|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
Нұржанқызы Ясмина 11А сынып оқушысы Республикалық «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік жобасына қатысып, білімін сынап, жаңа белеске қадам жасады✨
«Хабар» телеарнасындағы білім бәйгесінде өз мүмкіндігін көрсетіп, үлкен тәжірибе алды. Бұл – тек бастамасы!

|
17
февраля
2026
|
“ Таза Қазақстан “ республикалық акция аясында мектепалды “Ә” сыныбында сынып сағаты өтті.
Өткізген мектепалды сынып педагогы Б.З.Ибадуллина.
|
18
февраля
2026
|
Облыстық “Ұрпақ үні “ жобасы аясында өткізіліп жатқан Облыстық “Ұрпақ үні Abai Generation “ ЖИ мен креативті (6-шы қара сөзі) Қатысушысы : Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 6ә-сынып оқушысы Ерзал Нұрайым.
Жетекшісі: Стеуменова Асель Каршигаевна.
Жоба аясында қатысып отырған оқушымызға алда сәттілік, жеңіс тілейміз. Барынша қолдап кетулеріңізді сұраймыз.
|
17
февраля
2026
|
«Таза Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға тазалықтың маңызын түсіндіру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру және «Таза орта – денсаулық кепілі» екенін ұғындыру.
|
18
февраля
2026
|
Мектебімізде білім сапасын арттыру және Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындық жүргізу мақсатында кешенді жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылуда. Пән мұғалімдері халықаралық талаптарға сай тапсырмалар әзірлеп, қосымша сабақтар мен байқау тестілеулер өткізіп, нәтижелеріне талдау жасауда және әр оқушымен жеке жұмыс жүргізуде. Психолог мамандар тренингтер мен кеңестер ұйымдастырып, білім алушылардың сенімділігі мен психологиялық дайындығын нығайтуда. Сынып жетекшілері ата-аналармен тұрақты байланыс орнатып, оқушылардың дайындық деңгейін бақылауда. Мектеп әкімшілігі барлық үдерісті үйлестіріп, жүйелі мониторинг пен әдістемелік қолдау көрсетуде.
Ортақ мақсатымыз – білімді, бәсекеге қабілетті, өзіне сенімді тұлға қалыптастыру. Бірлескен еңбек әрдайым сапалы нәтижеге жеткізеді!
14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Шын жүректен кітап сыйла» акциясына белсенділік танытқан оқушыларымыз алғыс хатпен марапатталды.

|
17
февраля
2026
|
«Айқын нәтиже» жобасы аясында әлеуметтік санаттағы отбасылармен көшпелі жұмыс жүргізілді.
Аралау барысында мамандар отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысып, әр үйдің ахуалын зерделеді, сонымен қатар бала тәрбиесі мен білім алуына ерекше назар аударды. Оқушылардың сабаққа қатысуы, тәртібі және бос уақытының ұйымдастырылуы қаралды. Ата-аналармен жеке әңгімелесулер жүргізіліп, оның барысында ата-ана жауапкершілігін арттыру, құқықтық сауаттылық және отбасында жағымды психологиялық климат орнату мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, мектеп пен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту. Жоба аясындағы жұмыс жалғасатын болады.

Сапалы білім мен саналы тәрбиені ұштастырып,шәкірт жүрегіне жол тауып,болашаққа нық қадам бастар шуақты сәттерімнің айғағы.
Бір күндік мектептегі өмірім,мен үшін үлкен жауапкершілік пен шабыттың көрінісі. Оқушыларымның сабаққа белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе алуы ұстаздық еңбегімнің жемісі деп білемін. Сингапурлық әдістерді тиімді қолдана отырып, әр сабағымның мақсатына жету мен үшін үлкен қуаныш.
Ұстаз ретінде тілегім,шәкірттерімнің білімге деген құштарлығы артып, өз ойын ашық айтып, заман талабына сай, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптассын. Әр сабағым жаңашылдыққа толы, мазмұнды да мәнді болып, оқушыларымның жүрегіне жол таба берсін.
Сапалы Білім мен тағылымды тәрбие арқылы,ел болашағына үлес қосатын,саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы қадамдарым сәтті болғай!
Ұстаздық жолым абыройлы, еңбегім нәтижелі, шәкірттерім үздік болсын!






