|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
12
Қазан
2026
|
- Қаралды: 22
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ! 🔬🌍Мектебімізде жаратылыстану апталығының салтанатты ашылуы өтті.Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздарға жаратылыстану ғылымдарына қатысты қызықты сұрақтар қойылып, олардың білімдері мен тапқырлықтары сыналды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды.Мақсаты – оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, қоршаған ортаны тануға ынталандыру және ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту.Табиғатты танып, ғылымды зерттеп, білім көкжиегін бірге кеңейтейік!🔬🌍Мектебімізде жаратылыстану апталығының салтанатты ашылуы өтті.Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздарға жаратылыстану ғылымдарына қатысты қызықты сұрақтар қойылып, олардың білімдері мен тапқырлықтары сыналды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды.Мақсаты – оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, қоршаған ортаны тануға ынталандыру және ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту.Табиғатты танып, ғылымды зерттеп, білім көкжиегін бірге кеңейтейік!
|
12
Қазан
2026
|
- Қаралды: 24
2 «А» сыныбында тәрбие сағаты өттіШ.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында 2 «А» сыныбында тәрбие сағаты өткізілді.Тәрбие сағаты барысында оқушыларға тәрбиелік мәні бар тақырыптар түсіндіріліп, адамгершілік құндылықтар мен жақсы қасиеттерді бойға сіңіру туралы ой қозғалды. Оқушылар өз пікірлерін білдіріп, белсенділік танытты.

|
9
Қазан
2026
|
- Қаралды: 28
“Кітап оқитын ұлт”марафонына қатысушы 6а-сынып оқушысы Дүйсен Алижан.
|
12
Қазан
2026
|
- Қаралды: 23
Ойынға салауатты көзқарас — жарқын болашақ кепілі! ✨
Бүгін 5 «Ә» сыныбында «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбында тағылымды сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар компьютерлік және мобильді ойындардың пайдасы мен зиянын талқылап, виртуалды әлем мен шынайы өмір арасындағы теңгерімді сақтауды үйренді.
Балалар пайдалы интеллектуалды ойындарды таңдау, уақытты тиімді басқару (тайм-менеджмент) және гаджеттерге тәуелділіктен арылу жолдары туралы өз ойларын ортаға салды. Сынып сағаты өте қызықты әрі пікірталас форматында өтті! Уақытымызды пайдалы істерге арнайық! 💪💻
Өткізген: сынып жетекшісі Г.Е.Сайрамбек
|
9
Қазан
2026
|
- Қаралды: 26
“Кітап оқитын ұлт” Марафонына қатысушы 7б-сынып оқушысы Басар Аруна
|
12
Қазан
2026
|
- Қаралды: 23
«12 ай – 12 кітап» жобасы аясында📖 Қазан айындағы кітап оқу челленджі!Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 5 «А» сынып оқушысы Серік Зарина Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі»повесін оқыды.Шығармада соғыс жылдарындағы балалардың ауыр тағдыры, балалық шақтың қиындығы, төзімділік пен үміт тақырыптары көрініс табады. Аянның тағдыры арқылы оқырман адамгершілікті, қайсарлықты және қиындыққа мойымауды түсінеді.Кітап оқу – рухани байлықтың кілті! Әрбір оқылған кітап баланың ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын молайтады.Мақсатымыз – кітап оқитын, ойы ұшқыр, рухани бай ұрпақ тәрбиелеу!
|
9
Қазан
2026
|
- Қаралды: 30
12ай-12кітап жобасы аясында 3а-сынып оқушысы Садакова Алуа “Мақтақыз бен мысық” қазақ ертегісін қазан айы бойы оқыды







