|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
7
Қараша
2025
|
”Мұздағы сақтық – өміріңнің кепілі!”
⠀
1, 2, 3-сынып интернат тәрбиеленушілерімен қауіпсіздік шараларын насихаттау мақсатында тәрбие сағаты өткізілді.
⠀
Шара барысында оқушыларға мұз үстіндегі қауіп-қатерлер, төтенше жағдайлар кезінде өзін дұрыс ұстау ережелері түсіндірілді.
⠀
Тәрбие сағатын өткізген:
Н.М. Амирова
Д.Д. Манзулова
А.О. Садыкова
⠀
Балаларға пайдалы ақпарат беріліп, өмір қауіпсіздігі жайында маңызды мәліметтермен бөлісілді.

|
3
Қараша
2025
|
Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының оқушыларына күзгі каникул кезінде «Қызыл деңгей» атты қарсы үгіт-насихат фильмі көрсетілді.
Мақсаты – балаларға түрлі тәуекелдер мен зиянды әрекеттердің салдары туралы түсінік беру, қауіпсіздік пен сана-сезімді арттыру.

|
6
Қараша
2025
|
Құттықтаймыз!
⠀
Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Айтмағанбетова Айнұр Нуриденовна республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде І дәрежелі дипломмен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды. Сәттілік тілейміз!
⠀
Жетістіктеріңіз толастамай, шығармашылық шабытқа жете беріңіз!

|
3
Қараша
2025
|
”Адалдық – ардың ісі!”
⠀
Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 1 “А” және 4 “Ә” сыныптарында ”Адал азамат”тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
⠀
Сабақтың мақсаты – оқушыларға адалдық, шыншылдық, әділдік секілді адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіру, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Бүгін мектеп оқушылары үшін көңілді үзіліс ұйымдастырылды. Оқушылар сергіп, жақсы көңіл күйге бөленді. Мақсаты:
Оқушылардың үзілісте сергіп, белсенді демалуына жағдай жасау;
Оқушылардың белсенділігін арттыру.
|
31
Қазан
2025
|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне төмендегідей бос орынға қабылдау бойынша конкурс өткізілетінін хабарлаймыз!
Логопед– 1 бірлік (150 000 тг)
Орналасқан жері - Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, М.Шорманов к-сі, 2 үй.
Электрондық пошталық мекен-жайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Телефон нөмірі–8(718)40 92518
Мерзімі – бос орын.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:жоғары білімді, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс- парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдай
ЖАЛҒАСЫ ⬇⬇⬇
|
4
Қараша
2025
|
Еліміз бойынша 232 жаңа мектеп салынуда
🇰🇿 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің білім беру саласында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – үш ауысымды оқыту мәселесін шешу, оқушы орындарының тапшылығы мен апатты мектептерді жою.
➡️ Толығырақ gov.kz сайтында
➖➖➖
🏗️ 232 новые школы строятся по всей стране
🇰🇿 По поручению Главы государства в Казахстане реализуются масштабные инфраструктурные проекты в сфере образования. Основная цель — решение вопросов трехсменного обучения, сокращение дефицита ученических мест и ликвидация аварийных школ.
➡️ Подробнее на сайте gov.kz

Күзгі эко акция – тиімді демалыс пен табиғатқа қамқорлық! 🌿
Мектеп парламенті мен мектептің жас мамандары оқушылардың күзгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында күзгі эко акция өткізді. 🌱
Акция барысында оқушылар мектеп аумағын тазалады.🌳✨
Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға, еңбекқорлық пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу.






