|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
27
февраля
2026
|
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында әрбір оқушы оқыған кітабына, ұстаздарына, ата-анасына, достарына немесе тіпті табиғатқа алғыс білдіру арқылы ризашылық мәдениетін дамытады.
Кітап оқу – тек білім емес, жүректен жүрекке жылы сөз жеткізу мүмкіндігі.
Алғыс айту – кішкентай ғана іс, бірақ үлкен қуаныш сыйлайды.
Оқы, ойлан, алғыс айт!
Рақмет айтудан тартынба, жүректен шыққан әрбір сөз – қымбат!
|
27
февраля
2026
|
|
27
февраля
2026
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыруымен Астана қаласында кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, сондай-ақ салалық ұйым жетекшілері, өңірлік білім басқармаларының басшылары, мектеп директорлары мен педагогтер қатысты.
Жиында білім беру саласын дамыту, оның сапасын арттыру және жүйелі реформаларды жүзеге асыру мәселелері кеңінен талқыланды. Аида Балаева білім – қоғам дамуының негізгі тірегі екенін атап өтіп, 2030 жылға дейінгі «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының маңыздылығына тоқталды. Бұл құжат әрбір баланың қауіпсіздігі, сапалы білім алуы, денсаулығы мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуді көздейді
Сонымен қатар мектепке дейінгі және бастауыш білім сапасын арттыру, оқулықтарды жетілдіру, педагогтердің біліктілігін көтеру қажеттігі айтылды. Балалардың сыни ойлау қабілетін дамыту және алған білімін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру басты міндет ретінде белгіленді.
Отырыста жасанды интеллект технологиялары бойынша педагогтерді даярлау, педагогикалық ЖОО-ларда арнайы факультеттер ашу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту мәселелері де қозғалды. Бұдан бөлек, инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау және кадр тапшылығын шешу бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Алқа отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ведомствоның өткен жылғы жұмысына қорытынды жасап, алдағы кезеңге арналған негізгі басымдықтарды таныстырды.
|
27
февраля
2026
|
- 28 АҚПАН – 02 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА
БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА
«ЖАСӨСПІРІМ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ.

«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектебімізде 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай «Рақмет…» атты челлендж ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты – оқушылардың бойына ризашылық сезімін ұялату, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, айналасындағы жандарға алғыс айта білу мәдениетін қалыптастыру.
Шара барысында оқушылар ата-аналарына, ұстаздарына жүрекжарды алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жолдады. Әрбір айтылған «Рақмет» – шынайылық пен адамгершіліктің көрінісі болды.
Алғыс айту – ізгіліктің бастауы.
|
26
февраля
2026
|
Бүгін мектебімізде дефектолог маманының ұйымдастыруымен 10-11жас аралығында оқушыларға арналған танымдық сабақ өтті.Ойын түрінде өткен шарада балалар тек білімдерін сынап қана қоймай, логикалық ойлау мен зейінді шоғырландыру жаттығуларын орындады. Әр оқушы өз ептілігі мен тапқырлығын көрсетіп,”Білгір”атануға тырысты.Мұндай сабақтар баланың өзіне деген сенімділігін арттырып,оқуға деген ынтасын оятады.Өткізген :А.С.Мукашева
|
25
февраля
2026
|
1,2,3-сынып интернат тәрбиеленушілерімен мектебіміздің әлеуметтік педагогі П.Б. Жакеновамен “Тәртіп- тәрбие бастауы!” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Сынып тәрбиешілері: А.О.Садыкова
Н.М.Амирова
Д.Д.Манзулова








