама |
«Қауіпсіз балалық шақ» Акция |
4 апта |
1-10 |
БТЖО Сынып жетекшілер |
Ақпарат |
|
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты |
Судағы қауіпсіздік техникасы бойынша әңгіме. Жол қозғалысы ережелері, ҚТ «Жазғы демалыста өзін қалай ұстау керек» |
23.05 |
1-11 |
Сарбасова Ж.Ш Сынып жетекшілер |
Оқушылардың танысу ведомосі |
ЖЖИ жасақтарының аудандық байқауы. (ЮИД) |
3-4 апта |
ЖЖИ жасағы |
Жасақ жетекшісі |
Есеп |
|
МАУСЫМ - ШІЛДЕ |
|||||
Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие |
Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар. «Тұлпар» мектеп жанындағы алаңының ашылуы. |
01.06 |
1-10 |
Басшының тәрбие жөніндегі орынбасары Педагог-ұйымдастырушы |
Ақпарат |
ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне, Астана күніне, ҚР Конституциясы күніне арналған іс-шаралар (жеке жоспар бойынша) |
Жазғы маусым бойы. |
1-10 |
Басшының тәрбие жөніндегі орынбасары Педагог-ұйымдастырушы |
Ақпарат |
|
Рухани-адамгершілік тәрбие |
9 сыныптарға арналған бітіру кеші. |
Маусым |
9 |
БТЖО Музыкалық жетекші, Көркемдік жетекші |
Әзірлемесі |
11 сыныптарға арналған бітіру кеші |
Маусым |
11 |
БТЖО Музыкалық жетекші, Көркемдік жетекші Сынып жетекшісі |
Әзірлемесі |
|
Ұлттық тәрбие |
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар |
04.06 |
1-10 |
Сарбасова Ж.Ш |
Ақпарат |
Астана күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысу. |
06.07 |
1-10 |
Сарбасова Ж.Ш |
Ақпарат |
|
Отбасылық тәрбие |
Ата –аналарымызбен бірге саяхаттайық. |
Лагерь маусымы бойы |
1-5 |
Сынып жетекшілер |
Фото есеп |
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие |
Мектеп аумағында гүл және ағаш отырғызу |
Маусым |
5-8 |
Биология пәнінің мұғалімдері Сынып жетекшілер |
Отырғызу жұмыстары |
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие |
Тіл алаңдарының жұмысы |
Лагерь маусымы бойы |
1-5 |
Шакарман А.Д Тіл мамандары |
Ақпарат |
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты |
Экскурсиялар Спорттық іс – шаралар. |
Лагерь маусымы бойы |
1-5 |
Лагерь басшысы Сарбасова Ж.Ш |
Ақпарат |
30
Наурыз
2021
|
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2022 жылғы 1 қыркүйек
ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ
Құрметті отандастар!
Қадірлі депутаттар және Үкімет мүшелері!
Баршаңызды Парламенттің кезекті сессиясының ашылуымен құттықтаймын!
Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс.
Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент жанындағы Омбудсмен тағайындалады.
Мемлекет экономикалық еркіндікті қолдайды. Бірақ, халықты нарық тұрақсыздығының ықпалынан барынша қорғайды. Шағын және орта бизнесті мейлінше дамытады.
Енді реформалардың нақты бағдарларына тоқталайын.
БІРІНШІ БАҒДАР. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ.
Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ.
Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар.
Атап айтсақ, бұл – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру. Сондықтан, тың тәсілдер қажет екені сөзсіз.
Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру.
Жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары мыналар:
– жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту;
– бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру;
– сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу.
Мұның бәрі кезек күттірмейтін бірқатар маңызды міндетті шешуді талап етеді.
Бірінші. Бағаны әкімшілік жолмен реттеу тұтас салалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетеді. Сондай-ақ, тауар тапшылығын туындатып, елді импортқа тәуелді етеді.
Сондықтан, баға белгілеу ісіне мемлекеттің араласуынан біртіндеп бас тарту керек. Бәсекелік ортасы жоқ нарықтар ғана бұрынғыдай қала береді. Монополистердің тарифтері қатаң бақылауда болады. Бірақ, бақылау жасау орынсыз қысым көрсету деген сөз емес.
Бүгінде мемлекеттік органдардың, соның ішінде күштік құрылымдардың бизнесті тексеруге жаппай кірісіп, бағалар мен тарифтерді төмендетуді талап етуі жиілеп кетті. Құр дақпырт үшін жасалатын мұндай әрекеттерді доғару керек.
Монополияның табысын шектеу қажеттігі мен инфрақұрылымға инвестиция салуды қамтамасыз ету арасында тепе-теңдікті сақтау маңызды. Елімізде электр қуатымен қамтамасыз ететін желілердің үштен екісінің, жылу коммуникациясының 57 пайызының және су құбыры желісінің жартысына жуығының тозығы жеткен. Осыдан-ақ біраз жайтты аңғаруға болады.
Тарифтерді күшпен ұстап тұрудың ақыры соның бәрін кезекпен өшіруге және түрлі апатты жағдайлар туындауына әкеп соқтырады. Осының салдарынан азаматтардың денсаулығына және өміріне қатер төнеді.
Монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу керек. Желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайту қажет.
Тариф инфрақұрылымға қаржы салғаны және ашықтықты қамтамасыз етудің мемлекеттік мониторингі жүйесіне қатысқаны үшін беріледі. Меншік иесі инвестицияның айтарлықтай бөлігін тарифтің емес, өз қаржысының есебінен салуға тиіс.
