ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
10
Қыркүйек
2026

«Кітап – жан азығы» челленджіБалалар кітапханасы аясында ұйымдастырылған «Кітап – жан азығы» атты челленджге 2 «Ә» сынып оқушылары Мүбәрак Райана және Мүбәрәк Кәусар “Мақта қызбен мысық”ертегісімен белсене қатысты. 📖✨Кітап оқу – білімнің бастауы, рухани байлықтың негізі!
Балаларымыздың кітапқа деген қызығушылығы арта берсін!

9
Қыркүйек
2026

Бүгін 5 «А» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында оқушылардың мектепке және жаңа оқу ортасына бейімделуі, тәртібі, оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы және сыныптағы өзара қарым-қатынасы жөнінде маңызды мәселелер қаралды.
Сонымен қатар ата-ана мен сынып жетекшісі арасындағы өзара байланыс, оқушыларға қолдау көрсету және алдағы оқу-тәрбие жұмыстары бойынша пікір алмасылды.
Өткізген 5 “А” сыныбының сынып жетекшісі: А.Д.Шақырман

10
Қыркүйек
2026

5 «Ә» сыныбында ата-аналар жиналысы өттіМектебімізде 5 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кезекті жиналыс болып өтті. Жиналыстың басты мақсаты — бастауыш сыныптан орта буынға қадам басқан оқушылардың жаңа ортаға бейімделу кезеңін талқылау және мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысты нығайту. Мектеп пен отбасы бірлескенде ғана бала тәрбиесі жемісті болмақ!

9
Қыркүйек
2026

Мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің сенбі күнгі бос уақыттарын қамту. Тәрбиешілер: Айнагулова Б.Б, Манзулова Д.Ж

10
Қыркүйек
2026

Ата- аналармен жұмыс атқару аясында 09.09. 2026 жылы 5-ші сынып оқушыларының ата - аналарымен балалардың оқудың жаңа жағдайларына психологиялық бейімдеу мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Бейімдеу кезенінің ерекшеліктері талқыланды:
- 5- ші сынып оқушыларының эмоционалдық күйлері мен уайымдары;
- ⁠балаларды қолдауда ата- ананың рөлі;
- ⁠ата- аналар тарапынан көмек көрсету жолдары.

8
Қыркүйек
2026

Отбасы күніне арналған іс- шара барысында 9-сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасы – басты құндылық» тақырыбында пікірталас өтті. Іс-шараға заңгер Сейткулов Жанат Жақыбайұлы қатысып, оқушылармен мазмұнды әңгіме жүргізді.Пікірталас барысында отбасының адам өміріндегі маңызы, отбасылық құндылықтар, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, өзара сыйластық пен жауапкершілік мәселелері талқыланды. Заңгер оқушыларға отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіріп, өмірлік жағдайларға байланысты пайдалы кеңестер берді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті және көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Пікірталас барысында оқушылар отбасының қоғамдағы маңызды рөлін түсініп, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеудің маңызын ұғынды. Өткізген А.А.Жуматова, Ж.Ш.Сарбасова

1

10
Қыркүйек
2026

09.09.2026ж. мектеп психологы А.Жуматова ата- аналармен “Ата-аналар да шаршайды” тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында ата- ананың эмоционалдық жағдайы, ата- аналық қажу, ішкі ресурстарды қалпына келтіру және балалармен жылы қарым- қатынасты сақтау мәселелері талқыланды. Балаға қамқорлық ең алдымен өзіне қамқорлық жасаудан басталатынын, кейде ата- анаға бір сәт аялдап, терең тыныстап, өз жан дүниесіне үңілу маңызды екені айтылып, практикалық кеңестер берілді.

7
Қыркүйек
2026

Отбасы күніне орай мектеп психологы А.А. Жуматова 11сынып оқушыларымен “Салауатты қарым- қатынас” тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында оқушылар өзара түсіністік пен сыйластықты қалыптастыру, жеке шекараны сақтау және өзгелердің шекарасын құрметтеу, эмпатия мен тыңдай білу мәдениет дағдыларын практикалық түрде көрсете білді.

© 2026. Все права защищены.