|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Кітап оқитын ұлт» марафонының қатысушысы —Шақырман Айдана Дүйсембайқызы.
Кітап оқу — білім мен рухани байлықтың қайнар көзі. Әр оқылған кітап адамның ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын қалыптастырады. Осындай игі бастаманы қолдап, «Кітап оқитын ұлт» марафонына белсенді қатысып отырғаныма қуаныштымын
|
28
Қыркүйек
2026
|
Бүгін 5 «А» сыныбында оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Туған жер табиғаты – баға жетпес байлық» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар туған өлкенің табиғи байлықтары туралы ой бөлісіп, табиғатты қорғаудың маңыздылығын талқылады. Қоршаған ортаны таза ұстау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және туған жердің көркем табиғатын сақтау жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.
Туған жерді сүю – оның табиғатын аялаудан басталады!
Өткізген сынып жетекшісі: А.Д.Шақырман







