|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
14
Сәуір
2026
|
- Қаралды: 447
Құттықтаймыз!
Мағжан Жұмабаев шығармашылығына арналған “Мағжан оқулары” республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінде мектебіміздің 10-сынып оқушысы Қайрат Бекарыс жүлделі III дәрежелі диплом иегері атанды.
Жетістікке жеткен оқушымызды және жетекшісі, мұғалімі Т.Қ. Ахатовты шын жүректен құттықтаймыз!
Жас дарынның алар асуы биік, шығармашылық табыстары мол болсын!

- Қаралды: 439
Бүгін мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Торайғыров университеті оқытушылары оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында университет мамандары оқу орнының білім беру бағдарламалары, мамандықтар, оқу мүмкіндіктері және студенттік өмір туралы кеңінен ақпарат берді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықтарын таңдауға қатысты пайдалы мәліметтер алды. Мұндай кездесулер жас түлектерге дұрыс кәсіби бағыт таңдап, болашаққа нық қадам жасауға үлкен мүмкіндік береді.
- Қаралды: 443
Байқаудың мақсаты: Үздік эко-сынып рейтингісін анықтап, үлгі ретінде насихаттау
Байқаудың міндеттері: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сынып бөлмесін күтіп ұстауға жауапкершілікті арттыру. Еңбекқорлық пен ұйымшылдықты дамыту. Табиғат бұрыш ұйымдастыру
Байқауға қатысушылар: Мектептің барлық сыныптары (1–11 сынып).
Байқаудың өту уақыты: 17 -сәуір 2026 жыл
Бағалау комиссиясы: Комиссия құрамында
Мектеп-интернат басшысы: Досмагамбетова С.С
Басшының шаруашылық меңгерушісі: Рахимов М.К,
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Укубасова Г.З,
Қамқорлық кеңес төрайымы: Боканова А.А.
Биология пәнінің мұғалімдері : Адильбекова С.С, Смагулова Қ.Ы
Мектеп дәрігері: Сакенова Ф.О
Бағалау критерийлері: Әр сынып 4 бағыт бойынша бағаланады.
1. Сынып бөлмесінің тазалығы : Еден таза, жуылған . Қоқыс жоқ.Терезе алды таза , жиһаз бүлінбеген.
2.Парталардың реті : Парталар түзу орналасқан.Үстел беті таза.Оқушы заттары реттелген.
3. Тақтаның тазалығы : Сабақтан кейін тақта сүртілген.Бор қалдықтары жоқ.
4. Гүлдер мен бұрыштар: Гүлдер суарылған .Табиғат бұрышы реттелген .Сұрыптау жәшіктердің болуы тиіс.
Байқау шарттары
• Мектеп мүлкіне ұқыпты қарау
• Сынып таза, үйлесімді ұқыпты болуы
• Сынып безендіруінің эстетикалық талғамға сай болуы
• Табиғат бұрышы болу керек,сұрыптау жәшіктерінің болуы,гүлдер саны мен күтімі (6-дан кем болмауы тиіс)
Жеңімпаздарды анықтау: Байқау жеңімпаздары І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады.
І-дәрежелі диплом – «Эко сынып»
ІІ-дәрежелі диплом – «Ұқыпты сынып»
ІІІ-дәрежелі диплом – «Таза сынып»
Жауаптылар: Төлеубекова Н.М, Сейтова Ж.С /Байналыс нөмерлері- 87056400732, 87715310012/
|
13
Сәуір
2026
|
- Қаралды: 451
Республикалық “Заң және тәртіп” тұжырымдамасының республикалық жоспары аясында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен буллингтің алдын алу мақсатында мектебімізде “Сот отырысы” және “Заңгер алаңы” интеллектуалды ойындары өткізілді. ⚖️📚
Іс-шара барысында оқушылар заң талаптарын, құқықтары мен міндеттерін тереңірек танып, түрлі жағдаяттарды талдау арқылы әділ шешім қабылдаудың маңыздылығын түсінді. Ойын формасында ұйымдастырылған бұл шара жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды.
|
14
Сәуір
2026
|
- Қаралды: 453
Интернат тәрбиеленушілерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп-интернаттың тігінші маманы Сәуле апайымызбен бірге ұлттық стильде бас киім тігу жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз қолдарымен тақия тігіп, оны әшекейлеу арқылы ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттырды.
Бұл жұмыс балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосты. ✨
Тәрбиешілер: Абилова Г. Мылтықбай Т.
|
11
Сәуір
2026
|
- Қаралды: 462
Жеңісті құттықтаймыз!
Әскери-патриоттық клубтар арасындағы облыстық «Алау» жарысында Баянауыл «Жас сарбаз» командасы жүлделі ІІ орын иеленді. 🏆
Жарыс барысында қатысушылар әскери дайындық, саптық жүріс, ептілік пен командалық бірлікті талап ететін түрлі кезеңдер бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Біздің команда жоғары дайындық пен ұйымшылдық танытып, үздіктер қатарынан көрінді.
Жас сарбаздарды осы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ел намысын қорғайтын азаматтар болуларына тілектеспіз.
Жетекшісі: А.С.Тұрсынбай

- Қаралды: 443
Республикалық “Таза Қазақстан” акциясы аясында Түлектер аллеясы – игі дәстүр
Мектебімізде 11-сынып түлектерінің қатысуымен “Түлектер аллеясы” атты игі шара өтті. Шара барысында түлектер мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, туған білім ордасына деген құрметі мен алғысын білдірді. 🌱
Бұл бастама – табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны көгалдандыруға бағытталған маңызды іс. Оқушылар отырғызған әрбір ағаш – олардың мектеппен байланысты естелігі мен болашаққа қалдырған ізі.
Түлектер аллеясы – жас ұрпақты табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа және туған мектебін қадірлеуге тәрбиелейтін мағыналы шара болды. 🌳
- Қаралды: 449
“Таза табиғат – таза болашақ” тақырыбында тәрбие сағаты өтті!
Тәрбие сағаты барысында оқушылар қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсініп, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды үйренді ♻️
Табиғатты аялау – әрбіріміздің міндетіміз екенін ұғына отырып, оқушылар табиғат жанашырларына айналуға қадам жасады.
Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі!
|
11
Сәуір
2026
|
- Қаралды: 434
12 сәуір — адамзат тарихындағы ерекше күн. 1961 жылы дәл осы күні кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин алғаш рет ғарышқа ұшып, Жерді айналып шықты. Бұл оқиға ғылым мен техниканың үлкен жетістігі болып, жаңа дәуірдің басталуына жол ашты.
Қазақстан үшін де бұл күннің маңызы зор. Себебі әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағы біздің елімізде орналасқан. Сонымен қатар қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер — Тоқтар Әубәкіров, кейіннен Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов сияқты батырлар ғарышты бағындырды.
Мектепалды “Ә” сыныбында осы тақырыпқа арналған тәрбие сағаты өтті. Өткізген сынып тәрбиешісі Б.З.Ибадуллина