Инновация енгізу үшін тиімді ынталандыру шараларын әзірлеген жөн. Сондай-ақ, шығыстың бір бөлігін тарифтік сметаның аясында қайта бөлуге және табыстың белгілі бір бөлігін сақтап қалуға рұқсат беру керек.
Тарифтерді тоғыспалы субсидиялаудан, яғни бір тұтынушылар үшін бағаны ұстап тұру мақсатымен басқалар үшін бағаны көтеру тәсілінен біртіндеп бас тарту қажет.
Екінші. Экономиканы одан ары монополиясыздандыру үшін нақты институционалдық шешімдер қабылдау қажет.
«Конгломерат» ұғымын заң жүзінде айқындап алған жөн.
Нарықтың өзара байланысты субъектілері экономикалық әлеуетін бір жерге шоғырландыру үшін рұқсат алуға міндетті. Олардың барлық мәмілесін, соның ішінде нарыққа тән емес бағаларды қолдану белгілері бойынша жасалған келісімдерін де мұқият тексеру керек.
Бірыңғай операторлардың қызметі нарықтық экономиканы дамытуға кері әсер етеді. Сондықтан, бұл институтты ретке келтірген жөн. Қазір жұмыс істеп тұрған операторларды бәсекелі ортаға беру қажет немесе монополист деп танып, қызметін монополияға қарсы арнаулы құқық аясында реттеу керек.
Үшінші. Экономиканың тұрақты өсуі салық саясатының түсінікті және болжауға болатындай етіп жүргізілуіне тікелей байланысты.
Фискалды реттеу ісін қайта жаңғырту үшін 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді. Оның ең түйткілді тұсы саналатын салықтық әкімшілендіру мәселесі түгел қайта жазылуға тиіс.
Сондай-ақ, жұмыс барысында бетпе-бет кездесу мүлдем болмайтындай етіп, салықтық бақылау қызметін толық цифрландыру керек.
Тағы бір басымдық – салықтық ынталандыру шараларының тиімділігін арттыру. Ол үшін экономиканың түрлі саласында дифференциалды салық мөлшерлемесіне көшкен жөн. Пайданың технологиялық жаңғыруға және ғылыми әзірлемелерге жұмсалған бөлігіне салынатын корпоративті табыс салығын төмендету немесе одан босату тәсілін енгізу керек.
Салық төлеушілердің салықтан жалтаруға құмарлығын азайту үшін арнайы салық режімдерін жеңілдету керек. Салық жүктемесін төмендету мақсатында ұйымдарды әдейі бөлшектеуге жол бермеу мәселесі жаңа кодексте қарастырылуы қажет. Сауда-саттық заман талабына сай дамуы үшін мөлшерлемесі ойға қонымды әрі рәсімдері қарапайым бөлшек сауда салығын қолдану аясын кеңейту керек.
Салық реформасы аясында «сән-салтанатқа салық» салуды енгізген жөн. Мұның орта тапқа қатысы жоқ, бұл салық тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алған кезде салынады. Автокөлік сатып алу кезінде төленетін алым-салық мәселесіне жеке тоқталайын. Кейбір жақын шетелдерден әкелінген автокөліктерге қатысты түйткілдер баршаға мәлім. Заң аясынан тыс қалып отырған мұндай көліктер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіруде. Заңсыз көлік әкелетін амал-тәсілдің бәріне тосқауыл қою үшін батыл шаралар қабылдау қажет. Ал, биылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген автокөліктерге қатысты ахуалды реттеу керек. Оларды заңдастыру мақсатында утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір реттік алым алуды ұсынамын. Бұл – іздеу салынбаған және кеден рәсімдерінен өткен көліктерге ғана қатысты шара.
Төртінші. Салық саясатының тиімді болуы кеден жұмысының ашықтығына тығыз байланысты.
Салық және кеден саласындағы ақпараттық жүйелерді толық біріктіру ісін аяқтау маңызды.
Келесі мәселе. Тексерушілердің тым көптігі. Олардың теріс әсер еткені белгілі. Сондықтан, шекараға интеграцияланған кедендік бақылау тәсілін енгізу қажет. Кедендік рәсімдеу орталықтары «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуге тиіс.
Бесінші. Біз «көрпеге қарай көсілу» қажет екенін ұмытпауымыз керек.
Бюджет саясатына реформа жасалады. Ақырғы нәтижені дөп басуымыз керек. Бюджет кодексінде шекті нормативтер бекітіледі. Оны бюджетті жоспарлау және орындау кезінде міндетті түрде ұстану қажет.
Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл – өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсаймыз.
Бюджет үдерістерін барынша жеңілдету қажет. Мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беру керек. Сол арқылы олар ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылады. Сонымен бірге, бюджетке қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосу керек.Бұл жүйе квазимемлекеттік секторды да қамтуға тиіс.
Біз салық түсімін өңірлердің өзіне бере бастадық. Бұл жұмысты жалғастыру қажет.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы тиімді іске асырылып жатыр. Оның ауқымын кеңейтіп, жобаға аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керек. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындауға тиіс. Осы айтылған мәселелерді тиімді жүзеге асыру үшін жаңа Бюджет кодексін қабылдау қажет.
Алтыншы. Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау.
Бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек. Тапсырма екі жылдан бері орындалмай келеді. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды. Оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн. Мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізу қажет.
Келесі мәселе. Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді. Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Бұл – негізгі талап.
Сонымен қатар, мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізіледі. Мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады. Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады.
Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшіру қажет.
Осының бәрін жүзеге асыру үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдануға тиіс.
Жетінші. Мемлекет пен жекеменшік серіктестігінің жаңа үлгісіне көшу керек.
Қазір көптеген жоба кейбір кәсіпкерлер мен шенеуніктердің майшелпегіне айналды. Келісім-шарттар ашық және конкурстық негізде жасалуға тиіс. Осы мақсатта тиісті заң қабылдау қажет.
Сегізінші. Несие ресурстарының тапшылығы отандық бизнес үшін үлкен проблема болып отыр.
Қазақстанда шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін 42 миллиард долларға жуық қаражат жетіспейді. Сөйте тұра, банктерде триллиондаған теңге қаржы іс жүзінде экономикаға еш пайдасын тигізбей босқа жатыр.
Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Үкімет бірлесіп, нақты секторды тұрақты әрі қолжетімді несиемен қамтамасыз ететін нақты шешімдер қабылдауға тиіс. Ұлттық банк қазіргі ахуалдың өте күрделі екенін ескере отырып, барынша икемді қимылдауы, тіпті тапқырлық танытуы керек. Шетелдерде бұған қатысты оң тәжірибелер бар.
Тоғызыншы. Өнім өндіру үшін, ең алдымен, жер керек. Жері жоқ адам бизнеспен айналыса алмайды.
Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуға тиіс. Оны жыл соңына дейін әзірлеу керек. Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажет. Бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс. Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін арттыра түсетіні анық.
ЕКІНШІ БАҒДАР. НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ.
Ең алдымен, жер қойнауын игеру ісіне инвестиция тарту үшін заңнаманы және рәсімдерді барынша жеңілдету керек.
Геологиялық ақпарат туралы бірыңғай мәліметтер банкін құру жұмысын аяқтау қажет.
Үкіметке индустрия және жер қойнауын игеру салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырамын.
Былтыр менің тапсырмам бойынша барлық арнайы экономикалық аймақтың тиімділігі бағаланды. Соның нәтижесінде түйткілді тұстарды анықтап, тың тәсілдерді ойластырдық. Енді арнайы экономикалық аймақтарды дамыту үшін мүлде басқа саясатқа көшкен жөн.
Қазіргі таңда шетел компаниялары Қазақстанға көше бастады. Сондықтан, бұл мәселе тіпті өзекті болып отыр.
Арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялық жеңілдіктерді саралап беру керек. Неғұрлым көп ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың деген ұстаным басты қағида болуы қажет. Жұмыс істейтін саласы негізгі бағыт болмаса да, маңызды индустриялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар бар. Оларға салық және кеден жеңілдіктерін ұсынбай-ақ, жер телімдерін беруге болады.
Барлық инвестициялық міндеттемесін адал орындайтын кәсіпорындар да бар. Оларға арнайы экономикалық аймақтан жер телімін жеке меншікке беру мәселесін шешу қажет.
Жалпы, инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі.
Келесі мәселе. Бұған дейін айтылғандай, мемлекет өзінің экономикаға араласуын біртіндеп азайта береді.
«Самұрық-Қазына» қоры экономиканың басты салаларына бақылау жасауға ғана мүмкіндік беретін мажоритарлы үлесі бар инвесторға айналады. Қордың басқа активтері мен акцияларын жекешелендіру керек. Оны жүзеге асыруға «Халықтық ІРО» тәсілін де қолдануға болады.
«Самұрық-Қазына» қоры жеке инвесторлар дербес жүзеге асыра алмайтын аса маңызды жобаларға инвестор ретінде қатыса алады. Мұндай жобаларды Президент анықтайды.
Келесі мәселе – еліміздің транзиттік қуатын арттыру.
Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып отыр. Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз керек. Еліміз осы салада ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда, Ақтауда контейнер хабы құрылып жатыр. Транскаспий дәлізі дамып келеді. Осы жұмыстарға әлемдегі үздік логистика компаниялары тартылады.
«Қазақстан теміржолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады.
Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр.
Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек.
Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс.
Жалпы, ашығын айтуымыз керек, Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр. Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді. Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр. Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді.
Келесі мәселе. Ұлттық экономика құрылымында құрылыс секторы маңызды орынға ие. Осы сала ішкі жалпы өнімнің 5-6 пайызын береді. Жанама салалар қосылса, бұл көрсеткіш одан да көп.
Бүгінде Қазақстандағы сәулет-құрылыс қызметін реттейтін
2,5 мыңнан астам құжат бар. Бұл жүйе әбден қағазбастылыққа көмілген. Жемқорлық аз емес. Ескі құрылыс стандарттары мен нормалары әлі де қолданылады. Сондықтан, Үкіметке мүлдем жаңа құжат – Қала құрылысы кодексін қабылдауды тапсырамын.
Әрбір қаланың жер телімдері мен коммуналдық желілердің схемасы көрсетілген функционалды интерактивті картасын жасау керек. Жер кадастрында өнеркәсіптік мақсатқа арналған жер телімдерінің картасын қолданыстағы көлік және коммуникация инфрақұрылымының схемаларымен толықтырып отыру қажет.
Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс.
Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек. Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді.
Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек.
