ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
17
марта
2026

Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз-Мәдениет және салт-дәстүр күніне орай халқымыздың
«Қазақтың салт-дәстүрлері: Қырқынан шығару және Тұсау кесер» тақырыбында тәрбие сағаты өтті 🇰🇿

Оқушылар халқымыздың көнеден келе жатқан асыл мұраларымен танысып, олардың мән-мағынасын түсінді. Қырқынан шығару – сәбидің өмірге бейімделуінің алғашқы кезеңін білдірсе, тұсау кесер – баланың тәй-тәй басқан қадамына ақ жол тілеу дәстүрі.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – ұрпақ тәрбиесінің негізі ✨

13
марта
2026

 Назарбаев Университетінде ашық дәріс өтті

Nazarbayev University Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің алаңында ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысуымен «Жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру жүйесін трансформациялау» тақырыбында ашық дәріс өтті.

Дәріс барысында жас ғалымдар мен магистранттар орта білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары мен қазіргі білім беру үрдістері туралы министрмен еркін пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.

Министр білім беру жүйесін жаңғыртудағы конституциялық реформалардың маңызын атап өтіп, бастауыш және орта білімнің міндеттілігі елдің болашақ дамуы үшін маңызды екенін айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы және білім беру саласын цифрландыру бағытындағы бастамалар туралы айтылды.

Бүгінде «Qazaq Digital Mektebi», «QazTech» жобалары арқылы оқушылардың цифрлық білім беру траекториясы қалыптасып келеді. Ал «ChatGPT Edu» жобасы аясында 200 мыңнан астам мұғалім жасанды интеллект құралдарын меңгеріп, өздерінің ЖИ-ассистенттерін құруға мүмкіндік алады.

Дәріс соңында жас ғалымдар жасанды интеллект этикасы, мектепке дейінгі білім сапасы және оқулықтарды жаңарту мәселелері бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді.

✨ Министр ғылыми қауымдастықты білім беру реформаларын бірге дамытуға шақырды.

13
марта
2026

Бүгін мектебіміз үшін маңызды әрі тағылымы мол тарихи сәттердің бірі орын алды. «Мектепке тағзым» игі дәстүрі аясында білім ордамызда ұзақ жылдар бойы шәкірт тәрбиелеп, саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған ардагер ұстаз Марқама Тағайқызы Тағаеваның есіміне арналған «Математика» кабинетінің ашылу салтанаты өтті.
Бұл игі бастама – ұрпақтарының ардақты анаға, аяулы ұстазға деген құрметі мен туған мектепке деген шынайы тағзымының жарқын көрінісі. Ұстаз есімін мәңгі есте қалдыру, оның еңбегін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында ашылған жаңа кабинет – білім мен тәрбиенің ордасына айналары сөзсіз.
Сонымен қатар, кабинет заманауи құралдармен толықтырылып, интербелсенді панель, ноутбук және принтер сыйға тартылды. Бұл – білім алушылардың сапалы білім алуына, заманауи технологияларды пайдалана отырып сабақ өткізуге жасалған үлкен қолдау.
Салтанатты шара барысында Тағаева Марқама Тағайқызы атындағы «Математика» кабинетінің тұсаукесер лентасын қию құрметі мектебіміздің ардагер ұстазы Рымтай Капарқызы Алдамбековаға және мектебіміздің үздік аттестатқа үміткер оқушысы Мұхтарова Тоғжанға берілді. Бұл сәт шараға қатысушылар үшін ерекше толқынысқа толы, мәні терең сәттердің бірі болды.
Іс-шараның қорытынды сөзінде Марқама Тағайқызының ұлы Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы мен келіні Мукушева Айтжамал Тұрсынқызы сөз алып, анасының ұстаздық жолы, адамгершілік қасиеттері мен шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі туралы жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Осындай игі істер арқылы ұстазға деген құрмет пен мектепке тағзым дәстүрі жалғасын тауып, ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі көрініс табуда. Жаңа ашылған кабинет талай шәкірттің білім жолындағы үлкен жетістіктеріне бастау болсын!

13
марта
2026

ЖЕТІСТІК!

2026 жылғы 10–12 наурыз күндері Екібастұз қаласында өткен үстел теннисінен XIII жазғы Қазақстан оқушылары гимназиадасында 10-сынып оқушысы Балтабек Іңкәр Павлодар облысының U-17 құрамасы сапында өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орын иеленді 🥉
Жаттықтырушысы: Салыков А.
Жас спортшымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!

6

13
марта
2026

Көрісу күні – Амал мерекесі құтты болсын! 🤝

Бүгінгі көрісу күні – адамдардың бір-бірімен амандық сұрап, ақ тілектерін арнап, өкпе-ренішті ұмытып, жүректерді жақындататын ерекше күн.

Әр шаңыраққа бақ-береке, молшылық пен қуаныш тілейміз.
Дендеріңізге саулық, өмірлеріңізге шаттық, жүректеріңізге жылулық толсын!

Бір жасыңызбен! Жылымыз берекелі, ырысты болсын! 

6
марта
2026

Бүгін мектебіміздің ӘКЕЛЕР клубының мүшелері «Сезім көктем» облыстық челленджі аясында «Тәрбие табалдырықтан» бағыты бойынша белсенді түрде қатысты.
Мектебіміздің әкелері ұжымға шын жүректен шыққан тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар аналарды,әжелерді жалпы қыздар қауымын мерекемен құттықтап, тәттілер ұсынып, ерекше көңіл күй сыйлады.
Бұл игі шара – отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың, әкенің бала тәрбиесіндегі маңызды рөлінің айқын көрінісі болды. Осындай кездесулер ұрпақ тәрбиесінде бірлік пен сыйластықты арттыра түсетіні сөзсіз.

Әкелер клубының белсенді мүшелеріне зор алғысымызды білдіреміз!

13
марта
2026

«Наурызнама» – жалпыұлттық онкүндігі 🌷

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында елімізде «Наурызнама» жалпыұлттық онкүндігі аталып өтеді. Бұл күндер – ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, бірлігімізді нығайтып, жақсылық пен ізгілікке үндейтін ерекше мерекелік кезең.

Онкүндік барысында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін түрлі игі бастамалар, мәдени шаралар, спорттық ойындар мен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Әр күннің өзіндік мәні бар, ол халқымыздың салт-дәстүрі мен рухани байлығын насихаттауға бағытталған.

Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, татулық пен берекенің мейрамы. Осы мерекелік күндер әр шаңыраққа қуаныш, молшылық және құт-береке әкелсін!

12

6
марта
2026

Облыстық «Сезім көктем» 8-наурыз – Халықаралық әйелдер қарсанында 2ә-сынып оқушылары да белсенділік танытты.
🌹2ә-сынып оқушылары өздерінің ,ардақты аналары мен аяулы әжелерін мерекемен құттықтап, оларға деген құрметтері мен сүйіспеншіліктерін білдіріп, әжелеріне гүлдерін сыйлап, мерекені жылулық пен қамқорлықпен толықтырды.
💐Бұл марафон арқылы оқушылар отбасы құндылықтарын дәріптеп, үлкенге деген сыйластықтың маңызын көрсетті.

© 2026. Все права защищены.