|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
29
Қыркүйек
2026
|
2 “А” сыныбында өткізілген сынып сағатыҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🌷
Барша ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды!
Ұстаз – білімнің шамшырағын жағып, шәкірт жүрегіне ізгілік пен мейірімнің дәнін себетін аяулы тұлға. Әр шәкірттің жетістігінің артында ұстаздың еңбегі, төзімі мен жүрек жылуы бар.
|
28
Қыркүйек
2026
|
Аудандық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсында мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
🥇 І орын
Сапарғали Ислам – 8 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі – Салтанат Сейтжанова
🥇 І орын
Жанатхан Раяна, Серікжанқызы Әдия – 3 «Ә» сынып оқушылары
Жетекшісі – Альмира Қажыбаева
🥇 І орын
Садакова Алуа – 3 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі – Айнұр Нуриденовна
🥈 ІІ орын
Жұмат Мұрагер, Ерзал Нұрайым – 7 «Ә» сынып оқушылары
Жетекшісі – Рахат Максуткановна
🥉 ІІІ орын
Төлепберген Кәусар – 7 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі – Анар Амангельдиновна
🥉 ІІІ орын
Бүркітбай Гүлім – 5 «Ә» сынып оқушысы
Жетекшісі – Самал Талкайратовна.
🥉 ІІІ орын
Дәулетхан Айшуақ – 7 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі – Танат Қуанович
👏 Барша жүлдегер оқушылар мен жетекшілерін құттықтаймыз!
Ізденістеріңіз жемісті болып, ғылыми жобаларыңыз жаңа белестерге бастай берсін!
|
29
Қыркүйек
2026
|
ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
2 «Ә» сыныбы барша ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды!
Ұстаз – білімнің шамшырағын жағып, шәкірт жүрегіне ізгілік пен мейірімнің дәнін себетін аяулы тұлға. Әр шәкірттің жетістігінің артында ұстаздың еңбегі, төзімі мен жүрек жылуы бар.
|
28
Қыркүйек
2026
|
“12ай-12кітап” жобасы аясында 6а-сынып оқушысы Мүбәрак Іңкәр Шерхан Мұртаза “Интернат наны” атты шығармасын қыркүйек айы бойы оқыды.
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Кітап оқитын ұлт» марафонының қатысушысы —Шақырман Айдана Дүйсембайқызы.
Кітап оқу — білім мен рухани байлықтың қайнар көзі. Әр оқылған кітап адамның ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын қалыптастырады. Осындай игі бастаманы қолдап, «Кітап оқитын ұлт» марафонына белсенді қатысып отырғаныма қуаныштымын
|
28
Қыркүйек
2026
|
Бүгін 5 «А» сыныбында оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Туған жер табиғаты – баға жетпес байлық» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар туған өлкенің табиғи байлықтары туралы ой бөлісіп, табиғатты қорғаудың маңыздылығын талқылады. Қоршаған ортаны таза ұстау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және туған жердің көркем табиғатын сақтау жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.
Туған жерді сүю – оның табиғатын аялаудан басталады!
Өткізген сынып жетекшісі: А.Д.Шақырман
|
24
Қыркүйек
2026
|
3-4 сынып интернат тәрбиеленушілерімен жылдық жоспарға сай “Менің сыныбым-менің достарым!” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына мектеп-интернатының педагог-психолог Н.Н.Шәріп қатысып, тәрбиеленушілермен сұхбаттасып, қызықты тренинг өткізді.
Ұйымдастырушы тәрбиешілер: А.О.Садыкова
Н.М.Амирова






