|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
8
Сәуір
2026
|
- Қаралды: 244
Тәрбиешілер апталығы аясында 🌸
Интернат тәрбиеленушілерімен “Гүл әлемі” атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар түрлі материалдарды пайдаланып, ерекше гүлдер жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Сонымен қатар, тәрбиеленушілер синельді (пушистый) сыммен жұмыс жасауды үйреніп, одан әсем гүлдер құрастырып, жаңа қолөнер тәсілдерін меңгерді.
Шеберлік сағаты балалардың эстетикалық талғамын арттырып, қолөнерге деген қызығушылығын оятты. 🤍
Тәрбиешілер: Абилова Г. Мылтықбай Т.
|
7
Сәуір
2026
|
- Қаралды: 242
Құрметті ата-аналар!
Көктемнің шуағымен бірге балаларымыздың белсенділігі де арта түседі, алайда дәл осы кезенде олардың өміріне түнетін қауып қатерлер де еселенетіні сөзсіз. Осы орайда, білім беру басқармасы ата-аналарға, мұғалімдерге және барша ересектерге балалардың күнделікті өміріне мұқият қарауға шақырады.
Балаларымыздың өмірі біздің қолымызда. Әрбір ата-ана сақтық шараларын ұстанып, қауіпсіздік ережелеріне бей-жай қарамауы тиіс.
Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылы облыс аумағында балалардың терезеден құлап кетуінің 17 жағдайы тіркелген, соның 4 қайғылы жағдаймен аяқталды.
Әсіресе 2-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер үшін бұл аса қауіпті. Мұндай қайғылы жағдайлар көбіне ересектердің бейқамдығынан және терезеге арнайы қорғаныс құралдарының орнатылмауынан орын алады.
Сондай-ақ суға кету оқиғалары аландатарлық деңгейіне жетті. 2025 жылы облыста су айдындарында екі баланың қаза болуы тіркелді.
Бұл әсіресе 10-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі.
Мұның басты себептері қараусыз шомылу және арнайы рұқсат етілмеген, жабдықталмаған су айдындарында суға түсу.
Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін мына қарапайым бірақ аса маңызды ережелерді есте сақтаңыз:
- терезелерге сақтық құрылғыларын орнатыңыз – арнайы құлыптар, торлар мен бекіткіштер балалардың құлауына жол бермейді;
- тек қауіпсіз жерлерде суға түсіңіз – құтқару қызметі бар жағажайларды таңдаңыз, бейтаныс су айдындарынан аулақ болыңыз;
- балаларымызды қараусыз қалдырмаңыз – әсіресе су маңында, әрдайым бақылауда ұстаңыз;
- судағы қауіп-қатерлерді түсіңдіріңіз – биіктен суға секіру, тереңдікте ойнау және қатты ағыстарға жақындау өте қауіпті екенің үйретіңіз;
- балаларды алғашқы көмек көрсетуғе баулыңыз – суға кеткен адамға қалай көмек көрсету керектігін білудің өзі біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Құрметті ата-аналар, балаларымыздың амандығы біздің ең үлкен жауапкершілігіміз.
Біз олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Қайғылы жағдайларды алдын алу өз қолымызда.
Балаларыңызды қорғаңыздар!
|
8
Сәуір
2026
|
- Қаралды: 242
Мектебімізде табиғатты қорғау мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау мақсатында Экологиялық апталықтың ашылу салтанаты өтті. Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Ашылу барысында апталықта өткізілетін шаралар жоспарымен таныстырылды.
Алдағы күндері оқушылардың қатысуымен экологиялық акциялар, танымдық сабақтар, сайыстар мен шығармашылық байқаулар ұйымдастырылады.
🌱 Табиғатты қорғау – әрбір адамның ортақ міндеті. Экологиялық апталық аясындағы іс-шаралар қоршаған ортаны аялауға деген жауапкершілікті арттырады деп сенеміз.
♻️ Таза табиғат – жарқын болашақ кепілі!
|
7
Сәуір
2026
|
- Қаралды: 250
Тәрбиешілер апталығы аясында 8–9 сынып интернат тәрбиеленушілерімен «АИТВ және ЖИТС туралы не білеміз? Зиянды заттардың әсері» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға АИТВ мен ЖИТС туралы толық мағлұмат беру, олардың жұғу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіру, сондай-ақ зиянды әдеттердің адам денсаулығына тигізетін кері әсерін ұғындыру.
Сабақ барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап арқылы білімдерін толықтырды. Сонымен қатар, зиянды заттардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы кеңінен талқыланды.
Осындай тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, дұрыс өмірлік таңдау жасауына бағыт береді.
Тәрбиешілер: Фаменова Ш. Абилова Г.
- Қаралды: 246
Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Менің сүйікті кітабым» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға балалар белсене қатысып, өздерінің сүйікті кітап кейіпкерлерін бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әрбір жұмыс ерекше мазмұнға ие болып, көрермендердің қызығушылығын арттырды. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.
- Қаралды: 237
Тәрбиешілер апталығы аясында 6–7 сынып интернат тәрбиеленушілерімен «Тіл – татулықтың тірегі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушылар ана тілінің маңыздылығы, көптілділіктің артықшылықтары және тіл арқылы ұлт бірлігі мен достықтың нығаятыны туралы ой бөлісті. Әртүрлі тапсырмалар мен пікір алмасу арқылы тәрбиеленушілер өз білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың тілге деген құрметін арттыру, бірлік пен татулыққа тәрбиелеу болды.
Тәрбиешілер: Стеуменова А. Мылтықбай Т.
|
6
Сәуір
2026
|
- Қаралды: 232
Тәрбиешілер апталығы 📚
Мектебімізде 6–10 сәуір аралығында
“Білім берудің қай түрі болмасын – тәрбие” тақырыбында
тәрбиешілер апталығы басталды.
Апталықтың мақсаты – тәрбие жұмысының сапасын арттыру, тәжірибе алмасу және оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ету болды.
Апта бойы тәрбиешілер түрлі ашық тәрбие сағаттарын, танымдық іс-шаралар мен шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылады.
|
7
Сәуір
2026
|
- Қаралды: 234
Интернат тәрбиешілерінің көзге көрінбейтін еңбегі — бұл сырт көзге байқала бермейтін, бірақ бала өмірінде аса маңызды рөл атқаратын жұмыс.
Тәрбиеші тек балаларды бақылап қана қоймайды. Олар әр баланың көңіл-күйін сезіп, ішкі жан дүниесін түсінуге тырысады. Кейде бала үйін сағынып, мұңаяды — дәл сол сәтте тәрбиеші анасының орнын басып, жылы сөз айтып, қолдау көрсетеді. Бұл – қағазға жазылмайтын, бірақ жүрекпен атқарылатын еңбек.
Сонымен қатар тәрбиешілер:
– балалардың тәртібін қадағалайды
– сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастырады
– әр баланың мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етеді
– өмірлік дағдыларды үйретеді (тазалық, жауапкершілік, сыйластық)
Көп жағдайда олардың еңбегі көзге көрінбейді, өйткені бұл — күнделікті қайталанатын, бірақ нәтижесі уақыт өте байқалатын жұмыс. Баланың тәрбиелі, саналы азамат болып қалыптасуында тәрбиешінің үлесі орасан зор.
|
6
Сәуір
2026
|
- Қаралды: 247
“Family day” акциясы аясында “Анаммен бірге” тақырыбынба акциясы қатысушы Кенжехан Айзере 1 “А”