Шаруалардың өзара ұжымдасуы ауыл шаруашылығын дамытуға жол ашып отыр. Біз осындай пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Ал, мал басы шамамен 25 пайызға көбейген. Әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, оң тәжірибені бүкіл елге біртіндеп тарату қажет. Бұл салада озық технологиялар тапшы.
Қазір ауыл шаруашылығына арналған жер туралы толыққанды ақпарат жоқ. Жердің құнары, су ресурсы мен суару жүйесі және оның жолдары жайлы мәліметтер жан-жақта шашырап жатыр. Цифрлық платформа осының бәрін бір жерге жинақтайды.
Тұтастай алғанда, еліміздің агроөнеркәсіп кешені келесі жылдан бастап жаңа әрі тұрақты ереже бойынша жұмыс істеуі қажет.
Игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталғым келеді. Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Жылдың соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отыр. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды. Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс. Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын.
Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтыруда. Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес. Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сондай-ақ, автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен. Ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы. Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек. Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн. Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек.
ҮШІНШІ БАҒДАР. ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ.
Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды.
Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр.
Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен. Тіпті, сақтандыру моделі тұрақсыз әрі жүйесіз дамуда. Бұл – үлкен олқылық. Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізетін уақыт әлдеқашан жетті.
Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырамын.
Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдаланған жөн.
Медицина – инвестиция салуға қолайлы сала. Тек оған дұрыс жағдай жасау қажет.
Мен келесі жылдан бастап ұлттық жобаны жүзеге асыруды тапсырдым. Бұл құжат, ең алдымен, ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналған.
Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды.
Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады. Онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылады. Бұл төрт миллионнан астам адамға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырады. Сонымен қатар, телемедицина бағытын дамытамыз. Сол арқылы шалғайда тұратын халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетілетін болады.
Денсаулық сақтау саласы бәсекеге қабілетті болуы үшін дәрігерлер дайындау жүйесін жетілдірген жөн. Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылады. Алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді. Мұның бәрі ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсартуға септігін тигізеді.
Келесі маңызды мәселе – білім беру жүйесі туралы. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады.
Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда, бізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды.
Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан, балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет.
Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды.
Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады.
Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек.
Мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді ету аса маңызды. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға оны бюджет есебінен беру қажет деп санаймын. Мектеп формасына арналған мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімдеген жөн.
Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет.
Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың жаңа стандарты қабылданады. Сондай-ақ, ұстаздардың құзырет аясы айқындалады.
Жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескерсек, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту маңызды.
Қоғамда қазақ және орыс тілін мектепте оқыту мәселесі жөнінде пікірталас болып жатыр. Нақты айтайын: біз қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды тәрбиелеуіміз қажет. Себебі, бұл ұрпақтың мүддесі үшін керек. Оқу-ағарту министрлігі популистердің жетегінде кетпей, балалардың мүддесін қорғауға тиіс. Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде.
Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы керек.
Ата-аналар мен оқушылар алған білімінің және игерген машық-дағдысының сапалы және сұранысқа ие болуы үшін белгілі бір деңгейде жауапты екенін сезінуге тиіс. Сондықтан, олармен де үнемі әріптестік қатынас орната білу керек. Осы мақсатта жеке білім беру ваучерлерін енгізу жоспарланып отыр.
Баланың білім алуына, оның ішінде сыныптан тыс оқуына мемлекет бөлетін қаражат бірыңғай білім беру есепшоттарында жинақталады. Бір сөзбен айтқанда, мұны балалардың білім алуына инвестиция ретінде жұмсалатын алғашқы мақсатты капитал деуге болады. Бұл қадам еліміздің әрбір азаматы үшін бірдей мүмкіндік қағидатын іс жүзінде қолдануға жол ашады. Жоғары білім саласындағы реформаларды да осы бағытта жүзеге асырған жөн.
Отандық жоғары оқу орындарының білім сапасы артқан сайын ондағы оқу ақысы да өсе түседі. Сондықтан мемлекет ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне және басқа да көрсеткіштерге байланысты білім беру гранттарын әртүрлі деңгейде бөлуді жоспарлап отыр. Оның көлемі 30-дан 100 пайызға дейінгі аралықта болады.
Білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие де беріледі. Бұл шаралар жоғары білімнің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, қоғамдағы әріптестік және өзара жауапкершілік қағидатын нығайта түседі.
Келесі маңызды мәселе – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. Бұл түйткілді шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керек. Сондай-ақ, барлық мәселенің шешімін табуды мемлекеттің мойнына ілу дұрыс емес деп санаймын. Сол себепті, мемлекеттен қаражат алу үшін жекеменшік жоғары оқу орындарының жатақханасы болуы шарт. Әрине, мұны оқу орындарынан біртіндеп талап еткен жөн.
Студенттердің жекелеген, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттары үшін пәтер жалдауға кететін шығынын субсидиялау мүмкіндігін де қарастыруға болады. Жоғары оқу орындары жанындағы эндаумент-қорлар білім берудің экожүйесін дамытудың негізгі буынына айналуға тиіс. Мақсатты капиталдың мұндай қорлары әлемдегі озық университеттерде ғылымды және инновацияны қаржыландырудың өзегі саналады.
Еңбекақыны нарықтағы жағдайға сай өсіру – халықтың әл-ауқатын арттырудың басты факторы. Мемлекет ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа тәсілін енгізеді. Бұл әдіс оның мөлшерін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Мен ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді.
