|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
22
Сәуір
2026
|
23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай 10-сынып оқушылары арасында «Цифрлық дәуір: кітаптың болашағы» тақырыбында дебат өтті. Қатысушылар кітаптың дәстүрлі және электронды түрлерінің артықшылықтарын талқылап, өз көзқарастарын дәлелдеді. Пікірталас мазмұнды өтіп, оқушылардың сыни ойлау қабілеті мен кітапқа деген қызығушылығы артты.
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты өтетін соңғы қоңырау және қорытынды аттестаттау кезеңінде (4, 9, 11-сынып бітірушілеріне қатысты) төмендегі маңызды талаптарды назарларыңызға ұсынады:
🔷 Педагогикалық әдептілік пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық беруіне, қаржы жинауына қатаң тыйым салынады.
🔷 Аниматорлар, түрлі студиялар мен мерекелік агенттіктерді шақыруға рұқсат етілмейді.
🔷 Мектептің жөндеу жұмыстарына немесе санитарлық-шаруашылық қажеттіліктеріне ата-аналардан қаражат жинауға жол берілмейді.
🔷 Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік шеруін ұйымдастыруға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханалар мен дәмханаларға баруға тыйым салынады.
🔷 Мектеп ішінде де, мектептен тыс жерде де ата-аналар тарапынан дастархан ұйымдастыруға және қаржы жинауға рұқсат жоқ.
🔷 Қорытынды аттестаттау кезеңінде оқушылардың мектеп формасын сақтап, тәртіп пен жауапкершілікті ұстануы – міндетті талап.
⚠️ Ескерту:
Аталған талаптар 4, 9, 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына бірдей дәрежеде міндетті.
Бұл шектеулер – білім беру үдерісіндегі әділдік, ашықтық, қауіпсіздік және педагогикалық этиканы сақтау мақсатында енгізілген.
Құрметті ата-аналар!
Сіздерді жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтауға және балаларыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Біз үшін әрбір оқушының сапалы білім алып, саналы тәрбие көруі – басты міндет.

Мектебімізде қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында қосымша сабақтар, кеңестер және қайталау жұмыстары ұйымдастырылуда.
Әр пән бойынша жүйелі дайындық жүргізіліп, білім алушыларға жан-жақты қолдау көрсетілуде.
Негізгі мақсат – оқушылардың білімін нығайтып, емтихандарды сәтті тапсыруына мүмкіндік жасау.
|
21
Сәуір
2026
|
“Жасыл әлемнің құпиясы” 🌿
Бүгін 8 “А” сынып оқушылары бастауыш сыныптарға қонаққа барып, “Жасыл әлемнің құпиясы” атты әсерлі танымдық көрініс ұсынды. 👏
Кішкентай бүлдіршіндер қойылымды қызыға тамашалап, табиғатты қорғау, жасыл әлемді аялау туралы маңызды мағлұматтар алды.🌱
Табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғауға баулитын осындай тәрбиелік мәні зор қойылымдар алдағы уақытта да жалғасын табады.
“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында мектебімізде құстарға ұя жасау акциясы ұйымдастырылды.
Табиғатты қорғау мен құстарға қамқорлық көрсету мақсатында 1”А”сынып оқушысы Қибрат Имран белсене қатысты. Өз қолдарымен құстарға арналған ұялар жасады.
Бұл акция оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Табиғатты аялау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
|
21
Сәуір
2026
|
“Ұлттық STYLE” жобасы аясында
Мектеп-интернатымызда “Ұлттық STYLE” жобасы аясында тәрбиеленушілердің қатысуымен сәукеле, тақия сияқты ұлттық бас киімдерді тігу жұмыстары ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін таныстыру және қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиеленушілер ұлттық нақыштағы бас киімдерді өз қолдарымен дайындап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әрбір жұмыс ұлттық ою-өрнекпен безендіріліп, ерекше стильде ұсынылды.







