|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
10
июня
2026
|
“Экоboom” жобасы аясында ұйымдастырылған “Экоstart” акциясының кезекті жеңімпазы марапатталды!
Акция нәтижесі бойынша Нұрханов Санжар 600 кг қатты тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, велосипед ұтып алды!
Бұл бастама – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадам.
♻️ Құрметті Баянауыл тұрғындары!
Сіздерді де осы игі іске белсене қатысуға шақырамыз!
600 кг тұрмыстық қалдық тапсырып, сіз де велосипед ұтып алу мүмкіндігіне ие бола аласыз.
Акция әлі де жалғасуда!
Табиғатты бірге қорғайық!

“Тұлпар” жазғы сауықтыру лагерінің 1-ші кезеңінің 6-шы күні.
⛹🏻🤸🏻♀️таңғы жаттығу өткізілді.
🔋♻️🌍.” Екінші өмір” жобасы аясында эко- шабуыл “ Пластик, қайта өңдеуге беріл!” танымдық сағаты өткізілді.
📍”Сабындыкөл” жағажайына саяхат ұйымдастырылып, балалар суда шомылды
👭👬 бүгінгі күніміз қызық пен шаттықа толы өтті
|
10
июня
2026
|
Жазғы мектеп – білім мен ізденіс алаңы!
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының жанындағы Жазғы мектеп өз жұмысын нәтижелі түрде жалғастыруда.
Сабақ барысында оқушылар негізгі пәндер бойынша білімдерін тереңдетіп, өткен тақырыптарды қайталап, оқу дағдыларын жетілдіруде. Әрбір сабақ қызықты әрі мазмұнды өтіп, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Ұстаздар тарапынан көрсетілетін қолдау мен жүйелі жұмыстар білімдегі олқылықтардың орнын толтырып, жаңа оқу жылына тың дайындық жасауға мүмкіндік беруде.
Жазғы мектеп – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың өзіне деген сенімін нығайтып, білім көкжиегін кеңейтетін ерекше орта.
🌟 Білімге бастар жолдарыңыз ашық болып, әр күніңіз жаңа жетістіктерге толы болсын!
|
8
июня
2026
|
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты жанынан ұйымдастырылған «Қарлығаш» бейінді лагерінің әр күні көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерлерге толы өтуде.
Күн барысында оқушылар түрлі танымдық және шығармашылық жұмыстарға қатысып, қызықты ойындар ойнады, өз қабілеттерін шыңдап, жаңа достарымен уақыттарын көңілді өткізді. Әрбір іс-шара балалардың белсенділігін арттырып, жазғы демалыстың қызықты өтуіне ықпал етті.
✨ Лагерьдің әр күні – жаңа білім, жаңа достық және ұмытылмас естеліктер!
|
9

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының Жазғы мектеп өз жұмысын табысты жалғастыруда.
Сабақ барысында оқушылар негізгі пәндер бойынша білімдерін толықтырып, өткен тақырыптарды қайталап, алған білімдерін бекітуде. Мұғалімдер әр оқушыға қолдау көрсетіп, білімдегі олқылықтарды жоюға бағытталған жұмыстар жүргізуде.
Жазғы мектеп – тек білімді жетілдіру алаңы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың уақытын тиімді пайдаланып, жаңа оқу жылына сенімді дайындалуына мүмкіндік беретін орта.
Білімге деген құштарлық пен ізденіс жолындағы әр қадамдарыңыз сәтті болсын! Жазғы мектептегі қызықты да пайдалы күндер жалғасуда!
“Экоboom” жобасы аясында ұйымдастырылған “Экоstart” акциясының кезекті жеңімпазы марапатталды!
Акция нәтижесі бойынша 2 “Ә” сынып оқушысы Сарсенбаев Амир 600 кг қатты тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, велосипед ұтып алды!
Бұл бастама – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадам.
♻️ Құрметті Баянауыл тұрғындары!
Сіздерді де осы игі іске белсене қатысуға шақырамыз!
600 кг тұрмыстық қалдық тапсырып, сіз де велосипед ұтып алу мүмкіндігіне ие бола аласыз.
Акция әлі де жалғасуда!
Табиғатты бірге қорғайық!

|
8
июня
2026
|
«Оқиғаны суретпен жеткіз»
Мақсаты: Лагерь қатысушыларының оқыған немесе тыңдаған оқиғасын түсініп, оның мазмұнын сурет арқылы қағаз бетіне бейнелеу дағдыларын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін, қиялын, эстетикалық талғамын арттыру және өз ойын көркем түрде жеткізуге баулу.