Біз зейнетақы жүйесін де қайта жаңғыртамыз. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал жоғарғы шегін 120 пайызына жеткізу қажет. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл қадам 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы мөлшерін орташа алғанда 27 пайызға көбейтеді. Сондай-ақ, әлеуметтің талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырамыз.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет. Бұл жұмысқа іскерлік абырой-беделі мен кәсіби біліктілігі жоғары мамандары бар жеке компанияларды тартуға болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне де өзгеріс енгізу керек.
Біз 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартамыз. Балалардың ең маңызды шағында – сәби кезінде ата-аналары жанында көбірек болады.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы орташа айлық табысының 45 пайызына дейін көбейтіледі. Бұл қадам осындай жағдайға тап болған жандарға септігін тигізіп, қызметке тезірек оралуына мүмкіндік береді.
Атаулы әлеуметтік көмектің бірыңғай жүйесін құру азаматтардың әл-ауқатын жақсарту ісіндегі маңызды қадамның бірі болмақ.
2023 жылдан бастап, Отбасының цифрлық картасы және Әлеуметтік әмиян сияқты тәсілдерді енгізу жоспарланып отыр. Осы бастамалар аясында мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары біріктіріледі. Оның бәрі барынша түсінікті, ең бастысы, нақты болады әрі алдын-ала жасалады.
Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасады. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді.
Жалпыхалықтық референдумда қабылданған конституциялық өзгерістер Әділетті Қазақстанның символына айналды.
Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы.
Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек. Сондықтан, мен жариялаған Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын.
Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан жүзеге асыра бастауды тапсырамын.
«Самұрық-Қазына» қоры таза пайдасының кемінде 7 пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударатын болады. Бұл – Жаңа Қазақстанның сипатына сай келетін маңызды бастама. Сондай-ақ, табысы мол кәсіпкерлер мен азаматтар қорға демеушілік көрсете береді деп сенемін.
Жалпы, адам әлеуетін дамыту – маңызды мәселенің бірі. Осы орайда, шетелден дарынды жандарды елге тарту қажет. Әсіресе, шығармашылық және кәсіпкерлік салада жетістікке жеткен азаматтарды шақыру керек. Мен тиімді көші-қон саясаты туралы айтып отырмын.
Сұранысқа ие болып отырған және жоғары білікті мамандардың тапшылығын азайту қажет. Ғылым, денсаулық сақтау, өндіріс, IT салаларының білікті мамандарына жеңілдік жасалады. Мемлекет оларға елімізде тұрақты тұру үшін виза береді. Шетел кәсіпкерлері он жылға виза рәсімдеп, Қазақстанда тұруға мүмкіндік алады. Бірақ, олар экономикамызға 300 мың доллардан астам инвестиция салуы қажет.
Қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Бұл орайда, демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек. Сондай-ақ, жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды.
Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек.
Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрылтайда және «Жастар рухының» съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды.
Жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болады. Өскелең ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де бәсекеге қабілетті болуы керек.
Көрші мемлекеттің азаматтары шетелге барып, жұмыс талғамай еңбек етіп жатыр. Олар біздің елде де өте жақсы табыс тауып жүр. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Идеология жұмысында осыған баса мән берген жөн.
ТӨРТІНШІ БАҒДАР. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ.
Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет. Жұрт бос сөзден, жарқын болашақ туралы жалынды ұрандардан жалықты. Халық мемлекеттік органдардың өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс жүзінде орындағанын қалайды.
Саяси қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға баса назар аудару керек. Үкіметтің кейбір құзыреттерін министрліктерге берген жөн. Нақты бір саладағы саясатқа «ұжымдасқан кабинет» емес, нақты бір министр жауапты болуға тиіс.
Үкімет салааралық мәселелерді шешумен шұғылдануы қажет. Премьер-Министр Кеңсесін мемлекеттік басқару ісінің үздік стандарттарына сай келетін, ықшам Үкімет аппараты ретінде қайта құру осы бағыттағы алғашқы қадам болмақ. Басты мақсат – оның атауын өзгерту емес, нақты реформа жасау. Біз орталық мекемелерді оңтайландыру арқылы жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігін айтарлықтай кеңейтуіміз керек. Бұл тәсіл қордаланған мәселелерді өңірлерде, ел ішінде шешуге мүмкіндік береді.
Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің қызметін өзгертуге айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек. Ғимараттардың сыртқы көрінісі және ішкі инфрақұрылымының қызметі азаматтардың көңілінен шықпайды, елімізді шетелдіктердің алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырады.
Үкіметке жаңа әкімшілік реформа әзірлеуді тапсырамын. Оған қоса, мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижесін жақсартып, жауапкершілігін арттырған жөн.
Бізге сапалық тұрғыдан жаңа мемлекеттік басқарушылар керек. Мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және жұмыстан босату жүйесін заман талабын ескере отырып, қайта жасау қажет. Мемлекеттік қызмет жеке сектордағы кәсіби мамандар үшін барынша ашық болғаны дұрыс. Кадрлық резервті нығайту керек.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі толыққанды стратегиялық HR институтына айналуға тиіс. Үкімет Агенттікпен бірлесіп бүкіл әлемдегі азаматтарымыздың әлеуетін жұмылдыру үшін арнайы платформаны іске қосуы керек.
