ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
20
Қараша
2025

Құрметті Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының ұстаздары!
Сіздерге хабарлаймыз, аудандағы білім беру ұйымдарында ата-аналардан қаржы жинауға қатаң тыйым салынған. Бұл талап Павлодар облысы Білім беру басқармасының ресми бұйрығында бекітілген: 2022 жылғы 14 қарашадағы № 2-02/542 «Облыстың білім беру ұйымдарында ақша жинауға тыйым салу туралы» бұйрығы.
Құрметпен,
мектеп-интернат басшысы:С.С.Досмагамбетова

20
Қараша
2025

8-9сынып тәрбиеленушілерімен “Буллинг” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Өткізген: Ш.Н.Фаменова, Г.Б.Абилова
Мақсаты: Буллинг» және «Кибербуллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу; Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.

20
Қараша
2025

“Заң және тәртіп” мазмұндама.
Заң және «Заң мен тәртіп – бейбітшілік пен әділдікке бастайтын жол» тақырыбында 7-8 сынып мазмұндама жазды.
«Полиция мен балалар — қауіпсіздік үшін бірге»
тақырыбында 9-11 сынып мазмұндама жазды.

46

20
Қараша
2025

Құттықтаймыз!
«Қыз – еркем, қылығымен көркем» атты аудандық байқауда Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының «Аққу» клубының қыздары II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі — Е.М.Саликова

Ақылды қыз – елдің көркі, тәрбиелі қыз – ұлттың тірегі!

35

20
Қараша
2025

“Толқынға қарсымын” лудоманияның алдын алу бойынша мектеп психологы және әлеуметтік педагог 5-11 сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

42

20
Қараша
2025

Мектепшілік жайдарман ережесі:


1. Жалпы ережелер
1.1. Өткізу мерзімі: 3 желтоқсан
Редактура – 2025 жылғы 2 желтоқсан күні
1.2. Байқаудың жалпы тақырыбы: «Бірлік және Ынтымақ»
1.3. Байқау – оқушылардың шығармашылық әлеуеті мен қабілеттерін жүзеге асыруға бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шара.

2. Мақсаты мен міндеттері
2.1. Балалар ұжымында ізденіс пен шығармашылық ахуал қалыптастыру.
2.2.. Қатысушылардың адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтарын қалыптастыру, эстетикалық және көркемдік талғамын дамыту.
2.3. Оқушыларды бос уақытты тиімді өткізудің белсенді түрлеріне кеңінен тарту.
2.5. Мектеп КВН командалары мен жеке орындаушылардың шығармашылық өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасау.
2.6. Мектеп оқушылары арасында КВН қозғалысын насихаттау және дамыту.

3. Қатысу шарттары
3.1. Байқау мемлекеттік тілдерін өткізіледі.
3.2. Қатысушылар – 5–8 сыныптар. (әр сыныптан 1 команда)
3.3. Команда құрамы – 10 адамға дейін.
3.4 Сахна мәдениетін сақтау.

4. Байқау қазылар алқасы
4.1. Командалардың өнер көрсетуін бағалау үшін қазылар алқасы құрылады.
4.2 Қазылар алқасының мүшелерінің саны – тақ болуы тиіс.
4.4. Қазылар алқасының отырысы хаттамамен рәсімделеді.

5. Байқауды ұйымдастыру тәртібі
5.1. Байқау бағдарламасына келесі сайыстар кіреді:
• Сәлемдесу: «Бірлік және Ынтымақ» (5 минутқа дейін)

6. Қорытынды шығару
6.1. Жеңімпаздар қазылар алқасының көпшілік даусымен ең жоғары ұпай жинаған команда ретінде анықталады.
6.2. Жеңімпаз команда жеңімпаз дипломымен марапатталады.
6.3. Барлық қатысушы командаларға қатысушы дипломдары тапсырылады.

19
Қараша
2025

“Отбасы құндылығы” атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты:Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманнына лайық қылып шығару.11 - 10 сынып тәрбиешілері: Ж.Т.Садакова Б.С.Кадырбеков

34

20
Қараша
2025

Құрметті ата-аналар, ұстаздар және Баянауыл ауданының тұрғындары!

Грипп, ЖРВИ және COVID-19 ауруларының өсуіне байланысты мектептер мен балабақшаларда барлық қажетті санитарлық-профилактикалық шаралар жүргізілуде.

Барлық білім беру ұйымдарында күн сайын таңғы сүзгі ұйымдастырылған: ЖРВИ белгілері бар немесе өзін нашар сезінген балалар сабаққа жіберілмейді. Барлық мекемелерде оқушылар мен қызметкерлер еркін пайдалана алатын санитайзерлер мен антисептиктер жеткілікті.

Егер бір сыныпта инкубациялық кезең ішінде ЖРВИ-мен ауырғандардың саны 20–30%-ға жетсе, сыныптың дәстүрлі форматтағы оқу үрдісі уақытша тоқтатылуы мүмкін. Ал егер көрсеткіш 30%-дан асса, сынып 10 күнге онлайн оқыту форматына ауыстырылады.

Ата-аналардың алаңдаушылығын түсінеміз және әрдайым ашық диалогқа дайынбыз.
Барлық сұрақтар бойынша мектеп-интернат басшысынның WhatsApp желісіне хабар жолдай аласыз: +7 708 695 5342

Өзіңізді және балаларыңызды сақтаңыздар!

19
Қараша
2025

Миф-апталығы аясында “Scetchup бағдарламасында графикалық батл”өтті.Информатика пәні мұғалімдері

© 2026. Все права защищены.