ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
9
Қазан
2026

8-10 сынып оқушыларына арналған “Жас экорепортер” облыстық экологиялық конкурсында 9 а сынып оқушысы Жанатқызы Аққу 3 дәрежелі диплом иеленді. Жетекшісі: Рахимтаев Е.Б

5

 

7
Қазан
2026

Мектебіміздің білім беру саласына сіңіріп жүрген еңбектері еленіп, математика пәнінің мұғалімі Маханова Гаухар Мажитовна және биология пәнінің мұғалімі Смагулова Карлығаш Интықпаевна Білім беру басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.Ұстаз еңбегі – шәкірт жетістігімен өлшенетін үлкен жауапкершілік пен тынымсыз ізденісті қажет ететін мәртебелі жол.Әріптестерімізді осы лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!
Шәкірттеріңіз биік белестерді бағындырып, әрбір жетістіктеріңіз еселене берсін!Марапаттарыңыз құтты болсын!

2

 

8
Қазан
2026

Психикалық денсаулық онкүндігінде байланысты мектеп психологы А.Жуматова оқушылармен “Психологпен үзіліс” атты ойындар жүргізді.

6
Қазан
2026

Жылдық жоспарға орай 8 сынып интернат тәрбиеленушілерімен “Кітап-ақылдың кеніші” атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, ойлау және сөйлеу дағдыларын дамыту. Мылтықбай Т.Ж.

1

8
Қазан
2026

“Кітап оқитын ұлт марафонына қатысушы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сакенова Ғалия Тоқбаевна

5
Қазан
2026

Ардақты да аяулы ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз-Мұғалімдер күнімен 6 «Ә» сынып оқушылары шын жүректен құттықтайды!
Сіздерге зоp денсаулық, сарқылмас қуат, отбасыларыңызға береке және шығармашылық табыс тілейміз! Мәртебелеріңіз әрдайым биік, шәкірттеріңіздің жетістігі сіздерді мерейлі етсін!
Ізгі тілекпен: 6 «Ә» сыныбы және сынып жетекшісі Д. К. Шитова.

8
Қазан
2026

Кітапхана жоспарына сәйкес
«12 ай – 12 кітап» жобасы аясында 3-сынып оқушыларымен "Ертегілер әлемі "" атты қызықты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар кітап оқуға қызығушылықтарын арттырып, оқыған шығармалары бойынша өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, кітап кейіпкерлерін талдау, сұрақ-жауап, пікір алмасу және шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды.
Өткізілген іс-шара оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, олардың оқу сауаттылығын, ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамытуға бағытталды. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдері мен әсерлерін ортаға салды.

5
Қазан
2026

5 «А» сыныбында «Таза сынып – өзіңнен баста!» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға тазалық пен тәртіптің маңызын түсіндіру, өз сыныбына деген жауапкершілігін арттыру және қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар тазалық туралы ойларын ортаға салып, сыныпты таза ұстаудың қарапайым ережелерімен бөлісті. Сонымен қатар әр оқушы тазалықты өзінен бастау керектігін түсінді.
Таза сынып – таза орта!
Тазалық – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!
5 «А» сыныбы
Сынып жетекшісі: А.Д. Шақырман

7
Қазан
2026

Бүгін мектебіміздің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубында ерекше әрі маңызды іс-шара өтті. Салтанатты жиында 10-сыныптың 15 түлегі клубпен қоштасып, өздерінен кейінгі буынға ақ жол тіледі. Ал 6-сыныптың 17 оқушысы «Жас сарбаз» қатарына қабылданып, Отанға адал қызмет етуге, елін сүюге және патриоттық рухты биік ұстауға ант берді. Салтанатты жиынның құрметті қонақтары: Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ахаев Төлеген Канатович, Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Омаров Аслан Бүркітұлы, Аудандық қоғаныс бөлімінің орынбасары Макаров Нурбол Серікұлы, мектеп-интернат басшысы Досмагамбетова Салтанат Сейтжановна.Ұрпақ сабақтастығын жалғаған бұл мерекелік күн жас сарбаздардың жүрегіне жауапкершілік, тәртіп және елжандылық қасиеттерін ұялатты. Түлектерімізге жарқын болашақ тілеп, жаңа қабылданған жас сарбаздарға сәттілік пен биік белестер тілейміз!
Үйірме жетекшісі: Тұрсынбай Ануар Серікұлы🇰🇿 Отанға қызмет ету – әр азаматтың қасиетті борышы!

 

5
Қазан
2026

Мектебімізде Ұстаздар күніне орай дәстүрлі «Дублер күні» ұйымдастырылды.
Бұл күні 11 сынып оқушылары бір сәтке ұстаз рөлін атқарып, сабақ беріп, білім мен тәрбиенің жауапкершілігін сезінді.
«Дублер күні» барысында оқушылар сабақ өткізуге дайындалып, өздерінің көшбасшылық, шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті.
Аталған іс-шара оқушыларға ұстаз еңбегінің қаншалықты маңызды әрі жауапты екенін түсінуге, мұғалім мамандығына деген құрметін арттыруға мүмкіндік берді.

© 2026. Все права защищены.