ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
10
Сәуір
2026

Республикалық “Таза Қазақстан” акциясы аясында Түлектер аллеясы – игі дәстүр
Мектебімізде 11-сынып түлектерінің қатысуымен “Түлектер аллеясы” атты игі шара өтті. Шара барысында түлектер мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, туған білім ордасына деген құрметі мен алғысын білдірді. 🌱
Бұл бастама – табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны көгалдандыруға бағытталған маңызды іс. Оқушылар отырғызған әрбір ағаш – олардың мектеппен байланысты естелігі мен болашаққа қалдырған ізі.
Түлектер аллеясы – жас ұрпақты табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа және туған мектебін қадірлеуге тәрбиелейтін мағыналы шара болды. 🌳

10
Сәуір
2026

12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай тәрбие сағаты өтті
12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай мектебімізде танымдық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушыларға ғарыш әлемі туралы мағлұмат беру, ғылымға қызығушылығын арттыру және ғарышкерлердің ерлігі мен еңбегін насихаттау.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар ғарыш туралы қызықты деректермен танысып, ғарышкерлердің өмірі мен жетістіктері жайлы мәлімет алды. Сонымен қатар Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері туралы айтылып, олардың ғылым мен ел дамуына қосқан үлесі түсіндірілді.
Оқушылар тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Мұндай шаралар жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттырып, ғылымға ұмтылуына жол ашады.

32

10
Сәуір
2026

12 сәуір — адамзат тарихындағы ерекше күн. 1961 жылы дәл осы күні кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин алғаш рет ғарышқа ұшып, Жерді айналып шықты. Бұл оқиға ғылым мен техниканың үлкен жетістігі болып, жаңа дәуірдің басталуына жол ашты.
Қазақстан үшін де бұл күннің маңызы зор. Себебі әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағы біздің елімізде орналасқан. Сонымен қатар қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер — Тоқтар Әубәкіров, кейіннен Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов сияқты батырлар ғарышты бағындырды.
Мектепалды “Ә” сыныбында осы тақырыпқа арналған тәрбие сағаты өтті. Өткізген сынып тәрбиешісі Б.З.Ибадуллина

9
Сәуір
2026

Республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша:
– Мүшайра бағыты бойынша
🥇 І орын – Қайрат Бекарыс
Жетекшісі: Ахатов Танат Куанович
– Ғылыми жоба бағыты бойынша
🥈 ІІ орын – Оспанова Камила
Жетекшісі: Альжанова Кенжегуль Балтажановна

30

10
Сәуір
2026

Жазушы, драматург, әдебиеттанушы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының бөлімі “Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов” музейінің меңгерушісі ҚУАТ ҚИЫҚБАЙ ҚАЗЕЗҰЛЫНЫҢ қатысуымен Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ-ның акт залында аудан орталығындағы білім ошақтарының 10-11 сынып оқушыларына арналған “ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ - ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ” атты танымдық дәріс өткізілді.

Биылғы жылдың мерейтой иесі, Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл.

Қайым Мұхамедханов - қазақтың көрнекті ғалымы, абайтанушы, шәкәрімтанушы, текстолог, ақын, жазушы және қоғам қайраткері.

Дәрісті тәмәмдап, Қуат Қазезұлы Ш.Айманов атындағы мектеп жанынан құралған мұражайды тамашалады.

9
Сәуір
2026

Таза Қазақстан – баршамызға ортақ іс!
“Таза Қазақстан” акциясын насихаттау мақсатында мектебіміздің кіші қызметкерлері сенбілікке шығып, мектеп ауласын тазалау жұмыстарына белсене атсалысты. Тазалық жұмыстарында аула ретке келтіріліп, айнала қоршаған ортаның таза әрі көрікті болуына үлес қосылды.
Тазалық – мәдениеттің белгісі. Әрбір азамат табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстауға жауапкершілікпен қарауы тиіс.

10
Сәуір
2026

Тәрбиешілер апталығы аясында
4–5 сынып оқушылары арасында
«Салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану» тақырыбында
ашық сабақ ұйымдастырылды.

Сабақтың мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру, денсаулықты сақтауға деген жауапкершілікті арттыру.

Тәрбиешілер:
Айналгулова Б.
Молдабекова А.
Сейтова Ж.

9
Сәуір
2026

«Туған жерге тарту еттім ән мен жыр» аудандық байқауының қорытындысы:
🥇 І орын – Серік Ділназ
Жетекшісі: Адамбекова Адина Бауыржанқызы
🥈 ІІ орын – Өмірбек Рамазан
Жетекшісі: Сакенова Галия Токпаевна
🥈 ІІ орын – Григорий Раиса
Жетекшісі: Шитова Дидар Кузаировна

26

© 2026. Все права защищены.