Квазимемлекеттік сектордағы басқару ісінің тиімділігін арттыруға айрықша назар аударған жөн. Бұл бағытта нақты жұмыс атқарыла бастады. Соны аяғына дейін жеткізу керек. Ол үшін «Самұрық-Қазына» қорының жаңа жұмыс үлгісін түпкілікті айқындап алу қажет.
Әлемдегі ең үздік инвестициялық және өндірістік компанияларды үлгі ретінде алу керек. Мемлекеттік активтерді басқару ісі барынша ашық болуға тиіс. Үкімет жыл сайын Ұлттық баяндама әзірлеуді қамтамасыз етеді және оны Парламентке жолдайды.
БЕСІНШІ БАҒДАР. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП.
Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет. Осыған орай, қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау керек. Қазылар жоғары білікті, адал, сондай-ақ, жемқорлықтан таза болуы қажет. Ең алдымен, барлық судьялардың мәртебесін теңестірген жөн. Олар өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тәуелді болмауы керек.
Көптеген сот төрағасы лауазымы судья лауазымы болып өзгереді. Сот төрағасы және Сот алқасының төрағасы лауазымына үміткерді судьялар өздері сайлайтын тәсіл енгізуді ұсынамын. Жоғарғы Сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн. Ол үшін Президент үміткерлерді баламалы негізде Сенатқа ұсынуы керек. Аталған салаға мықты заңгерлерді тарту үшін материалдық жағдай жасау қажет.
Судьялардың дербестігін арттыру үшін Жоғарғы сот кеңесінің мәртебесін нығайтқан дұрыс. Судья болуға үміткерлерді дайындау, біліктілігін көтеру жұмысы Кеңестің құзыретіне беріледі. Сондай-ақ, олардың шекті жасын ұзарту, өкілеттігін тоқтату мәселесімен де осы мекеме айналысады. Бұл мемлекеттік орган нақты кадрлық функциялары бар, толыққанды институтқа айналуы керек. Кадрларды іріктеуден бастап, барлық деңгейдегі соттарды тағайындауға ұсыным беруге дейінгі бүкіл міндет соларға жүктеледі.
Күштік құрылымдар сотқа ықпал етпеуге тиіс. Бұл – өте маңызды. Судьяларға әкімшілік қысым көрсететін амал-тәсілдің бәрі жойылуы керек. Судьялардың қызметіне араласуды шектей отырып, олардың заң бұзғаны үшін жауапкершілігін арттырамыз. Судьяның өрескел қателік жіберген және күшін жойған әрбір сот актісін Қазылар алқасы тексеруге тиіс.
«Сот төрелігін атқару сапасы» бойынша судьяларды бағалау және жауапкершілікке тарту институтын түбегейлі қайта қараған жөн.
Апелляция институтын реформалау қажет. Істер бірінші сатыдағы сотқа қайтарылмай, нақты мән-маңызы бойынша шешім шығарылуы керек.
Әкімшілік әділеттің қолданылу аясын да кеңейту қажет. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың ауқымды бөлігінің және мемлекеттік органдармен арадағы азаматтық-құқықтық даулардың Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен реттелуі отандық сот төрелігін барынша ізгілендіріп, әділдікке бастайды. Сонымен бірге, аудандық және облыстық соттар деңгейіндегі сот төрелігінің қолжетімді болу мәселесін пысықтау керек.
Бизнес өкілдері сот алымдарының тым жоғары болуы олардың өз мүддесін қорғауына айтарлықтай кедергі келтіреді деп есептейді. Бұл – орынды пікір. Сондықтан, қазіргідей талап-арызда көрсетілген сомадан алынатын пайыз мөлшерінің орнына мүлік даулары бойынша ойға қонымды алым мөлшерін белгілеу қажет.
Мемлекеттің сот процесіне қатысуын азайтқан жөн. Мемлекеттік органдар арасындағы сот дауларын да ретке келтіретін кез келді. Егер екі министрлік заң нормаларын әртүрлі түсінсе, ондай мәселені Үкімет түпкілікті шешуге тиіс. Дәл осындай тәсілді мемлекеттік органдардың мемлекеттік ұйымдармен арадағы дауларына да қатысты қолдану қажет.
Түрлі өңірде ұқсас істер бойынша әртүрлі шешімдер қабылданатын жайттар жиі кездеседі. Қазір цифрлық талдау жасайтын құрал әзірленуде. Сол арқылы сот төрелігін атқару ісін біріздендіруге мүмкіндік туады. Жоғарғы Сот осы интеллектуалды жүйені толық енгізуді тездеткені жөн.
Әрине, сот жүйесін реформалау мұнымен аяқталмайды. Бұл шаруамен мамандар Жоғарғы Соттан тыс айналыса береді. Осы қадам үдеріске бәсекелік сипат беріп, оны қоғам өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар үшін ашық, яғни, анағұрлым тиімді етеді.
Келесі мәселе – құқық қорғау органдарын реформалау туралы. Бұл сала әрдайым қоғамның жіті назарында.
«Қасіретті қаңтар» оқиғасы тәртіп сақшылары үшін нағыз сынақ болды. Ол кезде арандатушылардың кесірінен шерулер жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Оның ақыры мемлекетке қарсы бүлік шығаруға әкеп соқтырды. Жұртты арандатушылардың көбі шартты немесе жеңіл жазамен құтылып кетті. Шын мәнінде, олардың кінәсі әлдеқайда ауыр. Өйткені, жағдайды қасақана ушықтырды. Соның салдарынан іс насырға шауып, қайғылы оқиғалар болды.
