ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
30
Наурыз
2026

1 «А» сыныбында «Кітап – рухани қазына» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, білімнің қайнар көзі екенін түсінді. Балалар өздерінің сүйікті кітаптарын таныстырып, оқу мәдениетін дамытуға белсенді қатысты.\

21

27
Наурыз
2026

Көктемді демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында наурыздың 26-сы күні мектебіміздің 7- сынып оқушылары Екібастұз қаласына 1 күндік саяхат ұйымдастырылды. Оқушылар Екібастұз қаласының кинотеатрына барып, “Самғау” балалар-шығармашылық мектебіне экскурсия жасалды. Мектеп әкімшілігіне, ата-аналарға үлкен рақмет !

30
Наурыз
2026

Кітап күніне орай 2 Ә” сыныбында “Кітап-рухани қазына”тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушыларды кітап оқуға баулу, білімге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, көркем шығармалардан үзінділер оқыды. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлы шығармаларына ерекше көңіл бөлініп, оның даналық сөздері талқыланды. Оқушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасып, белсенділік танытты.

20

27
Наурыз
2026

Көктемгі демалысты кітаппен өткізейік! 📚🌸
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Әдебиет әлемінде көктем самалы” атты кітап оқу челленджі жалғасуда.

Аталған челленджге 8 “Ә” сынып оқушылары белсене қатысуда. Соның ішінде Шариполла Жазира, Жапарбергенов Нұржалғас және Жунусов Айқын өздерінің кітап оқуға деген қызығушылықтарын көрсетіп, бос уақыттарын пайдалы өткізуде.

Кітап оқу – ой-өрісті кеңейтетін, білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Осындай игі бастамалар арқылы оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігі арта түсуде.

30
Наурыз
2026

Құттықтаймыз! 🌸

Аудандық мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларға арналған “Жауқазын” олимпиадасында
мектепалды сынып оқушысы Сәбит Зейнеп жүлделі ІІ орын иеленді 🥈

Жетістігіңмен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіңе тілектеспіз! 🌟

Тәрбиешісі: Мусабекова Т.Т

19

27
Наурыз
2026

Оқушыларының қауіпсіздігін сақтау және түнгі уақытта жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын -алу мақсатында ауыл көшелеріне бақылау жасалып, түнгі кезекшілік рейд жүргізілді

16

30
Наурыз
2026

Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы басталды!
Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығының салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттыру, әдебиетке қызығушылығын дамыту және тіл мәдениетін қалыптастыру.

© 2026. Все права защищены.