|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
“Заң және тәртіп” қағидатын ілгерілету мақсатында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 9 -11 сыныптар арасында “Хулиганка” атты қысқа метражды деректі фильмдерінің пилоттық көрсетілімі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Есірткіге қатысты қылмыстардың, буллинг пен агрессияның салдарың түсіндіру,
сондай - ақ жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігіне назар аударту.

|
3
марта
2026
|
“Адалазамат” біртұтас тәрбие бағытында “Қамқор” жобасы бойынша 2 “А” сынып оқушылары “Шын жүректен” акциясы аясында ата-аналардың қолдауымен, оқушылармен бірлесіп, азық- түлік себетін дайындап, екі отбасының көңілін қуанттық. Бұл кішкентай жүректердің үлкен мейірімі! Осындай игі істер арқылы балаларымыз қайырымдылыққа, жаңашырлыққа және адамгершілікке тәрбиеленуде.
Құрметті ата-аналар, ардақты әріптестер және оқушылар!
2025–2026 оқу жылында «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне байланысты білім беру ұйымында ата-аналар тарапынан ақша жинауға, сондай-ақ мектеп әкімшілігі мен педагог қызметкерлерге қандай да бір материалдық сыйлықтар ұсынуға жол берілмейтінін ресми түрде хабарлаймын. 🚫🎁
Бұл шешім Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес қабылданды. 📜
Негізгі мақсатымыз – Ш.Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернаты ашықтықты, әділдік пен заң талаптарын сақтау. 🤝⚖️
Осыған байланысты:
Сынып немесе ата-аналар комитеті атынан қаражат жинауға болмайды ❌💸
Мұғалімдер мен мектеп басшылығына материалдық сыйлықтар беруге тыйым салынады. 🚫🎁
Мерекелік іс-шаралар тек оқушылардың шығармашылық құттықтауларымен (қолөнер бұйымдары ✂️, ашықхаттар, өлеңдер 📖, концерттік бағдарламалар 🎵) шектелуі тиіс.
Мектеп әкімшілігі аталған талаптардың орындалуын қатаң бақылауда ұстайды. ⚠️
Ережелер сақталмаған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
Біздің басты қағидамыз – мектепте адалдықты, сенімді және заң үстемдігін сақтау. ⚖️
Құрметпен,
Мектеп-интернат басшысы С.С.Досмагамбетова.
|
2
марта
2026
|
Мектепалды “Ә” сыныбында ‘ 1 наурыз- Алғыс айту” күніне арналған тәрбие сағаты өтті.
Өткізген: Б.З Ибадуллина.
Өрлеу бірлестігі апталығында Музыка пәнінен 1”ә” сынып оқушыларымен “ Төрт түлікке арналған әндер мен күйлер” тақырыбында ашық сабақ өтті. Өткізген: К.Т.Мардан.
|
2
марта
2026
|
Мектебімізде білім беру жұмысымен қатар, сол білім алушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында «Lesson Study» зерттеу жұмысы жүргізілуде.
|
3
марта
2026
|
Өрлеу бірлестігі апталығында Хореография сабағынан “Қара жорға би ырғақтары “тақырыбында 8”а” сыныбымен ашық сабақ өтті. Өткізген : К.В.Айтмаханова.
|
27
февраля
2026
|