Маған құқық қорғаушылар, адвокаттар қауымдастығының өкілдері бірнеше рет өтініш жолдады. Олар елді жаппай тәртіпсіздікке үндеген адамдарды қатаң жазалау қажет екенін айтты. Бұл – орынды ұсыныс. Сондықтан өкілетті органдарға осы мәселені қарастырып, нақты шара қабылдауды тапсырамын.
Біз кез-келген ашық арандатушылыққа және заңсыз іс-әрекетке қатаң тосқауыл қоюымыз керек. Ел ішіне іріткі салған және заң бұзуға шақырған адамдар қатаң жазадан құтылып кетпейді.
«Саяси плюрализмге ашықпыз, экстремизмнен, қарақшылық пен бұзақылықтан қашықпыз» деген ортақ қағиданы бүкіл қоғамның есіне салғым келеді. Қасақана арандату басталған жерде, сөз бостандығы мен пікір алуандығы туралы әңгіме қозғаудың өзі артық. Бұл – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, мемлекеттің тұғырын шайқауға әрекеттену деген сөз.
Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр.
Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым.
Рақымшылық жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысы бар адамдарға, сондай-ақ, мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті күшпен басып алуға әрекеттенгені үшін айыпталғандарға қолданылмайтыны түсінікті. Сондай-ақ, лаңкестік және экстремистік қылмыс жасағандарға, рецидивистерге, жұртты азаптағандарға рақымшылық болмайды.
Біз адамгершілік таныта отырып, осы қайғылы оқиғадан тиісті қорытынды жасаймыз. Мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбайды. Бұған жол бермейміз.
Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған азаматтардың жағдайы төмен отбасыларына материалдық көмек беріледі. «Қазақстан халқына» қоры да осы игі іске лайықты үлес қоса береді деп ойлаймын.
Біз қаңтар оқиғасынан сабақ алып, қоғамдық қауіпсіздікті едәуір күшейту қажеттігін түсіндік. Соңғы кезде адам өлтіру, қарақшылық жасау сияқты ауыр қылмыстар көбейіп барады. Аса қатыгездікпен жасалатын мұндай әрекеттер бүкіл қоғамға қатер төндіреді. Жазаны қатайту, мұндай қылмыс жасағандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды доғару арқылы осы қауіпті үрдістің тамырына балта шабу керек.
Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі, мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ, қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды.
Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет. Сондықтан, полиция қызметкерлері олармен өте мұқият жұмыс жүргізіп, тиісті шаралар қолдануы керек.
Синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіруде. Қазіргі ахуал өте күрделі, соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі 10 есе артқан. Уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастады. Нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер арқылы емін-еркін сатып алып жатыр. Есірткіні, тіпті, үйге әкеп беретіндер бар. Бұл – аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел.
Синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс. Сондықтан, Нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажет.
Интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге айрықша назар аудару керек. Құқық қорғау органдары мұндай қатерлерді анықтап, қылмыскерлерді құрықтау үшін ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуі қажет. Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық және қаржылық сауатын жүйелі түрде арттырған жөн.
Бюджет қаржысын және жалпыұлттық байлықты талан-таражға салатын жемқорлық әрекеттер мен оның астыртын жолдарын ұйымдастырушыларды іздеуге, түпкі амал-тәсілдерін анықтауға барынша күш салу өте маңызды.
Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді мұқият саралап, ондағы қолданылмайтын немесе сот төрелігіне кедергі келтіретін артық-ауыс нәрсенің бәрінен арылу қажет. Тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін оларды қайта-қайта өзгерте бермеу қажет. 2015 жылдан бері Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге 1200-ден астам өзгеріс енгізілген.
Уақытша жағдайларға байланысты немесе аясы тар корпоративті мүдделерге бола заңдарды өзгертуге жол берілмеуге тиіс. Сондықтан, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы түзету құзыретін Әділет министрлігіне беру қажет. Ол үшін мекеменің кадрлық әлеуетін нығайтып, заң шығару қызметінің сапасын арттыру керек.
Құрметті отандастар!
Біз бүгін алдағы реформалардың бағыт-бағдарын айқындап алдық. Енді мемлекетімізді және қоғамның барлық саласын жаңғырта түсуге тиіспіз.
Саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры. Реформалардың мазмұны жан-жақты толыға түспек. Жалпыұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы.
Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу.
Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ. Ел бірлігі қашанда ең басты құндылық саналған. Қазір оның өзектілігі арта түсті.
Халқымыз татулық пен тұрақтылыққа ерекше мән берген. Оны бәрінен биік қойған. Біз дәл осы кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білуіміз керек.
Құрметті Парламент депуттатары!
Қадірлі отандастар!
Мемлекетіміздің болашағына тікелей қатысы бар ой-пікірлерімді ортаға салғым келеді.
Қазіргі геосаяси жағдайда біз мемлекеттілігімізді біртіндеп нығайтып, реформалар мен жаңару бағдарын нық ұстануымыз қажет. Барынша мұқият әрекет жасап, еліміздің ұзақ мерзімді мүддесіне сай жұмыс жүргізуіміз керек. Реформалардың қазіргі қарқынын сақтау, саяси мәселелердің бәрін кейінге қалдырмай шешу аса маңызды. Ол үшін алдағы сайлау кезеңдерін тиімді жоспарлау қажет.
