|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
6
Сәуір
2026
|
- Қаралды: 242
“Family day” акциясы аясында “Анаммен бірге” тақырыбынба акциясы қатысушы Кедербай Мунира 1 “А”
- Қаралды: 255
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Оқы, Талқыла, Суретте» атты танымдық әрі шығармашылық шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқыған шығармаларын талдай білуге үйрету және қиялын сурет арқылы жеткізуге мүмкіндік беру.
Шара барысында балалар өздеріне ұнаған кітаптарды оқып, мазмұнын талқылады, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беріп, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, оқыған шығармаларынан алған әсерлерін сурет арқылы бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Балалардың белсенділігі мен қызығушылығы шараның жоғары деңгейде өткенін айқындады.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен үлес қосады.
- Қаралды: 243
Мектебімізде 5–8 сынып оқушылары арасында “Өлең – жүректің үні” атты өлең оқу сайысы өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, поэзия арқылы рухани дүниесін байыту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту болды.
Сайыс барысында оқушылар қазақ ақындарының жүрек тебірентерлік өлеңдерін жатқа, әсерлі әрі мәнерлеп оқыды. Қатысушылардың әрқайсысы өз өнерлерін барынша көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Оқушылардың сахна мәдениеті, дауыс ырғағы, сезіммен жеткізу шеберлігі қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен оқушылар марапатталып, алғыс хаттармен және дипломдармен наградталды. Бұл шара оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, олардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттырды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.
- Қаралды: 245
2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күніне орай әсерлі іс-шаралар өтті.
Бұл күні кітапхана ерекше қонақтарға — балаларға толы болды. Балалар сүйікті ертегілер мен әңгімелерден үзінділер оқып, қызықты ойындарға қатысты.
Іс-шара барысында Сондай-ақ, балалар викторинаға қатысып шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Кітапхана қызметкерлері балаларға кітап оқудың маңызы туралы әңгімелеп, жаңа шыққан әдебиет оқулық кітаптарымен таныстырды.
Кітапхана осындай іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың оқуға деген сүйіспеншілігін арттыруды жалғастыра беретін болады.
- Қаралды: 248

- Қаралды: 258
11 «Ә» сынып оқушыларымен Тұманбай Молдағалиевтің «Бауырлар» өлеңінің көтерілген мәселесі тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар өлеңнің көтерілген мәселесін терең талдап, пікір алмасу, талдау жұмыстары арқылы оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық деңгейі арта түсті. Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсене қатысты.
Ашық сабақты өткізген ұстаздар: Е.М. Саликова мен Д.К. Шитова.
|
3
Сәуір
2026
|
- Қаралды: 259
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің
«Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне төмендегідей бос орындарға қабылдау бойынша конкурс өткізілетінін хабарлаймыз:
Бос лауазым:
• Педагог-ассистент (ер адам)– 1 бірлік (160 000 тг)
Орналасқан жері:
Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, М.Шорманов көшесі, 2 үй.
Электрондық пошта мекенжайы:
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Байланыс телефоны:
8 (718) 40 92 518
Мерзімі: бос орын
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
Жоғары білімді, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжат сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
ЖАЛҒАСЫ ⬇⬇⬇
- Қаралды: 251

|
3
Сәуір
2026
|
- Қаралды: 244
Ертегілер әлемі аясында өткізілген 1”А” сынып оқушыларының “Қазақтың мақтанышы бренді” атты қойылымы







