ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
22
сентября
2025

📢 «Саламатты мектеп» жобасы аясында
🏫 “Салауатты өмір салтын ұстанамыз” ✨
Біздің мектепте салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шаралар жалғасуда! 💪🌿
🔹 Дұрыс тамақтану
🔹 Спортпен шұғылдану
🔹 Жеке бас гигиенасын сақтау
🔹 Зиянды әдеттерден аулақ болу
🔹 Дене мен жан саулығын нығайту
Бүгінгі оқушылар — ертеңгі дені сау, білімді ұрпақ!
Салауатты өмір — жарқын болашақтың кепілі! 🌟

 

51

22
сентября
2025

«МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ: АДАЛ ӘРІ ЖАУАПТЫ
АЗАМАТТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ»
тақырыбындағы
МЕКТЕП АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ І ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Күн тәртібі:
1. Мектеп пен ата-аналар комитетінің ынтымақтастығын
арттырудың жолдары туралы.
2. Мектеп ата-аналар комитетінің қызметін үйлестірудің
ерекшеліктері туралы.
3. Мектеп ата-аналар комитетінің төрағасы мен
алқасын сайлау туралы.

22
сентября
2025

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Даналық мектебі”жоспарына сәйкес Аналар күніне орай “Ана-өмір шуағы” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мерекелік шарамызға «Даналық мектебі» әжелер клубының мүшесі Абушахманова алма Ғалымқызы , Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, ардақты ұстаз, аяулы анамыз Амангүл Рымхан; Ата-аналар комитетінің төрайымдары бала бақша тәрбиешісі, музыкант, – Назгүл Серіковна, Әлеуметтік жұмыскер Уалиева Самал Ермұхановнаның қатысуымен Ана махаббатының адам өміріндегі орны; Жұмыс пен отбасыны қатар алып жүрген аналар тәжірибесі; Қазіргі қоғамдағы аналардың беделі мен үлгісі; Балаларға ұлттық тәрбие берудегі ананың рөлі тақырыптары қозғалды. Шараға 7 сынып оқушылары және сынып жетекшілері ат салысты.

Ұйымдастырушы: Музыка жетекшісі А.Б.Адамбекова; көркемдік жетекші К.Т.Мардан

22
сентября
2025

2025 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасының барлық архив мекемелеріндегі сияқты “Павлодар облысының мемлекеттік архиві” КММ Баянауыл филиалында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігі архивтер және құжат айналымы комитетінің «Архив және болашақ ұрпақ» жобасын іске асыру бойынша іс-шаралар өткізілді. Бұл күні архив аудан мектептері мен оқу орындарының оқушыларына есігін айқара ашты. Ашық есік күнінің бағдарламасында «Жалынды жылдар тарихы», “ Кітаптар сыр шертеді” фотоқұжаттық көрмесімен танысу және «Уақыт және адамдар» тақырыбында т архивте экскурсиялар болды. Архив қызметкерлері мектеп оқушыларына қорлар құрамы мен көлемі, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша архивтің қызметі, архивті жеке тектік құжаттармен толықтыру туралы айтып берді. Республика күніне қарсы 1990 жылы декларация қабылдануы, егеменді елдің қалыптасуы туралы бейнесюжет көрсетілді.Осы шараға 5-11сынып тәрбиеленушілері және Ж.Т.Садакова. Б
С.Кадырбеков қатысты.

22
сентября
2025

♟️ Шахмат үйірмесі мектебімізде өтуде! 🏫✨
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, зейінін және төзімділігін дамыту мақсатында мектебімізде шахмат үйірмесі жұмысын бастады!
🧠 Бұл үйірме:
🔹 Стратегиялық ойлауға үйретеді
🔹 Шешім қабылдау дағдыларын дамытады
🔹 Жеңіске жетуге, жеңілісті дұрыс қабылдауға тәрбиелейді
📍 Үйірме аптасына бірнеше рет өткізіліп, оқушылар жас ерекшелігіне қарай топтарға бөлінеді.

52

© 2025. Все права защищены.