Президенттің кезекті сайлауы 2024 жылы, ал Парламент сайлауы 2025 жылы өтуге тиіс екенін баршаңыз білесіздер. Жаңа стратегияға сәйкес басты мемлекеттік институттарды кешенді түрде қайта жаңғыртуға кірісу қажет деп санаймын. Бұл қадам бізге әр азаматымыздың әл-ауқатын арттыру және бүкіл елімізді өркендету жолындағы ортақ жұмысты жандандыруға мүмкіндік береді.
Билік өзінің жоспарын қоғамнан жасырын ұстайтын саяси дәстүрден арылуымыз керек. Сондықтан, мен бүгін алдағы сайлау науқандарының кестесін барша халыққа жариялағым келеді.
Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет.
Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын.
Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ, қайта сайлануға тыйым салынады.
Бұл бастаманың негізі қандай? Бір жағынан, 7 жыл – кез-келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті кезең. Екінші жағынан, Президент мандатын бір мерзіммен шектеу Мемлекет басшысының жалпыұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуге барынша жұмылуын қамтамасыз етеді.
Тіршілік тоқтамайды, жаһандық үдерістер мен ел ішіндегі қоғамдық дамудың қарқыны күн өткен сайын артып келеді.
Мен ұсынып отырған конституциялық жаңалық билікті монополизациялау қаупін айтарлықтай азайтады. Дәл осы себепті, мен Президентті бір мерзімге ғана сайлау нормасын енгізуді ұсынып отырмын. Біз билікті жасақтаудың және оның қызметін қамтамасыз етудің өркениетті қағидаттарын бекітуге тиіспіз.
Жаңа президенттік жүйе саяси тұрақтылықты нығайтып, қоғамдық құрылыстың қазақстандық үлгісін орнықтырады. Президентті бір мерзімге ғана сайлау нормасын сайлаудан кейін Парламенттің қарауына ұсынамын. Парламент оң шешім қабылдаса, Отанымызда жаңа саяси дәуір басталады.
Елімізді саяси жаңғырту үдерісінде парламентаризмді дамыту ісі айрықша орын алады. Жаңарған Ата заңымыз әділ әрі ашық ережелері бар саяси жүйенің мүлде жаңа стандарттарын енгізеді. Саяси партияларды тіркеу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді. Парламент пен мәслихаттарды партиялық тізім және бір мандатты округ бойынша жасақтаудың тың тәсілдері іске қосылады.
Жалпы, конституциялық реформада көзделген институционалдық өзгерістің бәрін осы жылдың соңына дейін заңмен бекітіп, аяқтау қажет. Бұл өзгерістер саяси партиялардың санын арттырады, саяси бәсекені күшейтеді, халық қалаулыларының жаңа легі пайда болуына септігін тигізеді.
Бұрынғы тәртіп бойынша сайланған биліктің өкілді органдарының кезектен тыс сайлау науқаны арқылы жаңаруы заңдылық. Сондықтан, Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдың бірінші жартысында өткізуді ұсынамын.
Біз көпшіліктің мүддесін білдіретін депутаттардың жаңа құрамын жасақтаймыз. Бұл қадам мәслихаттар мен Парламент жұмысының тиімділігін арттырары сөзсіз. Болашақта Үкімет құрамына сайлаушылардың басым көпшілігінің дауысын алған саяси күштердің ғана емес, Парламенттегі басқа да партиялардың өкілдері кіруі мүмкін. Мұндай тәсіл атқарушы билікке бүкіл қоғамның талап-тілегін ескеретін тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Сонымен, биыл Президент сайлауы, келесі жылы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Содан кейін Үкімет құрамы жасақталады. Соның нәтижесінде 2023 жылдың ортасында Президент, Парламент, Үкімет сияқты негізгі саяси институттардың бәрі қайта жаңғырып, жаңарады.
Біз ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыру аса маңызды. Жаңа сайлау науқанының мерзімдерін және оның ретін елге ашық жариялау шешім қабылдау кезіндегі ашықтық қағидатына сай келеді. Осы қадамның бәрі біздің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» атты басты формуламызды біртіндеп нақты мән-мазмұнмен байыта түседі.
Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды. Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын. Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз.
Әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталды. Алдағы жолдың қиындығы көп. Бұл бағдарымыз ешқашан өзгермейді, ішкі және сыртқы ахуал қандай болса да жалғаса береді. Қол қусырып отыратындар мен қасақана кедергі жасайтындарға орын жоқ.
Біз таңдаған жолымыздан айнымаймыз!
Ендеше, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!
Қасиетті Отанымызды бірге өркендетейік, ағайын!
30
Наурыз
2021
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..
Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.
Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы
Елтаңбасы– мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді
Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.
Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Qazaqstan» деген жазу – алтын түстес.
Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.
Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.
Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады.
Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.
Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.
Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.
Сөзі - Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденовтікі, музыкасы - Шәмші Қалдаяқовтікі
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Построчный перевод текста Государственного Гимна Республики Казахстан:
В небе золотое солнце,
В степи золотое зерно.
Сказание о мужестве – моя страна.
В седой древности Родилась наша слава,
Горд и силен мой казахский народ.
Припев:
О, мой народ!
О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.
У меня простор неоглядный
И дорога, открытая в будущее.
У меня независимый,
Сплоченный, единый народ.
Как извечного друга
Встречает новое время
Наша счастливая страна, наш народ.
Припев:
О, мой народ!
О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.