ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
22
Қыркүйек
2026

Табиғатқа қамқорлық – әрқайсымыздан басталады! Мектебімізде табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында экологиялық акция ұйымдастырылды. Акция барысында оқушылар белсенділік танытып, аумақты қоқыстан тазалап, металл, пластик қайта өңдеуге болатын қалдықтарды жинады. Бұл – жай ғана тазалық жұмысы емес, табиғатқа деген жауапкершілікті сезінуге, еңбекке баулуға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға бағытталған маңызды қадам. Таза табиғат – жарқын болашақ! Қалдықты сұрыпта – табиғатты қорға! Эко-Life – бізбен бірге табиғатты қорғайық!

18
Қыркүйек
2026

22
Қыркүйек
2026

«Тоғыз тағдыр» деректі фильмі көрсетілді«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында мектебіміздің оқушыларына «Тоғыз тағдыр» деректі фильмі көрсетілді.Фильмде адам өміріндегі маңызды таңдау, қабылданған шешімдердің салдары, заң талаптарын сақтау және әрбір іс-әрекетке жауапкершілікпен қарау мәселелері қамтылды.Көрсетілім барысында оқушылар құқықтық сауаттылықтарын арттырып, заң мен тәртіпті құрметтеу, қауіпсіздікке мән беру және жауапты шешім қабылдаудың маңыздылығы жөнінде ой түйді.

18
Қыркүйек
2026

3-4 сынып интернат тәрбиеленушілері мен жылдық жоспарға сай “Қауіпсіз балалық шақ: өз құқығымды білемін, өз қауіпсіздігімді қорғаймын!” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға бала құқықтары мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру, қауіпсіз және қауіпті жағдайларды ажырата білуге үйрету, қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдап, сенімді ересектерден көмек сұрауға дағдыландыру, мектептегі және интернеттегі қауіпсіздік ережелерін бекіту,
қауіпті жағдайда әрекет ету алгоритмін үйрету,
бір-бірінің құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Өткізген: А.О.Садыкова
Н.М.Амирова

24

21
Қыркүйек
2026

Жылдық жоспарға сәйкес өткізілген тәрбие сағаттары
2026–2027 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес 1 а, 1 ә, 2 а сыныптарында жоспарланған тәрбие сағаттары жүйелі түрде өткізілуде.

25

 

17
Қыркүйек
2026

 «Кітап оқитын ұлт»
Мектебімізде 6–10 сынып оқушылары арасында «Кітап оқитын ұлт» жобасына тіркелу жұмыстары жүргізілді.
Жобаға оқушылар белсенділік танытып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын білдірді. 📖✨
Кітап — білімнің қайнар көзі, ой-өрісті кеңейтетін, рухани дамуға жол ашатын құндылық. Оқушыларды кітап оқуға баулу — білімді әрі саналы ұрпақ қалыптастырудың маңызды қадамы.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Кітап оқиық, білімді болайық! 

17

 

21
Қыркүйек
2026

Бүгін 5 «А» сыныбында «Қақтығыс жағдайындағы қарапайым қадамдар»тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға қақтығыс жағдайларын дұрыс шешу жолдарын үйрету, бір-бірін тыңдауға, түсінуге, сабырлы қарым-қатынас жасауға және өз ойын мәдениетті түрде жеткізуге бағыттау. Сабақ барысында оқушылар түрлі ойындар мен қызықты жаттығуларға белсенді қатысып, жағдаяттарды талдап, өз пікірлерін ортаға салды. Әр тапсырма арқылы оқушылар қақтығыс кезінде ашуға берілмей, мәселені бейбіт жолмен шешудің қарапайым қадамдарын меңгерді. Тәрбие сағаты соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс берді. Балалар үшін өзара сыйластық, түсіністік пен сабырлылықтың маңызы ерекше екені байқалды.
Сынып жетекшісі: А.Д.Шақырман

17
Қыркүйек
2026

«Кітап оқитын ұлт»
Мектебімізде 6–10 сынып оқушылары арасында «Кітап оқитын ұлт» жобасына тіркелу жұмыстары жүргізілді.
Жобаға оқушылар белсенділік танытып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын білдірді. 📖✨
Кітап — білімнің қайнар көзі, ой-өрісті кеңейтетін, рухани дамуға жол ашатын құндылық. Оқушыларды кітап оқуға баулу — білімді әрі саналы ұрпақ қалыптастырудың маңызды қадамы.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Кітап оқиық, білімді болайық!

18
Қыркүйек
2026

Мектепалды даярлық “Ә” сыныбының “Көңілді 10 минуттық үзіліс…” көңілді сергіту, ақыл-ойды дамыту және зейінді арттыруға арналған ойындарды ойнату барысы
Сынып жетекшісі: А.И.Жулеуова

17
Қыркүйек
2026

«ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін мектебімізде 7–11 сынып оқушыларына арналған «Дін және жастарды тәрбиелеу. Деструктивті идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру» тақырыбында ақпараттық семинар өткізілді.
Семинар барысында оқушыларға діннің қоғамдағы орны, діни сауаттылықтың маңызы, жастардың әлеуметтік желілердегі ақпаратты дұрыс қабылдауы және деструктивті діни идеологиялардың алдын алу мәселелері түсіндірілді.
📌 Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың діни сауаттылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін қалыптастыру, күмәнді ақпарат пен жалған діни түсініктерді ажырата білуге бағыт беру.
💬 Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Жастардың саналы таңдауы мен қауіпсіз ақпараттық ортасын қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет!

© 2026. Все права защищены.