|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
17
Қыркүйек
2026
|
- Қаралды: 84
«Дос болайық» жобасы аясында сынып сағаты өткізілді
7-сынып тәрбиеленушілері арасында «Дос болайық» жобасы аясында сынып сағаты ұйымдастырылды. Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, бір-бірін сыйлауға, түсінуге, қолдауға және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар достықтың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, өзара сыйластық пен татулықтың құндылығын түсінді. Түрлі қызықты тапсырмалар мен ойындар арқылы оқушылар бір-бірін жақынырақ танып, достық қарым-қатынасты нығайтты.
Сынып сағаты барысында «Бірлік бар жерде – тірлік бар» қағидасы негізге алынып, оқушыларды әрдайым бір-біріне құрметпен қарап, қиын сәтте қолдау көрсетуге шақырылды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар оқушылардың арасында достықты қалыптастырып, сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды нығайтуға ықпал етеді. Достық – сыйластықтан, түсіністіктен және өзара қолдаудан басталады!
Өткізген: А.К.Стеуменова
|
14
Қыркүйек
2026
|
- Қаралды: 100
Құрметті оқушылар!
Ауыл мектептерінің 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаға тіркелу басталды!
📅 Тіркелу мерзімі: 2026 жылғы 14-20 қыркүйек
🌐 Өткізу платформасы: https://smart.daryn.kz/
📍 Олимпиаданы өткізу жөніндегі нұсқаулық ресми сайтта қолжетімді.
🤝 Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
smart.daryn.kz

|
16
Қыркүйек
2026
|
- Қаралды: 84
Бүгін мектебімізде Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен 1 «А» сынып оқушыларына арналған көңілді үзіліс өтті. 🥳
Кішкентай бүлдіршіндер үзіліс уақытын қызықты ойындар, көтеріңкі көңіл-күйде өткізді.
Мақсаты: оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, көңіл-күйін көтеру, белсенділікке баулу және мектеп оқушылары арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
|
12
Қыркүйек
2026
|
- Қаралды: 94
ОТБАСЫ — БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ! 💐
📸 Отбасы күніне орай мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиеленушілері өздерінің сүйікті отбасыларымен бірге түскен жүрекжарды фотосуреттерін ұсынды.

|
16
Қыркүйек
2026
|
- Қаралды: 255
«12 ай – 12 кітап» оқырманға ұсынылады!
Осы тізімдегі шығармаларды 2–5, 6–7, 8–9 және 10–11 сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне сәйкес оқиды.
Әр айда — бір кітап, жыл соңына дейін — 12 кітап! 📖✨
Кітап оқу арқылы білімімізді арттырып, ой-өрісімізді кеңейтейік!
Кітап оқиық, білімді болайық!

|
11
Қыркүйек
2026
|
- Қаралды: 96
«Кітап – жан азығы» челленджіБалалар кітапханасы аясында ұйымдастырылған «Кітап – жан азығы» атты челленджі. Кітап оқу – білімнің бастауы, рухани байлықтың негізі!
Балаларымыздың кітапқа деген қызығушылығы арта берсін!
|
16
Қыркүйек
2026
|
- Қаралды: 81
8 сынып интернат тәрбиеленушілерімен “Бір сынып-бір команда”атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылар арасындағы достық пен сыйластықты нығайту, ынтымақтастық пен ұйымшылдықты арттыру, бір-біріне деген бауырмалдық сезімдерін қалыптастыру. Тәрбиеші: Мылтықбай Т.Ж.
|
11
Қыркүйек
2026
|
- Қаралды: 115
Отбасы күніне орай «Саналы ата-ана болу» жобасы бойынша ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған мектеп-интернатының тәрбие жұмысы тұжырымдамасына сәйкес ата-аналармен консультативтік және ағартушылық жұмыстары өткізілді.
Мектеп- интернатының педагогикалық - психологиялық қолдау қызметінің психологтары ата-аналардың алаңдаушылық деңгейін төмендету, «мінсіз ата-ана» стереотипін жою және эмоционалдық қажу үшін өз-өзін кінәлау сезімін жеңу; өзін-өзі қолдаудың нақты құралдарын меңгеру және жеке энергетикалық тепе-теңдікті қалпына келтірудің тиімді әрі қауіпсіз тәсілдерін үйрену мақсатында «Ата-аналар да шаршайды» тақырыбында практикалық отбасылық сабақ; ата-аналардың тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрі мен салдары туралы психологиялық-құқықтық сауаттылығын арттыру, баланың эмоционалдық саулығы мен қауіпсіздігін камтамасыз етудегі отбасының рөлін түсіндіру және зорлық-зомбылықсыз психологиялық қолайлы отбасылық орта қалыптастыруға бағыттау мақсатында «Қорқынышсыз балалық шақ» тақырыбында ата-аналармен кездесулер;
Ата-аналардың сандық (цифрлық) сауаттылығын арттыру, интернет пен гаджеттердің бала дамуына тигізетін қауіп-қатерлерінің алдын алу және онлайн-кеңістікте баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде отбасылық бақылау мен сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында «Телефондағы отбасы: баланың киберқауіпсіздігі» атты ақпараттық сабақ ұйымдастырылды.
Өткізген педагог-психологтар: Молдасарина Г.К.
Шәріп Н.Н.
|
15
Қыркүйек
2026
|
- Қаралды: 86
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында мектеп ұжымына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектеп ұжымына жоба аясында атқарылатын жұмыстар таныстырылып, оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуға қызығушылықты арттыру және оқырмандық белсенділікті дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігі айтылды.
|
11
Қыркүйек
2026
|
- Қаралды: 90
10.09.2026 оқу жылында 6 “А” сыныбының ата-аналармен жиналыс өтті. Күн тәртібінде: ата-аналар комитетін сайлау, ұйымдастыру кездері, басқа да мәселелері қойылды. Мектеп психологы А.Жуматова “ Ата -аналар да шаршайды” тақырыбында сөз сөйледі. Ата- ана болу- үлкен жауапкершілік , күнделікті тұрмыстық шаруалар, шешімдер, уайымдар, отбасыға қамқорлық жасау. Дегенмен де осы міндеттердің арасында өзіңізді де ұмытпау маңызды. Кездесу барысында ата - ана неліктен шаршайды, эмоционалды сарқылуды қалай тануға болады, неліктен өзіңізге демалуға мүмкіндік беру маңызды мәселелеріне тоқталып мәлімет берілді.
Сынып жетекшісі: К.А.Жетписбаева







