|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
27
Тамыз
2025
|
🔔Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Ш.Айманов атындағы жалпы орта
білім беру мектеп-интернаты
2025-2026 оқу жылының басталуына
байланысты төмендегідей іс-шаралар жоспарланған:
📌 1 қыркүйек күні, сағат 10:00-де 1-11-сынып оқушылары үшін “Алғашқы қоңырау” атты салтанатты жиын өтеді.
📌2 қыркүйек күні 1-11-сынып оқушылары үшін Білім күніне арналған сынып сағаттары мен сабақтар сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі.
📚Жаңа оқу жылы баршаңызға сәттілік, табыс және шығармашылық шабыт әкелсін!

|
2
Қыркүйек
2025
|
|
26
Тамыз
2025
|
Заң және тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі!
Әрбір азамат заңды құрметтеп, тәртіпке бағынғанда ғана әділдік орнайды.
Тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі, заң – әділеттіліктің тірегі.

|
25
Тамыз
2025
|

|
31
Тамыз
2025
|
Бүгін 2025-2026 оқу жылының №1 педогикалық кеңесі өтті. Педогикалық кеңеске Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гульнара Каиртасовна Уздембаева, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің басшысы Толеген Канатович Ахаев сонымен қатар 88 педагог қатысты.
Күн тәртібінде:
1. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы.
2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы.
3.Мектептің ұйымдастырушылық- шаруашылық қызметі туралы.
|
22
Тамыз
2025
|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне төмендегідей бос орындарға қабылдау бойынша конкурс өткізілетінін хабарлаймыз!
1. Басшының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары – 1 бірлік (190000 тг)
2. Би мұғалімі – 1 бірлік (120 000 тг).
3. Кітапханашы – 1 бірлік (120 000 тг).
Орналасқан жері - Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, М.Шорманов к-сі, 2 үй.
Электрондық пошталық мекен-жайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Телефон нөмірі–8(718)40 92518
Мерзімі – бос орын.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:жоғары білімді, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін , оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс- парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
Жалғасы ⬇⬇⬇






