ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
24
Қыркүйек
2026

Бүгін 5 «А» сынып оқушылары «Сарыарқа сыры» Баянауыл визит-орталығына барып, танымдық сағат ұйымдастырды.
Танымдық экскурсия барысында оқушылар туған өлкенің табиғаты, тарихы мен мәдени мұрасы туралы тың мәліметтермен танысып, өз білімдерін толықтырды. Баянауылдың көркем табиғаты мен тарихи құндылықтары жайлы мағлұмат алып, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырды.
🌿 Туған өлкені тану – тарихты құрметтеуден, табиғатты аялаудан басталады!
📚 Танымдық сағат оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

23
Қыркүйек
2026

«Кітап оқитын ұлт» марафонының қатысушысы — Айнагулова Бинур Балтабаевна.
Кітап оқу — білім мен рухани байлықтың қайнар көзі. Әр оқылған кітап адамның ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын қалыптастырады. Осындай игі бастаманы қолдап, «Кітап оқитын ұлт» марафонына белсенді қатысып отырғаныма қуаныштымын! 

22
Қыркүйек
2026

8сынып интернат тәрбиеленушілерімен “Адамның көркі-жақсы мінез”атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: мінез-құлықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, жағымды қасиеттерді ажырата білуге және өз мінезін бағалауға үйрету. Тәрбиеші: Мылтықбай Т.Ж.

28

23
Қыркүйек
2026

5-6 сынып интернат тәрбиеленушілермен”Мемлекеттік Рәміздерге құрмет” атты тәрбие сағаты өтті.
Тәрбиешілер: Б.Б.Айнагуова, Ж.С.Сейтова.

22
Қыркүйек
2026

Табиғатқа қамқорлық – әрқайсымыздан басталады! Мектебімізде табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында экологиялық акция ұйымдастырылды. Акция барысында оқушылар белсенділік танытып, аумақты қоқыстан тазалап, металл, пластик қайта өңдеуге болатын қалдықтарды жинады. Бұл – жай ғана тазалық жұмысы емес, табиғатқа деген жауапкершілікті сезінуге, еңбекке баулуға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға бағытталған маңызды қадам. Таза табиғат – жарқын болашақ! Қалдықты сұрыпта – табиғатты қорға! Эко-Life – бізбен бірге табиғатты қорғайық!

23
Қыркүйек
2026

«Кітап оқитын ұлт» марафонының кітаптарын қайдан табуға болады? 📚
Қажетті кітаптарды reading-nation.kz сайтындағы «Кітаптарға сілтемелер» бөлімінен оңай таба аласыз.
Өзіңізге ыңғайлы платформаны таңдап, кітаптарды электронды, аудио немесе қағаз форматында оқыңыз! 📖
Бейнежазбаны сақтап, басқа қатысушылармен бөлісуді ұмытпаңыз! ❤️
«Кітап оқитын ұлт» — бірге оқиық!

22
Қыркүйек
2026

«Тоғыз тағдыр» деректі фильмі көрсетілді«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында мектебіміздің оқушыларына «Тоғыз тағдыр» деректі фильмі көрсетілді.Фильмде адам өміріндегі маңызды таңдау, қабылданған шешімдердің салдары, заң талаптарын сақтау және әрбір іс-әрекетке жауапкершілікпен қарау мәселелері қамтылды.Көрсетілім барысында оқушылар құқықтық сауаттылықтарын арттырып, заң мен тәртіпті құрметтеу, қауіпсіздікке мән беру және жауапты шешім қабылдаудың маңыздылығы жөнінде ой түйді.

© 2026. Все права защищены.