|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
Көктемді демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында наурыздың 26-сы күні мектебіміздің 7- сынып оқушылары Екібастұз қаласына 1 күндік саяхат ұйымдастырылды. Оқушылар Екібастұз қаласының кинотеатрына барып, “Самғау” балалар-шығармашылық мектебіне экскурсия жасалды. Мектеп әкімшілігіне, ата-аналарға үлкен рақмет !
|
26
марта
2026
|
Мектебіміздің оқушыларының қауіпсіздігін сақтау және түнгі уақытта жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ауыл көшелеріне бақылау жасалып, түнгі кезекшілік рейд жүргізілді.

|
27
марта
2026
|
Көктемгі демалысты кітаппен өткізейік! 📚🌸
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Әдебиет әлемінде көктем самалы” атты кітап оқу челленджі жалғасуда.
Аталған челленджге 8 “Ә” сынып оқушылары белсене қатысуда. Соның ішінде Шариполла Жазира, Жапарбергенов Нұржалғас және Жунусов Айқын өздерінің кітап оқуға деген қызығушылықтарын көрсетіп, бос уақыттарын пайдалы өткізуде.
Кітап оқу – ой-өрісті кеңейтетін, білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Осындай игі бастамалар арқылы оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігі арта түсуде.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейд жұмыстары жүргізілді.
Рейдтің негізгі мақсаты- оқушылар және жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу және кешкі мезгілде жасөспірімдердің ата-анасының қарауынсыз жүрмеуін қадағалау.

|
27
марта
2026
|
Оқушыларының қауіпсіздігін сақтау және түнгі уақытта жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын -алу мақсатында ауыл көшелеріне бақылау жасалып, түнгі кезекшілік рейд жүргізілді

|
21
марта
2026
|
Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз құтты болсын! 🌷
Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының басшысы мен мектеп оқушылары баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, береке мен бірліктің мерекесі. Бұл күні әр шаңыраққа қуаныш, әр отбасына бақыт пен молшылық тілейміз.
Ақ мол болсын!
Ырыс-береке арта берсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын! 🌿
|
21
марта
2026
|
21 наурыз — Ынтымақ күні ❤️
Бұл күн — жүректерді жақындатып, адамдарды бір мақсатқа біріктіретін ерекше мереке.
Ынтымақ бар жерде — береке бар,
Бірлік бар жерде — тірлік бар ✨
Әр шаңыраққа татулық,
Әр жүрекке жылулық сыйлайтын осы күнде
еліміздің бірлігі нығайып, достығымыз арта берсін! 🤝
Бірлігіміз бекем,
Ынтымағымыз жарассын!







