ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
15
Қазан
2025

🍏 ”Дәмді және пайдалы: дұрыс тамақтану ережесі!”
Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күніне орай мектебімізде іс-шаралар өткізілді.

📌 1 “А”, 2 “Ә”, 2 “А”,5 “Ә”, 6 “А” сыныптарында *
дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіруге арналған тәрбие сағаттары өтті.
Мектептің медицина қызметкері оқушыларға пайдалы және зиянды тағамдар, күнделікті ішілетін судың мөлшері, таңғы астың маңызы туралы түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын ұстанудың жолдарын ұсынды.

Бұл шара оқушылардың тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды бастама болды.

18

13
Қазан
2025

Мектебімізде жаңа мектеп президенті ант қабылдады!
Бүгін мектебіміз үшін ерекше күн болды! 🏫
Жаңа сайланған мектеп президенті — Жанатқызы Аққу салтанатты түрде ант қабылдап, өз міндетіне ресми түрде кірісті. 🇰🇿🎓
🔹 Президентіміз мектеп оқушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға,
🔹 Ұйымдастырушылық іс-шараларға белсене қатысуға,
🔹 Жауапкершілікпен, адал қызмет етуге уәде берді.
Бұл — жаңа бастамалардың, тың идеялардың және жарқын жобалардың бастауы болмақ! ✨
Жаңа президентімізге табыс, шабыт және зор сенім артамыз! 💪

15
Қазан
2025

Мектебіміздің мақтанышы, ұлағатты ардагер ұстаз, Қазақ ССР-нің үздік мұғалімі, “Аға мұғалім” атағының иегері, ССР Жоғарғы Кеңесінің “Үздік еңбегі үшін” медалімен марапатталған, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы - Темірбике Бопиқызы 85 жасқа толып отыр.

Темірбике апай -саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған, білім мен парасатты өміріне серік еткен ұстаз. Оның әрбір сөзі мен ісі - ұрпаққа үлгі, ұлтқа қызметтің жарқын көрінісі.

Мерейлі жасыңыз құтты болсын, құрметті ұстаз!
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық тілейміз.
Сіздің ерен еңбегіңіз -әрдайым ел есінде!

13
Қазан
2025

🟣 Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Павлодар облысының білім беру басқармасының бастамасымен ерекше бағыттағы «Ұлттық Style» жобасы өз жұмысын бастады!

🟡 Жобаның мақсаты – ұлттық киім мен мәдениетті заманауи стильмен үндестіре отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және ұлттық рухты дәріптеу.

📅 Әр айда жаңа тақырыппен жалғасады/келесі сурет/

🟤 Ұлттық құндылықтар мен эстетиканы ұлықтайтын бұл игі бастамаға белсенді қатысуға шақырамыз!

🇰🇿 Ұрпақ тәрбиесінде ұлт рухын көтерер жобаның берері мол!

14

14
Қазан
2025

Қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік!
Мектебімізде 6-сынып оқушыларымен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілі оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпті және заңмен тыйым салынған заттардан аулақ болу, қылмыстық кодекстегі негізгі ережелер туралы түсінік берді.


Кездесудің мақсаты – балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдағы қауіпсіздік пен заңға құрметті арттыру.

17

10
Қазан
2025

Халық қаһармандары мен Қазақстанның Еңбек ерлерімен тағылымды кездесу🇰🇿
Мектебімізде Қазақстанның Еңбек ерлері және Халық қаһармандарымен әсерлі кездесу өтті.

Мәжіліс залында өткен шарада
ұлттың мақтанышына айналған тұлғалар өздерінің өмірлік жолы мен баға жетпес тәжірибесін, елге адал қызмет етудің мәнін жас ұрпақпен бөлісіп, тағылымы мол ой-толғамдарымен бөлісті.

Тәрбиелік мәні зор бұл кездесуге мектебіміздің 10–11-сынып оқушылары қатысты

Халық қаһарманының өмір жолы – ерлік пен адалдықтың, ел мен жерге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Ардақты қонақтарымыз оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, ел болашағы — жас ұрпақтың білімді, адал, еңбекқор әрі Отанын сүйетін нағыз патриот болуға тиіс екенін ерекше атап өтті.

Бұл кездесу — жас буынға жігер беріп, елжандылық рухын оятқан естен кетпес сәтке айналды.

🇰🇿 Батырларымыздың өнегелі өмірі – ұрпаққа үлгі!

14
Қазан
2025

 «Үзіліс кезінде кітап оқуды баста!»
Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында ерекше кітап оқу сәті өтті. Үлкен үзіліс кезінде оқушылар өз сүйікті кітаптарын оқып, білімге деген құштарлықтарын танытты.

Кітап оқуға сіз де уақыт бөліңіз!

16

10
Қазан
2025

“Күзгі баққа саяхат” атты сынып сағатында 6-сынып тәрбиеленушілерімен табиғатты тамашалап,серуендеп қайтты. Мақсаты: Табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын
насихаттай отырып,оны аялауға,сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға үйрету.
Өткізген сынып тәрбиешісі: А.К.Стеуменова

7- сынып интернат тәрбиеленушілерімен “Кітап -ақылдының кеніші”атты шағын орталық кітапханаға саяхат. Тәрбиеші: Мылтықбай Т.Ж.
Орталық кітапхана қызметкерлері: Жумабаева А.А.
Арыстанбекова Б.А.

11-сынып оқушыларымен “Мамандық таңдаудың маңыздылығы “ атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты Оқушыларға мамандықтың өмірдегі орнын түсіндіру; саналы түрде мамандық таңдауға бағыт беру;Өз қызығушылығы мен қабілетін үйрету;Еңбек сүйгіштікке, мақсатқа ұмтылуға тәрбиелеу.
11 сынып тәрбиешісі: Ж.Т.Садакова

10

© 2026. Все права защищены.