ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
11
Маусым
2026

“Тұлпар” жазғы сауықтыру лагерінің 1-ші кезеңінің 9-шы күні.
⛹🏻🤸🏻‍♀️таңғы жаттығу өткізілді.
⚜️⚜️ Мәдениет үйіне саяхат жасап “Әнші балапан” сайысын тамашалады
📍”Сарыадыр” бұлағына саяхат ұйымдастырылып, балалар бұлақтан су ішіп, доп ойнап, алтыбақан теуіп, су атысып қайтты
👭👬 бүгінгі күніміз әдеттегідей көңілді өтті

11
Маусым
2026

“Экоboom” жобасы аясында ұйымдастырылған “Экоstart” акциясының кезекті жеңімпазы марапатталды!
Акция нәтижесі бойынша Нұрханов Санжар 600 кг қатты тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, велосипед ұтып алды!
Бұл бастама – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадам.
♻️ Құрметті Баянауыл тұрғындары!
Сіздерді де осы игі іске белсене қатысуға шақырамыз!
600 кг тұрмыстық қалдық тапсырып, сіз де велосипед ұтып алу мүмкіндігіне ие бола аласыз.
Акция әлі де жалғасуда!
Табиғатты бірге қорғайық!

17

11
Маусым
2026

 2025–2026 оқу жылы мектебіміз үшін жетістіктерге толы жыл болды!
Оқушыларымыз пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар байқауларында, спорттық жарыстар мен шығармашылық конкурстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, мектеп мерейін үстем етті.
Жас жеткіншектеріміздің әрбір жетістігі – ұстаздар еңбегі мен ата-аналар қолдауының жемісі. Барша жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және жаңа белестер тілейміз!

11
Маусым
2026

Жазғы мектеп – білім мен ізденіс алаңы!
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының жанындағы Жазғы мектеп өз жұмысын нәтижелі түрде жалғастыруда.
Сабақ барысында оқушылар негізгі пәндер бойынша білімдерін тереңдетіп, өткен тақырыптарды қайталап, оқу дағдыларын жетілдіруде. Әрбір сабақ қызықты әрі мазмұнды өтіп, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Ұстаздар тарапынан көрсетілетін қолдау мен жүйелі жұмыстар білімдегі олқылықтардың орнын толтырып, жаңа оқу жылына тың дайындық жасауға мүмкіндік беруде.
Жазғы мектеп – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың өзіне деген сенімін нығайтып, білім көкжиегін кеңейтетін ерекше орта.
🌟 Білімге бастар жолдарыңыз ашық болып, әр күніңіз жаңа жетістіктерге толы болсын!

11
Маусым
2026

Тұлпар” жазғы сауықтыру лагерінің 1-ші кезеңінің 8-ші күні.
⛹🏻🤸🏻‍♀️таңғы жаттығу өткізілді.
⚜️⚜️ “Ұлттық ою” қолөнер сайысы ұйымдастырылды
📍”Торайғыр” жағажайына саяхат ұйымдастырылып, балалар қозғалмалы ойындар, суда шомылды
👭👬 бүгінгі күніміз ұлттық нақышты дәріптеуге байланысты өтті😊🌈☀️✨

9
Маусым
2026

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты жанынан ұйымдастырылған «Қарлығаш» бейінді лагерінің әр күні көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерлерге толы өтуде.
Күн барысында оқушылар түрлі танымдық және шығармашылық жұмыстарға қатысып, қызықты ойындар ойнады, өз қабілеттерін шыңдап, жаңа достарымен уақыттарын көңілді өткізді. Әрбір іс-шара балалардың белсенділігін арттырып, жазғы демалыстың қызықты өтуіне ықпал етті.
✨ Лагерьдің әр күні – жаңа білім, жаңа достық және ұмытылмас естеліктер!

11
Маусым
2026

«Дәуірдің дархан дариясы» атты танымдық сабақ ұйымдастырылды

«Баянауыл өңірінің мақтанышына айналған дара тұлға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналды.

Бірыңғай тақырыптық күн аясында балалар қазақ халқының рухани мұрасын тереңірек танып, ел тарихында өшпес із қалдырған көрнекті қайраткерлер туралы мол мағлұмат алды. Шараның басында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмір жолы, ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасы туралы бейнеролик көрсетіліп, мазмұнды түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты ұлт тарихындағы ұлы тұлғалардың өнегелі өмірімен таныстыру, олардың шығармашылық және рухани мұрасын дәріптеу, сондай-ақ туған жерге, елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру.

8
Маусым
2026

“Экоboom” жобасы аясында ұйымдастырылған “Экоstart” акциясының кезекті жеңімпазы марапатталды!
Акция нәтижесі бойынша 2 “Ә” сынып оқушысы Сарсенбаев Амир 600 кг қатты тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, велосипед ұтып алды!
Бұл бастама – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадам.
♻️ Құрметті Баянауыл тұрғындары!
Сіздерді де осы игі іске белсене қатысуға шақырамыз!
600 кг тұрмыстық қалдық тапсырып, сіз де велосипед ұтып алу мүмкіндігіне ие бола аласыз.
Акция әлі де жалғасуда!
Табиғатты бірге қорғайық!

16

© 2026. Все права защищены.