|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
8
декабря
2025
|
- Просмотров: 88
11сынып оқушыларымен мектеп психологы А. Жуматова ҰБТ -ге дайындық кезеңінде мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын қалыптастыру , өздеріне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында “ Емтиханға қалай дұрыс дайындалу керек. Табысты бастама” атты тренинг өткізді. Тренинг барысында шағын дәріс, кинезиологиялық жаттығулар түрлерімен танысып, оларды дұрыс пайдалану, табысты адам моделін оқушылар құрастыруды үйренді.
|
5
декабря
2025
|
- Просмотров: 144
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен аудандық «Тәртіп отбасынан басталады» спорттық эстафетасында Сағынбековтар отбасы жүлделі І орынға ие болды.
Эстафетаға мектебіміздің 8 “А” сынып оқушысы Мұрат Ботажан, әкесі Сағынбеков Мереке Муратұлы және анасы Нұрбаева Дана Мұхтарқызымен бірге қатысып, жоғары нәтижемен көзге түсті.
Жеңістеріңіз құтты болсын!
Отбасының ауызбіршілігі мен үлгілі тәртібі баршаға өнеге болып қала берсін.
|
8
декабря
2025
|
- Просмотров: 98
Жаратылыстану апталығының мақсаты – оқушылардың табиғат құбылыстары жөніндегі білімін кеңейту, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
Апталық барысында биология, химия, география, тарих пәндері бойынша «Білім жәрмеңкесі» ұйымдастырылуда.
Барлық оқушыларды өз білімдерін шыңдап, белсенді түрде апталыққа қатысуға шақырамыз!
Жаратылыстану апталығының ашылу салтанатынан үзінді…
- Просмотров: 141
Желтоқсан айында оқушылар жаңа жылдық мерекені ұлттық нақышпен қарсы алады.
6, 7,9 интернат тәрбиеленушілері
этностильдегі шырша ойыншықтарын өз қолдарымен жасады.
Болашақ — ұлттық рухты сақтайтын жас ұрпақтың қолында!
Тәрбиешілер: Абилова Г.Б. Мылтықбай Т.Ж.
|
8
декабря
2025
|
- Просмотров: 125
Аудандық жас мамандар арасында өткен дебат турнирінде мектебіміздің мұғалімдері — Б.М. Қайрат пен А.Д. Шақырман қатысып, жүлделі I орынды иеленді.
Құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп болсын!

|
4
декабря
2025
|
- Просмотров: 136
Адал азамат – жарқын болашақтың кепілі.
Таза ой, таза ниет, таза әрекет – біздің ұстаным.
2-3-сынып интернат тәрбиеленушілерімен "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында түсірілген бейнеролик.
Сынып тәрбиешілері: Н.М.Амирова
А.О.Садыкова
- Просмотров: 130
|
3
декабря
2025
|
- Просмотров: 136
«Зорлық-зомбылықсыз 16-күн» акция аясында 8-9 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге Баянауыл аудандық полиция бөлімінің әйелдерді қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенаты Е.Мекеновна келіп дәріс оқыды.
Кездесудің мақсаты: Тұрмыстық зорлы-зомлықтың алдын алу.
|
8
декабря
2025
|
- Просмотров: 112
“Айналаға қамқорлық жасаймыз” “Қамқор” жобасы аясында құстарға жемсауыттар жасау акциясына 2 в сынып оқушысы Тусупбаев Даниал белсене қатысуда.
|
3
декабря
2025
|
- Просмотров: 128
МИФ пәндік апталық қорытындысы негізінде мектебімізде «Жасанды интеллектті сабаққа кіріктіру жолдары» тақырыбында мазмұнды әрі әсерлі семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты – мұғалімдердің тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім сапасын арттыру және оқыту үдерісіне жаңа серпін беру болды.
Іс-шара барысында қатысушылар жаңартылған білім мазмұнына қатысты озық идеялармен бөлісіп, практикалық жұмыстар орындады. Сонымен қатар, семинарға қатысқан мұғалімдер заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану жолдарын талқылап, өз тәжірибелерінен мысалдар келтірді. Ұсынылған материалдар мен әдістемелік бағыттар қатысушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға үлкен мүмкіндік берді.
Семинар соңында қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып, болашақта қолдануға болатын жаңа идеялар мен жоспарлар құрды. Мұндай шаралар ұстаздардың кәсіби дамуына, білім беру сапасының көтерілуіне және оқушылардың оқу мотивациясының артуына өз үлесін қосатыны сөзсіз.






