|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
15
октября
2026
|
Жаратылыстану апталығы аясында интеграцияланған сабақ өткізілдіЖаратылыстану апталығы аясында 8 «А» сыныбында биология және Қазақстан тарихы пәндерін кіріктіре отырып, интеграцияланған сабақ өткізілді.Сабақ барысында оқушылар екі пән арасындағы байланысты анықтап, тарихи деректер мен биологиялық білімдерін ұштастырды. Пәнаралық байланыс оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, сыни ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.📚 Пән мұғалімдері: С.С. Адилбекова, Е.Б. Рахимтаев.
|
14
октября
2026
|
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА «BRAIN RING» САЙЫСЫ ӨТТІ!Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында Жаратылыстану апталығы аясында оқушылардың білімін шыңдау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және пәндерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Brain Ring» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды.Сайысқа 5–11-сынып оқушыларынан құралған 4 команда қатысып, өзара білім мен тапқырлықтың тартысты бәсекесіне түсті.Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Қатысушылар тарих, биология, химия және география пәндері бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін, шапшаңдықтары мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.Қызықты сұрақтар мен танымдық тапсырмаларға толы сайыс барысында командалар белсенділік танытып, білімдерін ортаға салды. Оқушылар үшін бұл сайыс білімдерін тексеріп қана қоймай, жаңа мәліметтермен танысып, командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.Білімді ұрпақ – ел болашағы! Осындай зияткерлік сайыстар оқушылардың ізденімпаздығын арттырып, ғылымға деген қызығушылығын оятады.
|
15
октября
2026
|
Тақырып: Көңілді үзіліс — тиімді оқудың кепілі! 🕒✨5ә сынып оқушылары🌷
Сабақ арасындағы қысқа үзілісті тек демалыс емес, баланың логикасын дамытатын қызықты сәтке айналдыруға болады.✨ Бүгін шәкірттеріне сынып жетекшісі Гүлсімай Ержанқызы «Тапқыр болсаң, тауып көр» атты шағын ребус ойынын ойнатты.
|
14
октября
2026
|
Жаратылыстану апталығы аясында 5а сыныбында Жаратылыстану пәні бойынша тақырыптық жоспарға сәйкес “Материктер мен мұхиттар” тақырыбында география мен тарих пәндері интеграцияланып ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында жеке дара, жұптық, топтық тапсырмалар ұйымдастырылып, ЖИ платформалары қолданылды, сабақ мақсатына жетті. Өткізген география пәні мұғалімі Жанара Жумабаевна Успанова және тарих пәні мұғалімі Асылан Сансызбаевич Бейсекеев
2026 жылғы 15 қазанда Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының мәжіліс залында Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету: қауіпті жағдайларды ерте анықтау, алдын алу және ведомствоаралық өзара іс-қимыл тақырыбында ведомствоаралық-құқықтық кеңес өтті.Жиынға Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Альмира Амановна Дюсупова, білім беру бөлімінің басшысы Толеген Канатұлы Ахаев, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Зауреш Жаксалыковна Калиева, Баянауыл ауданы прокуратурасының прокуроры Ерболатов Еркегали Еркинович, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Мұрат Тойласынұлы Аугалиев, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық жұмысы бойынша әдіскері Зарина Муратовна Сансызбай, сондай-ақ аудан мектептерінің басшылары, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер мен психологтер қатысты.Кеңесті Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Альмира Амановна Дюсупова жүргізді.Жиын барысында балалардың құқықтарын қорғау, білім беру ұйымдары басшыларының заң алдындағы жауапкершілігі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігі және мектеп әкімшіл
|
13
октября
2026
|
8 сынып интернат тәрбиеленушілермін “Тәртіп-табыстың бастауы”атты треннинг өтті. Мақсаты: Оқушыларға тәртіптің адам өміріндегі және табысқа жетудегі маңызын түсіндіру.
Жауапкершілікке, уақытты тиімді пайдалануға және өзін-өзі тәртіпке шақыруға үйрету.
Оқушылардың өз әрекеттерін бағалау, дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамыту.
Ұйымдастырушы: Мылтықбай Т.Ж.
Өткізген: психолог Жуматова А.А.






