ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
13
Қазан
2025

Мектебімізде жаңа мектеп президенті ант қабылдады!
Бүгін мектебіміз үшін ерекше күн болды! 🏫
Жаңа сайланған мектеп президенті — Жанатқызы Аққу салтанатты түрде ант қабылдап, өз міндетіне ресми түрде кірісті. 🇰🇿🎓
🔹 Президентіміз мектеп оқушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға,
🔹 Ұйымдастырушылық іс-шараларға белсене қатысуға,
🔹 Жауапкершілікпен, адал қызмет етуге уәде берді.
Бұл — жаңа бастамалардың, тың идеялардың және жарқын жобалардың бастауы болмақ! ✨
Жаңа президентімізге табыс, шабыт және зор сенім артамыз! 💪

8
Қазан
2025

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне төмендегідей бос орынға қабылдау бойынша конкурс өткізілетінін хабарлаймыз!
Педагог-ассистент– 1 бірлік (166 000 тг)
Орналасқан жері - Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, М.Шорманов к-сі, 2 үй.
Электрондық пошталық мекен-жайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Телефон нөмірі–8(718)40 92518
Мерзімі – бос орын.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:жоғары білімді, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс- парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдай
ЖАЛҒАСЫ ⬇⬇⬇

13
Қазан
2025

🟣 Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Павлодар облысының білім беру басқармасының бастамасымен ерекше бағыттағы «Ұлттық Style» жобасы өз жұмысын бастады!

🟡 Жобаның мақсаты – ұлттық киім мен мәдениетті заманауи стильмен үндестіре отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және ұлттық рухты дәріптеу.

📅 Әр айда жаңа тақырыппен жалғасады/келесі сурет/

🟤 Ұлттық құндылықтар мен эстетиканы ұлықтайтын бұл игі бастамаға белсенді қатысуға шақырамыз!

🇰🇿 Ұрпақ тәрбиесінде ұлт рухын көтерер жобаның берері мол!

14

8
Қазан
2025

8 қазан күні мектепте кезекті “Мектеп президентті” сайлауы болып өтті. Сайлау алдында осы лауазымға 4 кандидат өз өтініштерін берді, яғни «Жас Ұлан» ББЖҰ-нің мүшелері 6-9 сынып оқушылары Дәулетқан Айшуақ, Мыңғыш Адия, Жанатқызы Аққу, Сәрсенбай Айнар
қатысты. Кандидаттар өзінің сайлау алдындағы науқанды бағдарламамен таныстырып, алдағы жылда жасайтын жұмыс жоспарын нақты көрсетті. Сайлауға: 5-11 сынып оқушылары, мұғалімдер, қатысты. Сайлауды 3 адамнан құралған сайлау комиссиясы өткізді, яғни «Жас Ұлан» ББЖҰ-нің мүшелері: сайлау комиссиясының төрайымы Шақырман Айдана Дүйсембайқызы, сайлау комиссиясының мүшесі: Сәрсенбай Нұрсая, Қаппас Камила, Жастілек Рахман, Дауыс беру қорытындысы бойынша 8 сынып оқушысы Жанатқызы Аққу 48% ең көп дауыс жинап, мектеп президенті болып сайланды.

✅Мектеп президенті-
Жанатқызы Аққу

10
Қазан
2025

Халық қаһармандары мен Қазақстанның Еңбек ерлерімен тағылымды кездесу🇰🇿
Мектебімізде Қазақстанның Еңбек ерлері және Халық қаһармандарымен әсерлі кездесу өтті.

Мәжіліс залында өткен шарада
ұлттың мақтанышына айналған тұлғалар өздерінің өмірлік жолы мен баға жетпес тәжірибесін, елге адал қызмет етудің мәнін жас ұрпақпен бөлісіп, тағылымы мол ой-толғамдарымен бөлісті.

Тәрбиелік мәні зор бұл кездесуге мектебіміздің 10–11-сынып оқушылары қатысты

Халық қаһарманының өмір жолы – ерлік пен адалдықтың, ел мен жерге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Ардақты қонақтарымыз оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, ел болашағы — жас ұрпақтың білімді, адал, еңбекқор әрі Отанын сүйетін нағыз патриот болуға тиіс екенін ерекше атап өтті.

Бұл кездесу — жас буынға жігер беріп, елжандылық рухын оятқан естен кетпес сәтке айналды.

🇰🇿 Батырларымыздың өнегелі өмірі – ұрпаққа үлгі!

6
Қазан
2025

🥇 Жеңіс – еңбектің жемісі!
Мектебіміздің оқушылары“AUYLSPORT-2025” Павлодар облысында өткен өңірлік турнирінде үстел теннисінен 14 жасқа дейінгі ұлдар арасында 6 “Ә” сынып оқушысы Балтабек Саян ІІ орын , жаттықтырушысы Ә.Б.Салыков,

11 жасқа дейінгі шахмат жарысынан 5 “Ә”-сынып оқушысы Мусакаева Азалия ІІ орынды иеленді.Шахмат үйірмесінің жетекшісі: Н.Ж.Айтмагамбетов

Жас спортшыларымызға жарқын болашақ, толағай табыс тілейміз!

9

10
Қазан
2025

“Күзгі баққа саяхат” атты сынып сағатында 6-сынып тәрбиеленушілерімен табиғатты тамашалап,серуендеп қайтты. Мақсаты: Табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын
насихаттай отырып,оны аялауға,сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға үйрету.
Өткізген сынып тәрбиешісі: А.К.Стеуменова

7- сынып интернат тәрбиеленушілерімен “Кітап -ақылдының кеніші”атты шағын орталық кітапханаға саяхат. Тәрбиеші: Мылтықбай Т.Ж.
Орталық кітапхана қызметкерлері: Жумабаева А.А.
Арыстанбекова Б.А.

11-сынып оқушыларымен “Мамандық таңдаудың маңыздылығы “ атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты Оқушыларға мамандықтың өмірдегі орнын түсіндіру; саналы түрде мамандық таңдауға бағыт беру;Өз қызығушылығы мен қабілетін үйрету;Еңбек сүйгіштікке, мақсатқа ұмтылуға тәрбиелеу.
11 сынып тәрбиешісі: Ж.Т.Садакова

10

6
Қазан
2025

6”ә”-сыныбы “Алтын күз” табиғат аясына серуенге шықты.Сынып жетекшісі:Р.М.Айтимова
7 “Ә”сыныбы жол жүру ережесі бойынша танымдық сынып сағатын өткізді. Сынып жетекшісі: Ж. Ж.Успанова

7

9
Қазан
2025

4 - 5 сынып тәрбиеленушілерімен “Күзгі баққа саяхат”.
Мақсаты; таза ауада демалып, дене шыңықтырып, орманда серуендеу.
Тәрбиешілері: Б.Б.Айнагулова, Ж.С.Сейтова.

6
Қазан
2025

1”А” сынып оқушыларымен “Ұстаздар күні”тақырыбында жоспарға сай сынып сағаты өткізілді.
1 “Ә” сыныбында “Кітап-білім бұлағы” атты сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Зарыкхан Гульнар
2 “Ә” сынып оқушыларымен “Ұстаздар күні”тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: А.К. Ахметова

4

© 2025. Все права защищены.