ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
5
Қазан
2026

Мектебімізде Ұстаздар күніне орай ұстаздар мен мектеп қызметкерлеріне арналған мерекелік концерт өтті.
Мерекелік шара барысында ұстаздарға деген ыстық ықылас пен жүрекжарды алғыстар айтылып, оқушылар тарапынан әндер шырқалып, билер биленіп, әсерлі қойылымдар ұсынылды.
Ұстаз – шәкірт жүрегіне білім нәрін сеуіп, болашағына бағыт-бағдар беретін ұлы тұлға. Осы айтулы мерекеде барша ұстаздарымызға еңбектеріңіз жемісті, шәкірттеріңіз биіктен көрінсін деген ізгі тілегімізді білдіреміз!
Ұстаздар күні құтты болсын!
Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!

30
Қыркүйек
2026

Әркімнің өмірінде ерекше орын алатын, жүректе өшпес із қалдырған мұғалімдер болады.
8 “ә” сынып оқушылар есіңде ерекше сақталған, өмірге әсер еткен ұстаздармен бөліскен.Келе жатқан ұстаздар күні құтты болсын! Өлшеусіз еңбектеріңіз бен төзімділіктеріңіз үшін, әр оқушының жүрегіне білім шырағын жағып, өмірге жолдама бергендеріңіз үшін басымызды иеміз.

30
Қыркүйек
2026

Күзгі асар» жәрмеңкесі аясында 5 «А» сынып оқушысы Серік Зарина әкесімен бірге экологиялық қалдық заттарды қайта пайдаланып, ерекше макет жасады.
Қарапайым қалдықтарды кәдеге жаратып, әсем әрі мазмұнды жұмыс жасау – табиғатты қорғауға деген жауапкершіліктің көрінісі.

30
Қыркүйек
2026

1 қазан – Қарттар күніне орай 5 «А» сынып оқушылары сынып жетекшісі А.Д. Шақырманмен бірге ардақты әжеміз Достаева Рымтай Ишановнаның шаңырағына арнайы барып, ақжарма тілектерін арнап, мерекесімен құттықтап қайтты.
Балаларымыз әжемізге жылы лебіздерін білдіріп көңілін көтерді.
Қарияларымыздың батасы мен өнегесі – кейінгі ұрпаққа жол көрсететін асыл мұра. Үлкенді құрметтеу, ізет көрсету – ұрпақ тәрбиесінің ең маңызды құндылықтарының бірі.
Қариясы бар үй – қазыналы үй.
Ардақты Рымтай Ишановнаға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен мол қуаныш тілейміз!

1
Қазан
2026

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мектебімізде «Асыл жандарға – алғысымыз шексіз» тақырыбында мерекелік концерт өтті.
Шараға мектебіміздің ардагер ұстаздары, аяулы ата-әжелеріміз қатысып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Кеш барысында оқушыларымыз жүрекжарды құттықтауларын жеткізіп, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Әрбір өнер нөмірі – үлкенге деген құрмет пен ыстық ықыластың көрінісі болды.
Ардагер ұстаздарымызға – саналы ғұмырларыңыз бен ұрпақ тәрбиесіне сіңірген өлшеусіз еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз!
Ата-әжелерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!
Қариясы бар үйдің – қазынасы бар.
Асыл жандарымыз әрдайым ортамызда аман-есен жүре берсін!

30
Қыркүйек
2026

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА ТАҒЗЫМ! 🌿Қарттар күніне орай 7–8 сынып интернат тәрбиеленушілері ардақты Абдығомар атамыз бен Социал әжемізді мерекелерімен құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді. ❤️Жас ұрпақ үлкендерге ізет көрсетіп, ақ батасын алды. Ақсақалдың батасы мен әженің ақ тілегі – ұрпаққа берілген үлкен өнеге, рухани қазына.

30
Қыркүйек
2026

7-сынып тәрбиеленушілерімен «Күзгі баққа саяхат» тақырыбында сынып сағаты таза ауада, табиғат аясында өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға және аялауға тәрбиелеу, күз мезгілінің ерекшеліктерін бақылау арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Сабақ барысында тәрбиеленушілер күзгі табиғатты тамашалап, ағаштар мен өсімдіктердің өзгерістерін бақылап, табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. Табиғатты таза ұстау, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау жөнінде тәрбиелік әңгіме жүргізілді.
Таза ауадағы саяхат оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, табиғатпен жақын қарым-қатынас жасауына мүмкіндік берді. Сынып сағаты қызықты әрі әсерлі өтті.тақырыбында сынып сағаты таза ауада, табиғат аясында өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға және аялауға тәрбиелеу, күз мезгілінің ерекшеліктерін бақылау арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Сабақ барысында тәрбиеленушілер күзгі табиғатты тамашалап, ағаштар мен өсімдіктердің өзгерістерін бақылап, табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. Табиғатты таза ұстау, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау жөнінде тәрбиелік әңгіме жүргізілді.
Таза ауадағы саяхат оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, табиғатпен жақын қарым-қатынас жасауына мүмкіндік берді. Сынып сағаты қызықты әрі әсерлі өтті.

© 2026. Все права защищены.