|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күніне орай әсерлі іс-шаралар өтті.
Бұл күні кітапхана ерекше қонақтарға — балаларға толы болды. Балалар сүйікті ертегілер мен әңгімелерден үзінділер оқып, қызықты ойындарға қатысты.
Іс-шара барысында Сондай-ақ, балалар викторинаға қатысып шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Кітапхана қызметкерлері балаларға кітап оқудың маңызы туралы әңгімелеп, жаңа шыққан әдебиет оқулық кітаптарымен таныстырды.
Кітапхана осындай іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың оқуға деген сүйіспеншілігін арттыруды жалғастыра беретін болады.
2-сәуір Халықаралық балалар кітабы күні мерекесіне орай “Бұл қай ертегі?” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жыл сайын тойланатын кітап мерекесінің басты мақсаты – жас оқырмандарды рухани азық көзі кітап әлемімен таныстыру, бастауыш сынып оқушыларын ертегі оқуға шақыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы ерекше екенін түсіндіру.
Кітап көрмесі бастауыш сынып оқушыларына таныстырылып, көрмедегі ертегі кітаптарға кітапханашы шолу жасады. Іс-шара барысында ұсынылған ертегі кітаптар балалардың қызығушылығын арттырып, олар өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап алды.
Сонымен қатар, оқушылар арасында қызықты ойындар ұйымдастырылды. Балалар сүйікті ертегілері бойынша сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.
Іс-шара қызықты әрі мазмұнды өтті.
11 «Ә» сынып оқушыларымен Тұманбай Молдағалиевтің «Бауырлар» өлеңінің көтерілген мәселесі тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар өлеңнің көтерілген мәселесін терең талдап, пікір алмасу, талдау жұмыстары арқылы оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық деңгейі арта түсті. Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсене қатысты.
Ашық сабақты өткізген ұстаздар: Е.М. Саликова мен Д.К. Шитова.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының жоспарына сәйкес «Сөз – ойдың айнасы» тақырыбында коучинг өткізілді.
Коучинг барысында мұғалімдер сөз мәдениеті, ойды жүйелі әрі әсерлі жеткізу, тілдің құдіретін түсіну туралы пікір алмасты. Әртүрлі тапсырмалар мен талқылаулар арқылы қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа идеялар алды.
Іс-шараның мақсаты – тіл мәдениетін дамыту, сөз құдіретін ұғындыру және педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру.
Осындай тағылымды кездесулер әріптестер арасында тәжірибе алмасуға және шығармашылық ізденіске жол ашады.
Бүгін мектебімізде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, буллингтің алдын алу мақсатында жоғары сынып оқушылары және олардың ата-аналарымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында оқушыларға құқықтық тәртіпті сақтау, бір-біріне құрметпен қарау, буллингтің алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты қысқаметражды фильмдер көрсетіліп, оқушылар мен ата-аналар өз пікірлерімен бөлісті.
Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз, сыйластыққа негізделген орта қалыптастыру.
|
2
Сәуір
2026
|
Ш.Мұртаза "Бесеудің хаты'" сабағында оқушылар драмалық шығарманың мазмұнын сюжеттік- композициялық талдау жасауды Кейіпкердің іс-әрекетін , бейнесін де толық талдау жасады. Тарихшылар және әдебиетшілер тобы болып,шығарманың құндылығын анықтап оқырмандық баға берді. Сабақ өте жақсы деңгейде,тартымды қызықты өтті.








