|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
11
Қыркүйек
2026
|
- Қаралды: 90
«Кітап – жан азығы» челленджіБалалар кітапханасы аясында ұйымдастырылған «Кітап – жан азығы» атты челленджі. Кітап оқу – білімнің бастауы, рухани байлықтың негізі!
Балаларымыздың кітапқа деген қызығушылығы арта берсін!
|
10
Қыркүйек
2026
|
- Қаралды: 85
СҰРАҚ-ЖАУАП» АЙДАРЫ ӨТТІ! 🎤
Бүгін мектебіміздің Мектеп парламенті үзіліс уақытында оқушыларға арналған қызықты «Сұрақ-жауап» айдарын ұйымдастырды. 🏫✨
Іс-шара барысында оқушыларға сұрақтар қойылып, жауап алды.
Мектеп парламенті – оқушы үні мен белсенділігінің алаңы!
|
11
Қыркүйек
2026
|
- Қаралды: 93
«Бәрін таста, кітап оқи баста!» — үзілісте оқу сағаты 📚
Мақсаты: оқушылардың үзіліс уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

|
10
Қыркүйек
2026
|
- Қаралды: 84
«Кітап – жан азығы» челленджіБалалар кітапханасы аясында ұйымдастырылған «Кітап – жан азығы» атты челленджге 2 «Ә» сынып оқушылары Мүбәрак Райана және Мүбәрәк Кәусар “Мақта қызбен мысық”ертегісімен белсене қатысты. 📖✨Кітап оқу – білімнің бастауы, рухани байлықтың негізі!
Балаларымыздың кітапқа деген қызығушылығы арта берсін!
|
11
Қыркүйек
2026
|
- Қаралды: 96
Кітап оқу – үлкен өзгерістің алғашқы қадамы!
Кітапхана аясында бастаған «Кітап-жан азығы» челленджі бойынша оқушыларымызбен бірге кітап оқуды қолға алдық.
Оқушылардың жаз мезгілінде оқыған кітаптары бар, ал кейбірі қазіргі таңда өздері таңдаған шығармаларды оқуды жалғастырып келеді. Басты мақсатымыз – балаларға телефонның орнына кітап ұстатып қана қоймай, оқыған шығармаларын бірге талқылауға, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік беру.
Қазіргі таңда баланы кітапқа қызықтыру оңай емес екені рас. Дегенмен, оқушының қолына кітап ұстатып, оның оқығанын тыңдап, пікірін бөлісуге жағдай жасаудың өзі – үлкен істің алғашқы қадамы деп ойлаймын.
Сондықтан бұл бастаманы бар күш-жігерімізді салып жалғастыра береміз. 💪📖
Бүгін – алғашқы бет, ертең – жақсы әдет. Ал алдағы мақсатымыз – кітап форумында өз ойларын еркін айтып, оқыған шығармаларын талқылайтын, кітапты серік еткен оқырман ұрпақ қалыптастыру!
|
10
Қыркүйек
2026
|
- Қаралды: 87
5 «Ә» сыныбында ата-аналар жиналысы өттіМектебімізде 5 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кезекті жиналыс болып өтті. Жиналыстың басты мақсаты — бастауыш сыныптан орта буынға қадам басқан оқушылардың жаңа ортаға бейімделу кезеңін талқылау және мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысты нығайту. Мектеп пен отбасы бірлескенде ғана бала тәрбиесі жемісті болмақ!
|
10
Қыркүйек
2026
|
- Қаралды: 231
Интернат тәрбиеленушілерімен жатақхана ішіндегі тәртіпті сақтау, асхана, жуынатын бөлме және ойын алаңдарында қауіпсіздік ережелерін орындау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Тәрбиеленушілерге жатақхана бөлмелерінде тазалық пен тәртіпті сақтау, дәліздерде жүгірмеу, асханада өзін дұрыс ұстау және ыстық тағамдармен абай болу, жуынатын бөлмеде тайып құлап қалудан сақтану, ойын алаңында қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде ескертулер берілді. Сонымен қатар өзара сыйластықты сақтау және белгіленген тәртіпті орындау қажеттілігі түсіндірілді.

|
10
Қыркүйек
2026
|
- Қаралды: 85
Ата- аналармен жұмыс атқару аясында 09.09. 2026 жылы 5-ші сынып оқушыларының ата - аналарымен балалардың оқудың жаңа жағдайларына психологиялық бейімдеу мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Бейімдеу кезенінің ерекшеліктері талқыланды:
- 5- ші сынып оқушыларының эмоционалдық күйлері мен уайымдары;
- балаларды қолдауда ата- ананың рөлі;
- ата- аналар тарапынан көмек көрсету жолдары.
- Қаралды: 84
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Отбасы – бізден басталады!» атты отбасы апталығының ашылуына орай интернат тәрбиеленушілері арасында «Салауатты отбасы – жарқын болашақ!» атты флешмоб ұйымдастырылды.Флешмобтың басты мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарын дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты нығайту, спортпен шұғылдануға қызығушылықтарын арттыру және отбасымен бірге белсенді өмір салтын ұстануға шақыру.Сонымен қатар оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, мейірімділікке, өзара сыйластыққа және отбасы мүшелерін құрметтеуге тәрбиелеу көзделді.Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күймен флешмобқа қатысып, өз өнерлерін көрсетті. 💪❤️
Ұйымдастырушылар: тәрбиешілер.Салауатты отбасы – бақытты отбасы!
Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!
|
10
Қыркүйек
2026
|
- Қаралды: 82
09.09.2026ж. мектеп психологы А.Жуматова ата- аналармен “Ата-аналар да шаршайды” тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында ата- ананың эмоционалдық жағдайы, ата- аналық қажу, ішкі ресурстарды қалпына келтіру және балалармен жылы қарым- қатынасты сақтау мәселелері талқыланды. Балаға қамқорлық ең алдымен өзіне қамқорлық жасаудан басталатынын, кейде ата- анаға бір сәт аялдап, терең тыныстап, өз жан дүниесіне үңілу маңызды екені айтылып, практикалық кеңестер берілді.






